Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан әрекеттері. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін.Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі.
Дәстүрлі
қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері.
Қазіргі
бұрынғы салт-дәстүрлерді ұстанады, бірақ сол ұстанымдарда өзгерістер бар.
Тәрбиелі
отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады.
Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата – анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері – атасы мен әжесі болады.
Толық емес отбасы-бұл ата-ананың біреуінің ғана болуы. Мұның себебі ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы, ажырасу немес некесіз туылған бала, жалғыз басты әйелдің біреудің баласын асырап алуы т.б. Мұндай типтегі отбасы әлеуметтік тиімсіз, сапасыз.
Отбасының белгілі бір бөлігі баласыз, аз балалы, көп балалы отбасыны құрайды.
- Бір балалы отбасы. Мұндай отбасылар қалада 53,6%, ал ауылдық жерде 39-40%құрайды. Мұндай отбасының әрбір екіншісі ажырасады. Бұдан бала санының аздығына байланысты отбасы ажырасады деп қарамау керек, ерлі-зайыптылар осылайша ұзақ уақыт бірге тұра алмайтындықтан келесі баланы өмірге әкелуге тәуекел етпейді. Мұндай отбасыдан шыққан балалардың жан-жақты дамыған, моральды-психологиялық жақсы қалыптасқан адам болуы екі талай. Көптеген психологтар мен социологтар мұндай адамдарда жауапкершіліктің болмауы, еңбек сүйгіш еместігі,жеке басын ойлаушылық, адамдармен қалыпты қатынас жасай алмауын көрсетеді.
- Аз балалы отбасы (бір, екі балалы). Социологтар мен политологтардың бақылауы бойынша екінші баланың туылуы бір балалы отбасыға қарағанда отбасының тұрақтылығын 3 есеге артырады екен. Бұл отбасылардың әрбір алтыншы, жетінші жұбы ғана ажырасады.
- Көп балалы отбасы-үш баладан көп балалы отбасы. Бұл отбасыларда ажырасу сирек болады, болған жағдайда да ол ерінің кінәсінен болуы мүмкін. Бұл жерде ананың еңбегі зор, сондықтан да қазіргі кезде әйелдердің көпбалалы болуға ұмтылуы кем.
Отбасының қызметі дегеніміз отбасы мен оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты , отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін әлеуметтік ( қоғамға байланысты) және жеке ( тұлғаға қатысты).
Отбасының атқаратын қызметі қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты.Сондықтан әрбір тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады.Тұлғаның дамуына, әрбір ерлі-зайылты адамдардың бақытты өмір сүруіне,балаларды ізгілікке тәрбиелеуге,ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастарды жақсартуға қажетті жағдай жасау қажет. Бұл қоғамның әрбір отбасына қойған негізгі талабы мен міндеті.
Отбасындағы билікті бөлу, яғни билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі бар
Достарыңызбен бөлісу: |