// «Жамбыл - Тараз» // №36 (1324), 7 қыркүйек 2016 Жыл //
АйнА
11
кейде әлдекімнің есімі есіңе түссе, еріксіз езуіңе күлкі үйіріліп,
кездесе кетсең, жерден жеті қоян тапқандай өз-өзіңнен қуанып
кетесің. Ондай адамның өмірде бар болғанының өзі жүрегіңді
жылытып жібереді. себебі жасандылықтан ада, сәбидей сенгіш.
сол қасиетімен - биік, сол пейілімен - құнды. Және сол баладай
аңғал қылығының арқасында басынан өткен хикаялары ел
аузында жүретіндер бар. бақытжан советұлы сондай адам. Ол –
сөз сойылын сатираға қадап, міндет-мақсатын журналистикаға
артқан жан.
қаламында
сатИраның салмағы
құралай СЕЙСЕНБЕКқЫзЫ
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі
ауылында ғұмыр кешкен Әлімқұловтар
әулетіне ақын-жазушылар жиі ат басын
бұрып, осы шаңыраққа жиі қонақ бола-
тын. Айтары алдаспандай жарқылдап,
сөздің асылын тізіп отыратын ақын-
жазушылардың бала санасына берері
көп болды. Қазақстан Жазушылар
Одағының мүшесі, балалар ақыны
Совет ақсақал ұлы Бақытжанды әдебиетке
баулып, кітапқа деген сүйіспеншілігін
оятады. Бала Бақытжан сөйтіп мектеп
табалдырығында-ақ алғаш ата-ана,
Отан, туған жер туралы шумақтарын
жаза бастайды. Алайда, жазғандары
көңілінен шыға қоймағандықтан ешкімге
көрсетпейді. Кейін ер жеткен соң,
ҚазМУ-дың журналистика факультетін
таңдайды. Көзінің тірісінде кітап оқуға
құмарлығын арттыруға атсалысқан
Совет әке ұлының қолына қалам
алғанын көргенде қуанышы шексіз
болыпты. Ал дүниеден өткен әкесіне
деген сағынышын, перзенттік пары-
зын ақ қағазға сыйдырып, бүгінде әке
құрметіне кітап құрастырып шығарған
ұл, жүрегінің әкеге деген асқақ сезімінің
биігінде тұрғанын бір дәлелдеп тастады.
Студент атанып, ауылдан алыстаған
ұлдың аңғалдығын алғаш курстасы
Ермахан Шайхыұлы байқап қалады. Жас
жігіттің қылықтарын қызық көріп, газет
беттеріне жариялай бастайды. Бақытжан
да қарап қалмай, оған жауап жазып, са-
тира жанрының алғашқы баспалдағына
алғашқы қадам осылай жасалады.
Ал, Бақытжан Советұлының еңбек жолы
- өз алдына бір төбе. Республикалық «Са-
нат» баспасында редактор, «Ара-Шмель»
сықақ журналында фельетонист болып
қызмет атқарып жүріп те кәсібіне, қала
берді қаламына деген адалдықтың айқын
үлгісін көрсете білді. Осы қасиетінің
арқасында шығармашылық ауылынан
бір қадам алыстамай, «Қазақстан ұлттық
арнасы» мен «Қазақстан-Тараз» телеар-
наларында 25 жыл бойы жемісті еңбек
етіп келеді.
Қаламы қарымды журналист ағаның
бүгінде жазған өлеңдері мен сықақтары
республикалық, облыстық басылымдарда
жиі жарияланып жүр. «Күйеу келтір,
қыз ұзат, тойыңды қыл», «Көксандық
күмбірі», «Мен де бірдеңе дейінші»,
«Ерін туралы ертегі» атты кітаптары
жарыққа шықса, «Бұл мен ғой» атты
жазбасы алдағы уақытта оқырманға жол
тартпақ.
Бақытжан ағаның бірқағарларын оқып
отырып, еріксіз езу тартасың. Ерлі-
зайыпты әріптестердің өзара тілдесуін
суреттеп, айна-қатесіз алдыңа қояды.
«Қайтіп келетініңді ұмытпа!»
бірқақпайында:
Директор әйелінің қарамағында
істейтін күйеуіне:
– Бүгін үйге нан алып қайтуды ұмытпа.
– Мен осы кіммін, сенің күйеуіңмін
бе, жоқ па?
– Үйде - күйеуімсің, ал мекемеде-
жұмысшымсың. Бар, айтқанды орында!
– Қап, қазір үйге келерсің.
- Сен де ертең жұмысқа қайтып
келетініңді ұмытпа!- депті бастық әйелі.
Ал «Лажсыздық» жазбасында:
Журналист түннің бір уағында жедел
жәрдемге хабарласады.
– Алло, дәрігер, өтінемін, тезірек
ж е т і ң і з ш і , к і ш ке н т а й қ ы з ы м
қаламсабымды жұтып қойды.
– Не дейді! Енді не істеп отырсыз?
– Не істеуші едім, лаж жоқ,
қарындашпен жазып отырмын,-деп
жауап берген журналистің соншалықты
бейғамдығына таңданасың, әрі қылығы
адам санасын қытықтайды. Әрине,
өмірде болуы мүмкін емес оқиға. Алайда,
жұмысбасты журналисті автор осылай
келемеждесе керек.
Әзіл-әжуаға қалам тартып жүрген са-
тирик Бәкең бүгінде балалар әдебиетін
қолға алуды көздеп жүр. Жергілікті ба-
лалар жазушылары Әлдихан Қалдыбай,
Асқаржан Сәрсек, Көсемәлі Сәттібай
ағаларымыздың һәм өз әкесінің ізімен
бүлдіршіндерге арнап біршама жазбала-
рын да дайындап қойыпты. Балғындарға
арнап жазған «Күшігім» өлеңі балабақша
немесе бастауыш сынып оқушысының
көңілін дөп басары сөзсіз.
Күшігім менің шәуілдеп,
Жанымда ылғи жүреді.
Малды көрсе жыны кеп
Артынан қуып үреді.
Өзі тіпті ақылды-ақ,
Жерден тамақ ішпейді.
Бөтен келсе жақындап,
Балағынан тістейді.
Метаграмма жанрында жазған
жұмбақтары да бүлдіршіндерді бір сәт
ойландырып қоюға таптырмайтын тәсіл.
Мысал келтіре кетер болсақ:
Егер «Ж»-дан бастасаң,
Жаның шығар ауырып.
«Ж»-ны алып тастасаң,
Ұшып кетем сауығып. (ЖАРА-АРА)
Егер «Т»-дан бастасаң,
Құзым да бар, шыңым бар.
«Т»-ны алып тастасаң,
Балық ұстап алыңдар. (ТАУ-АУ)
Әке жолын қуған ұл алдағы уақытта
балаларға арнап тың дүниелер ұсынуды
жөн көріп жүргенін айтты. Ал сатира-
сы сайрап тұрған қаламгердің өзі де
әлдекімнің күлкілі жазбасының кейіпкері
болып, жүргені қызық көрінді. Осы
мәселе төңірегінде сөз қозғап:
- Сіз туралы күлкілі әңгіме көп. Сон-
дай әңгімелерді таратып жүргендерге
ренжімейсіз бе?- дедім әңгіме бары-
сында.
- Жоға. Ол әңгіме біреуге ой са-
лып немесе өзіне керегін алып жатса
нұр үстіне нұр емес пе? Мен әдейі
аңқауланып қалмаймын. Ондай болғым
да келмейді. Тек шынайы, өз образым
солай. Сондықтан болмысымды әзілге
айналдырып жүрген достарыма өкпе-
ренішім жоқ,- деді Бақытжан аға.
Кетіп бара жатып баладай аңғал ағаға
барлай қарадым. Маңдайына түскен екі
сызаттан өзге әжім көрінер емес. Ердің
жасы елуге кеп қалғанына сенгің де
келмейді. Бәлкім, жүрегі таза адамға
қарттық та қарсы қадам баспады ма деп
қалдым... Айналасына шуақ шашып,
күндей күлімдеп, өзгелерге де күлкі
сыйлап жүретін бала болмысыңызды
жоғалтпаңыз. Бар болыңыз, аға!
құрметті «Жамбыл-тараз» газетінің оқырмандары!
сіздерге көптеген кісілер телефон арқылы өз ой-
пікірлерін жеткізіп жатты, бұл ой-пікірлер 21-тамыз
2016 жылы, қаладағы нан сатылатын дүкендерде бір
бөлке нан - 65 теңге, бір дана батон - 90 теңге, бір
дана жұдырықтай қара нан - 100 теңгеден жоғары
болуына қатысты.
нанның сапасы сын көтермейді
Қазақта «Ас атасы-нан» деген ұлағатты сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан.
Нан - қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, қанша нәрлі болғанымен,
жалығады. Ал, бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, зерікпейді,
жалықпайды.
Дастарқаныңыз берекелі болсын десеңіз, үйіңізге ырыс кірсін десеңіз,
отырған адамдардың ықылас-пейілі өз шаңырағыңызға аусын десеңіз, алдымен,
дастарқаныңызға нан қоюды ұмытпаңыз. Өйткені, жай нанның өзінде пенделердің
көзіне көрінбейтін адамдарды тартатын қасиет бар.
Академик Төрегелді Шарманов нан және азық-түлік бағдарламасында ұнға,
ас-тұзға йод қостыру мәселесін күн тәртібіне енгізген еді. Бұл мәселе «зоб»,
«бұқақ» ауруларының алдын алу және оны азайтудың бірден-бір жолы. Аталған
мәселені күннен-күнге көп мән бермей келеміз бе деп ойлаймын. Ауылшаруашылық
департаменті, «Қаз - Агро» және облыс әкімшілігі, яғни жауапты тұлғалар нанның
қымбаттауының бірден-бір себебі үш жақты меморандумның мерзімі біткен деп
түсіндіреді.
Ал қала халқының, әсіресе зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы ата-аналар,
жұмысқа жарамайтындар бар ақшаларын дәрі-дәрмекке жұмсап, тек нанмен күн
көріп отырғандар қаншама?
Осындай жағдайды біле тұра, жоғарыдағы жауапты кісілер бұл мәселені ертерек
шешу керек еді. Сатылып жатқан нанның сапасы сын көтермейді. Біріншіден, нан тез
кебеді. Екіншіден, нанды бөлген кезде ол тез ұнтақталып, майдаланып кетеді. Сөздің
реті келгенде айтпаса, сөздің мәні мен сәні кетеді. Тандыр нан (лепешканың) бағасы-
60,80,120 теңге және сыртқы-ішкі көріністеріне көңіл толмайды.
Біздің, яғни зейнеткерлердің, еңбек ардагерлерінің, жалпы қала халқының атынан
айтарым - сатылып жатқан нан және азық-түліктер таза, сапалы, салмағына сай, жақсы
пісірілген (піскен) дәмді болуы керек және осы аталған көрсеткіштерге қарай бағасын
белгілеу дұрыс болады деп ойлаймыз.
Сау саламатта болыңыздар!
С. САДУОВ,
қарт еңбек ардагері.
негізі адам баласы өзін, қоршаған ортасын таза ұстауы қажет екені
көпшілікке белгілі. қазіргі кезде қаламызда көлік түрлері де, оның саны
да көбейді. Әрине көліктің көбейгені халықтың әлеуметтік жағдайының
жақсарғаны шығар. алайда, одан шығатын шаң-тозаңның, түтіннің ауаны
ластайтынын, экологияны бұзатынын ұмытпағанымыз абзал.
дүрбелең мына дүниені қайың көзімен бір көрші...
Тек қана өз көлігімізді, ауламызды ғана емес, көпшілік
қоғамдық орындардың, жұмыс орнының, қала көшелерінің
тазалығын, көгалдандырылуын да ойлауымыз керек.
Көгалдандырусыз тазалықты елестету қиын. Таза ауа мен
тазалық, аула мен көшелерге отырғызылған ағаштармен болмақ.
Қаламызда бұрыннан егілген талдар, гүлдер баршылық. Оларды
күнделікті арнайы қоғамдық жұмысшылар суғарып, қырқып,
әртүрлі күтім жасауда. Олардың еңбегін көшеде ары-бері өткенде
көпшілігіміз немқұрайлылықпен, аянышпен қарайтынымыз
шындық. Десекте, көптеген хадистерде пенденің жасаған ама-
лына берілетін сауапты ағашпен бейнелейді екен. Мәселен, бір
хадисте: «Мұсылманның еккен ағашынан біреу жесе де- садақа,
ұрласа да - садақа, одан жануарлар қоректенсе де - садақа, құстар
шұқыса да - садақа» дейді. Мұның мазмұнында жерді абаттанды-
ру және көшет отырғызып көгалдандыру қаншалықты қоршаған
ортаға қажет екендігі, қоғамға пайдалы екендігі қарапайым
тілмен меңзеп тұр.
Күздің алғашқы айы кіріп, қаламыздың аумағын абаттан-
дыру мен санитарлық тазарту жұмыстары басталды. Бүгінде
оқушылар мен студенттер жазғы демалыстан, ал жұмыс жа-
сайтындар еңбек демалысынан келіп, көшеде серуендейтіндер
саны көбеюде. Осы кездерде қоқысты күл-қоқыс жәшігіне
салу, банкоматтан алған қағазды жерге тастай салмау, ішкен
сусын ыдысын жол бойына лақтыра салмау, көшеде пісте
шақпау сияқты қарапайым жағдайларға шынайы қарауымыз
қажет. Бұл жерде айта кететін жайт, байқасаңыз күл-қоқыс
жәшігі қаланың көптеген көшелерінде аз қойылған немесе
жоқтың қасы. Содан көпшілігіміз жол бойы жеген тағамының
қағазын және қабығын жүрген жерінде тастап жүре беретініміз
бар. Сондықтан ағаштың түбі мен көлеңкесін ластап кетушіге,
көшеге күл-қоқыс тастау, табиғатты ластау, ағын суды кірлетуге
жол бермей, айналамыздың тазалығына көңіл бөлуіміз керек.
«Тазаланған жер таза болмайды, тазалықты сақтаған жерде
тазалық болады» деген сөз бар.
Жалпы қаланың ауасын тазалайтын, көшелерін көрікті
ете түсетін және саябақтарда көлеңке беріп тұратын түрлі
ағаш түрлері бар. Қоршаған ортамыздың ауасын таза ұстауда,
қаламыздағы саябақтардың сәнін келтіріп, серуен құрып
жүрген қарттар мен балалардың саялайтын орны да осы
көлеңкелі ағаштар емес пе? Сонымен қатар адам тұрмысына,
құрылыс және өндіріс саласында да ағашты пайдалану жол-
дары көп. «Бір тал кессең, он тал ек», деп қазақ атамыз бекер
айтпаған. Сондықтан ағаштарды кесіп өз қажетімізге жарата
отырып, басқа ағаш отырғызумен орнын толтырып отырмасақ,
табиғатымызға аса зор зиян тигізеріміз анық. Ертеден қалған
мынандай тәмсіл бар. «Баяғыда бір патша жұрт танымасын
деп қарапайым шаруаның киімін киіп алып, ел аралап келе
жатып, көшет отырғызып жатқан қарияны кездестіреді. Пат-
ша қариямен амандасып: Ақсақал, бұл ағаш жеміс салғанша
біраз жыл қажет емес пе? - деп қарттың өзі отырғызған
ағашының жемісін жей алмайтындығын меңзейді. Сонда қарт
байсалдылықпен: Аталарымыз отырғызған ағаштың жемісін
біз жедік, біз отырғызғанды немерелеріміз жейді, - деп жауап
қатты. Қара басын емес, болашақ ұрпақты ойлаған ақсақалға
тәнті болған патша, нөкеріне ымдап: Күміс теңгелі қалташаны
бер, - деді. Сабырлылығынан еш танбаған қария: Әу, балам!
Менің отырғызған ағашым жеміс бере бастады, дейді. Қарттың
даналығына сүйсінген патша тағы бір қалта теңге ұсынады.
Қария болса: Менің ағашым жылына екі рет жеміс салды, деді.
Дана ақсақалмен бірер уақыт сұхбаттас болған патша сарайына
барған соң, әрбір бала үшін бір көшет отырғызылсын, - деп үкім
беріпті. Сонда байқасаңыз осыдан кейін егілген талдарға да
данышпан қария себепші болып отыр.
Сағынтай ТӘТТІБАЕВ,
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың
аға оқытушысы.
Редакцияға хат
кӨкейкесТі
12
// «Жамбыл - Тараз» // №36 (1324), 7 қыркүйек 2016 Жыл //
Өңірдің белсенді жастары өткір де өзекті мәселені бірлесіп
шешпек.
тіл ИнспекцИясы
іске кірісті
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
Аталмыш инспекцияның мақсаты-
үкіметтік емес ұйымдары, ұлттық
компания, кәсіпорын, жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктері мен акционерлік
қоғамдары секілді мемлекеттік емес
мекемелердің қызметіне сыртқы
көрнекі ақпарат, жарнама, деректемелер
тілі, кіріс-шығыс, бухгалтерлік-есеп,
қаржы-статистикалық және техниалық
құжаттарды мемлекеттік тілде жүзеге
асыру бағытында мониторинг жасау.
Бұл шаралардың іске асырылуына облыс
әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының
қ ол д ау ы м е н « Жа ң а - Р у » ж а с т а р
коалициясының қауымдастығы заңды
тұлғалар бірлестігі мұрындық болмақ.
Қоғамдық тіл инспекциясының құрамына
заң саласының қызметкерлері, үкіметтік
емес ұйымдар, партия қызметкерлері мен
өзге де азаматтық қоғам институттарының
өкілдері, жоғары оқу орындарының
«Қазақ тілі және әдебиеті», «Филоло-
гия», «Құқықтану» мамандықтарының
оқытушылары мен БАҚ өкілдері
енгізілген. Олар алдағы уақытта облыс
орталығы мен Талас, Сарысу аудандары
бойынша 200-ге жуық мемлекеттік емес
мекемелердегі тілдік нормаларға сәйкес
келмейтін заң бұзушылықтарға мони-
торинг жасайтын болады. «Жаңа-Ру»
жастар коалициясының қауымдастығы
заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы,
қалалық мәслихаттың депутаты Серікбол
Берікқожаның айтуынша, инспекцияның
алға қойып отырған басты міндеті тәуелсіз
мониторинг жүргізу арқылы мемлекеттік
емес мекемелерге көмек көрсету,
яғни инспекцияның құрамындағы тіл
саласының мамандары іс-қағаздарының
жүргізілуін «Тіл» туралы заңға негіздеп,
оларға қол ұшын созбақ ниетте.
- Біз тікелей тексеретін орган емеспіз.
Тікелей тексеруге құзіреттілігіміз
жетпегендіктен тәуелсіз түрде мони-
торинг жүргіземіз. Өзіміздің жұмыс
жоспарымызға сәйкес, бізде бекітілген ме-
кемелерге арнайы мамандар, оның ішінде
тіл мамандар арнайы барып көмектесетін
болады. Біз әуелі мекемелерге хат арқылы
шығып, олардың рұқсаттарымен ғана
зерделеу жұмыстарын жүргізе ала-
мыз. Мемлекеттік тілдің кең ауқымда
қолданылуын жария ету, насихаттау және
мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,
мәртебесін көтеру, қоғамның барлық сала-
сына енгізу бойынша жұмыстар жүргізу
біздің басты мақсатымыз болып отыр, -
деді ол. Ал облыс әкімдігі тілдерді дамыту
басқармасының мемлекеттік және ұлттық
тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы
Нұрбану Молдабекованың айтуынша,
аталған инспекция ешқандай тексеріс
жүргізбейді, тек зерделеу жұмыстары
арқылы мемлекеттік емес мекемелердің
іс-қағаздарын біріздендіруге, тілдік
нормалардың сақталуына әдістемелік
көмек көрсететін болады.
2016 жылдың і жартыжылдығында
Жамбыл мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру департаментіне жеке және
заңды тұлғалардан 63 өтініш тіркелген.
Оның 25-і жеке тұлғалардан, ал 38-і
заңды тұлғалардан түскен.
Жемқорлықпен күрес –
жалпыға ортақ іс
Елбасының тапсырмасымен 2015-2025 жылдарға арналған Сыбай-
лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы әзірленіп, Президент
Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілген.
«Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы
шығуы тиіс. Жемқорлық - жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің
тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген
тікелей қатер болып табылады», - деп атап айтқан болатын Елбасы.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыттарының бірі - оның
алдын алу болып табылады. Осы мақсатта Жамбыл мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс
қимыл» туралы Заң ережесі мен талаптарын орындау және мемлекеттік
қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақталуы жөнінде келесі
жұмыстар жүргізілді.
Департаменттің көрсетілген заңның бағдарламасын іске асыру бойын-
ша ағымдағы жылдың қаңтар айында Департаменттің қызметкерлеріне
Қазақстан Республикасының Заңнамаларын түсіндіру мақсатында жалпы
құқықтық оқыту жоспары мен 2016 жылдың 20 мамырында Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы
бойынша департаментімен келісіп, бекітілген іс-шаралар жоспарына сай:
- Әрдайым заңнамаларды ұғындыру жұмыстары арнайы саладан
дәріскер шақыртылып, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет тура-
лы», «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін», «Мемлекеттік
қызметкерлердің Әдеп кодексін» және басқа да заңдарын ары қарай
оқып білу тақырыптары департамент қызметкерлерінің жалпы құқықтық
оқуымен жүргізіледі.
-Департамент қызметкерлері толығымен 2015 жылға табыстары жайын-
да 2016 жылдың 31 наурызына дейін декларация тапсырды;
-Департаменттің барлық қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті
органдарынан арнайы тексеруден өткен;
-Департамент қызметкерлері арасында туыстық қарым –қатынастар жоқ;
-мемлекеттік қызметкерлерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға
және шарушылық субъекттілерін басқаруға қатысуы рұқсат етілмегені
жөніндегі заң талаптары сақталуда;
-Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл
туралы» Заңына сәйкес, барлық департамент қызметкерлерінің өздеріне
қойылған шектеулер туралы міндеттемелеріне қолдары қойылған және
Әдеп кодексімен таныстырылған;
-департаменттің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері қызметке
тағайындалған соң заңда көрсетілген мерзімде ант қабылдаған;
-«Сенім телефондары» орнатылып, келген хабарларды тіркеу тәртібі
белгіленді және облыстық газеттерде жарияланып отырады;
- департаментте Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің
«Әдеп кодексі» екі тілде көрнекті түрде рәсімделіп, ілінген.
Департаментте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты
ұйымдастыруы, қабылдауы, тіркеуі және есепке алуы Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының 2015 жылғы
18 желтоқсандағы №147 Бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесіне сәйкес жеке және заңды
тұлғаның өтініші (жазбаша, ауызша, жеке қабылдаудан, электрондық
түрде) Департаменттің электронды құжат айналымын басқару жүйесіне
тіркеледі.
2016 жылдың І жартыжылдығында Департаментке жеке және заңды
тұлғалардан 63 өтініш тіркелген. Оның 25-і жеке тұлғалардан, ал
38-і заңды тұлғалардан түскен. Өтінішті қарау мерзімдері Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8-бабына
сәйкес жүргізіліп, барлық өтініш иелеріне жауаптары уақытылы берілген,
өтінішті қарау мерзімі бойынша арыз– шағымдар түскен жоқ.
Ғани қОЙБАҒАРОВ,
жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
департаментінің кадр жұмысы және құқықтық
қамтамассыз ету бөлімінің басшысы.
мейірімді жандарға
алғысым шексіз!
Жадыраған жаздың қызығына тоймаған балаларымыздың мектепке
барар уақыты да жақындаған сайын жаңа оқу жылына жап-жаңа киім
киіп, оқушы сөмкесін ұстап, дайын болып бару әр баланың арманы
екенін ана ретінде жақсы білемін. Тапқан табысы тек азық-түліктен ар-
тылмайтын көп балалы отбасыларына балаларын мектепке толығымен
дайындау оңай емес. Өмірде қайырымды адамдар көп, олардың
көмегін көріп жүрген тұрмысы төмен отбасылары да жетеді.Сондай
жандарға қол ұшын созу мақсатында қаламызда «Мектепке жол» ак-
циясы аясында өткізілген «Балаларға көмек берейік!» қайырымдылық
іс-шарасы менің отбасыма да қарайласты. Тараз қаласы №25 орта
мектептің 3-сыныбына баратын балам Есбергенов Дарынның мектепке
қажетті киім-кешегін, аяқ киімін, спорттық киімін, оқу құралдарын
алып беруге Жамбыл политехникалық колледжінің директоры, Тараз
қалалық мәслихатының депутаты Жанар Орынбаеваның көмегі тиді.
«Темір сырын отта танытады, адам сырын жоқта танытады», - демекші
жұмысбасты болғанына қарамастан біз сияқты көпбалалы отбасыларға
назар аударып, қол ұшын созған мейірімді жанға алғысым шексіз.
Достарыңызбен бөлісу: