Отбасы тәрбиесінің мақсаты: Тұлғаның бойында өмір жолында кездесетін қиыншылықтар мен бөгеттерді шыдамдылықпен жеңе алатындай, ересек өмірге тез әрі жеңіл бейімделуге мүмкіндік беретіндей, қасиеттерді қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесінің міндеттері: баланың өсуімен дамуы үшін, барынша толық жағдайлар жасау;
Отбасын құру мен сақтау, мұнда балаларды тәрбиелеу мен үлкендерге деген қарым-қатынас тәжірибесінің, атадан балаға жеткізіп отыру;
Жақынға көмек және балалардың өзін-өзі күту үшін қажетті және пайдасы қолданбалы дағдылар мен шеберліктерге үйрету;
Баланы өзін-өзі құрметтеуге үйрету;
Отбасының негізгі міндеттерінің бірі – жас ұрпақты жақын сезімдерге, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу, жауапкершілік , достық, ар – намыс сезімдері негізінен ошақ қасында қалыптасады.Ересек адамдар жеке бастарының өнегесімен жас баланың бойына осындай сезімдерді азаматтық парыздарды ұялатады. Әке – шеше және де басқа да ересектер жеткіншектерге сөзбен ғана емес, жеке бастарының өнегесімен , іс - әрекетінің үлгісімен ықпал жасайды. Отбасы шағын ұжым. Оның басшыларының мінез – құлқындағы олқылық бала бойына күйкі , тұрпайы сезім ұрығын ұялатады.Ата - аналар ұнамсыз жағдайларға тіпті уақытша болса да бой алдырмауға жол бермеуі тиіс. Өйткені күйкі көріністің ықпалы лезде тамыр жайып оның бойына мінез болып қалыптасуы ықтимал.
Отбасы, оның барлық тіршілігі, ата –ананың адамгершілік сенімі мен сезімі, олардың бір – бірімен қарым – қатынасы, айналасындағы адамдарға, қоғамға деген көзқарастары – осылардың бәрі балаларға терең әсер етеді.
Отбасы тәрбиесінің принциптері: Өсіп келе жатқан адамға ізгілік және жанашырлық көзқарас;
Балаларды отбасы өмірінде кең құқылы мүше ретінде қабылдау;
Отбасының қарым-қатынасындағы сенімділік және ашықтық;
Отбасының өзара қатынастарындағы тиімділік;
Үлкендердің өз талаптарын бірізділікпен қоя білуі;
- Балаға қолдан келген қолдан келген көмекті аямай, оның барлық сұрақтарына жауап беруге дайын болу;
Отбасы тәрбиесінің мазмұны барлық бағыттарды қамтиды:экономикалық, адамгершілік, еңбек, дене, экология, этика және т.б. Отбасы негізінде балаға деген махаббат жатыр. Бұл махаббат соқыр болмауы тиіс.