Отбасы тәрбиесінің негіздері



Дата31.12.2022
өлшемі49,79 Kb.
#60251
Байланысты:
обасы


Отбасы тәрбиесінің негіздері.

Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді


субъектісі. Отбасы тәрбиесінің нормативтік-құқықтық негіздері. Отбасы
тәрбиесінің ізгіліктік және этнопедагогикалық аспектісі. Отбасының
қызметтері, типтері. Қазіргі отбасының ерекшеліктері.
Отбасы – қоғамның ең маңызды әлеуметтік институты, онда жаңа өмір
өсіп-өнеді, дамиды, баланың жеке басы қалыптасады, оның мәдени,
адамгершілік-рухани, азаматтық қалыптасуы жетіледі, жынысына байланысты әлеуметтік рөлді меңгереді. Бала тәрбиесінде отбасының атқаратын қызметін ештеңемен салыстыруға келмейді.
Тәрбиелік жүйе – ата-ана, оқушы, мұғалім және қоғамдық мекеме
қызметкерлерінің педагогикалық іс-әрекетін сипаттайтын өзара байланысты
компоненттердің реттелген жиынтығы.

Тәрбиелік жүйе құрылымы
Әлеуметтену – оқу және тәрбиенің барлық процесін қамтып, әлеуметтік
өмірге араласуға, қарым-қатынасқа түсуге негіз болады. Әлеуметтену процесіне тұлғаның барлық қоршаған ортасы қатысады: отбасы, көршілері, құрдастары, мектеп, бұқаралық ақпарат құралдары.
Отбасылық тәрбие берудің мақсаты – баланың жастайынан-ақ, жеке
басы ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жан
жақты жетілген ұрпақ тәрбиелеп, баланың өсіп жетілуіне, денсаулығана
қамқорлық жасау, нығайту, бекіту, еңбекті қажетсінуге баулу.
Отбасы баланың мінез-құлқының, дүниеге көзқарасының негізін қалайды.
Ата-бабаларымыздың тілімен айтқанда, ұлттық құндылык, қадір-қасиет ата
құлқымен, ана сүтімен ұрпақ қанына сіңген. Қазақтың отбасындағы тәрбиелік ықпалы бірімен-бірі ұштасып жатқан үш сатыдан тұрады деуге болады. Ол – ата-әже, әке-шеше, ұл мен қыз. Бұлардың әр бірінің өз құқыктық міндеттері мен өздеріне тиесілі талап-тілектері бар. Бұл міндеттердің салмағы өте ауыр, қасиеті мол.
Ол – ортақ мақсатты бірлесе талдау, өзара пікір алмасу, сезім әлеміне
бірлесіп, қуанышта ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция түрлерін
қамтиды. Отбасы мен мектептің бірлігі арқылы тұлғааралық байланыс, өзара
мәміле қалыптасып дамиды. Ортақ келісімде іс-әрекеттер атқарылады, өзара
түсіністік қалыптасады. Бұл жерде мектеп ұжымының ішкі бірлігі де, сынып
оқушыларының ішкі бірлігі де, отбасы мүшелерінің ішкі бірлігі де аса маңызды факторлар екенін айту керек. Адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Себебі, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген кісілік қарым-қатынасы, эмоциялық сезімдері, ілтипат ықыластары – отбасы тәрбиесінің негізгі күші.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет