Отбасының Әдіснамалық негізі


ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ СТИЛЬДЕРІ



бет8/27
Дата27.11.2023
өлшемі140,76 Kb.
#130408
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ СТИЛЬДЕРІ


Баланың мінез-құлқын және дәрежесін анықтауда көптеген жеке факторлар және өзара әрекеттесу субъектісі ретінде ата-ана да әсер етеді: оның жынысы (баладағы немесе қарама-қарсы); жасы (жас, кәмелетке толмаған ана, қартайған ата-ана, кешірек туылған баланың ата-анасы); ата-ананың мінез ерекшеліктері және темпераменті (белсенді, шыдамсыз, ашуланшақ, азулы, ақбейіл, салақ, ұстамды және тағы басқа); діни; ұлттық-мәдени құндылықтар (европалық, ағылшындық, неміс, япондық, американдық және басқа да тәрбиелеу моделдері); әлеуметтік жағдай; кәсіби құндылықтар; жалпы және педагогикалық мәдениеттің деңгейі болып табылады. 
Ата-аналық тәрбиелеу стильдері, әлеуметтік-психологиялық түсінік ретінде, әріптесіне деген қатынас бойынша қарым-қатынастың амал және тәсілдерінің заңдылықтарын білдіреді.
Ата-аналық стиль – бұл балаға деген қатынас бойынша әрекет бейнесі, берілген бала мен ата-ананың қарым-қатынас тәсілінің спецификалық жағдайы болып келеді. Осы ата-аналық стильдерге байланысты көптеген кеңестік және шетелдік ғалымдар өз ойларын білдірді. Жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселесiн В.С.Мухина мен Л.А.Венгер де ғылыми тұрғыдан зерттедi [24,б.60].
В.С.Мухинаның айтуынша адамдар арасындағы қарым-қатынастар барысында балада әр түрлі тәртіп формалары қалыптасады. Бұл жерде бала үшін ең бастысы – ата-ана тарапынан ұйымдастырылған жағымды қатынас. Ата-ана сенімі мен махаббаты балада оптимизм, жақсы, үлгілі болуға деген тілекті қалыптастырады. Бала әр уақытта өзіне жасалған эмоционалды қолдауды қажет етеді.
Демек, В.С. Мухина бірнеше тәрбиелеу стильдерін сипаттап көрсетті.
1) Либеральды стильде балалармен қатынаста барлығына рұқсат беріледі. Шектен тыс ата-ана махаббаты бастау алады. Балалар тәртіпті емес және жауапкершілігі жоқ болып өседі.
2) Демократиялық стиль өзінің икемділігімен мінезделеді. Ата-аналары балаларының пікірімен санасып, олардың өзіндік пікірлерін дамытып, позицияларын силап, өздерінің істері мен талаптарын жүзеге асырады. Нәтижесінде балалары ата-аналарын жақсы түсінеді, тіл алғыш, бастамашыл, өзіндік қасиеті дамыған болып өседі. Олар ата-аналарынан азаматшыл, еңбек сүйгіш, шыншыл және өздері қандай сондай баланы тәрбиелеуді қалайтын бейнені көреді.
3) Авторитарлы стильде ата-аналары балалық шақта да, жеткіншектік кезеңде де қатаң талапты ұстанады. Әдетте, бұл ерте қабылданған жағдай болса, физикалық жазаларды да қолданады. Авторитарлы жанұяда балалық шақта да, жеткіншектік кезеңде де бала өзіне сенімсіз, бақытсыз болып жалғыздықты сезінеді. Авторитарлы жанұя жеткіншектің даму мүмкіндіктеріне шектеу қоюы мүмкін. 
4) Попустителдік стильде ешқандай шектеу қою принципі үстем болмайды. Бала ата-аналарын көптен бері манипуляциялап келеді. Мұндай жанұялардағы балаларға эгоизм және оған ілеспелі қақтығыстың негізгі мінездемесі сәйкес келеді. Тұлғалық дамудың дағдарысы, шектеу қоймаудың тұлғалық позицияға қатынасы, шынайы өмірдің болмауынан бала өзін екі есе бақытсызбын деп сезінеді. Попустителдік стильдегі жанұяның жеткіншектері әдетте позитивті қарым-қатынас формасын ұстанбайды, оларда адекватты икемділік белгілі емес болып келеді. Попустителдік жанұя жеткіншектердің қоғамдық қатынас заңдылықтарын саналауға мүмкіндік бермейді және басқалармен шынайы өзара қатынаста әлсіздік танытады [25,б.105].
Ал Л.А.Венгердің пайымдауынша, баланың жан-жақты дамуында жанұяның әсерін көрсете келіп, ол жердегі тәрбиелік ықпалдардың дұрыс ұйымдастырылмауы, қарым-қатынасқа қанағаттанбау, ұжымда өз орнын дұрыс сезінбеу, жанұядағы кикілжің жағдайлар, осылардың бәрі бала тәртібінде біраз қиындықтар тудырады деп қорытындылады.
Баланың ата-анамен қатынасы бала дамуының психоәлеуметтік факторы болып табылады. Бала өзінің ата-анасынан адамгершілік позицияны, олардың басқа адамдармен қарым-қатынасын, бағалау және талдау, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру ерекшеліктерін игереді. Ата-ана мен бала үнемі бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өзара қатынаста және жанұя жағдайында балалар мінез-құлқы психологиялық және әлеуметтік тұрғыда өзгеріске түсіп отырады. Осы көзқарасты түсіндіре келе, Д. Бомринд ата-ана мен бала қатынасын зерттеуде келесі типтерді бөліп көрсетті: 
1) демократиялық стиль - ата-ана мен бала арасында қатынас бас кезінде әріптестік ретінде жүреді. Бұл кезде бала өзіндік талдау мен тәуелсіздікке құқылы болады. Ата-ана баланы қандайда бір іске көндіруге ұмтылады, ал тіл алуды күшпен іске асырмайды. Бала бұл кезде белсенділікті, қуаттылықты, тәуелсіздікті көрсетеді. Өздерінің тәуелсіз екендерін көрсетіп ғана қоймай, оны қолдануға тырысады. Тіпті кей сәттерде ата-анасына өз ойымен санасуға мәжбүрлейді. Баладағы бұл мінез-құлық ерекшеліктері осы сәтте ата-ананың қолдауымен ерекше маңызға ие болады. Осыдан бала өз пікірінің бағалы екенін сезінеді. Және де ата-ана баланы толыққанды әріптес ретінде санай бастайды, ересектермен өзара қатынас позициясы адекватты түрде дамиды. Ата-аналардың қарым-қатынас кезіндегі қолдауы бала үшін маңызды болады. Балада сенімділік және жалпы мақсатқа жету инициативасы байқалады. Қорытындылай келе, берілген стиль баланың өзін-өзі бағалау критерийін қалыптастырады. Сонымен қатар бала ата-анасын сыйлай бастайды;
2) авторитарлы стиль - бұнда балаға берілген иницатива аз көлемде болады, отбасылық шешім қабылдауда оның қатысуы шектеледі, қадағалау ата-ана тарапынан жүргізіледі. Өзіндік және тәуелсіз талқылауы болмағандықтан, баланың өзіне деген сенімділігі бұзылады. Ата-ана өзінің беделін үстемдік етіп, бекітуге тырысады. Ал балалар өз құқықтары үшін күреседі. Осы кезде бала мен ата–ана арасында жаңа қарым–қатынас туындайды;
3) кей кездерде аралас типте кездеседі. Бұл типте жоғарыда сипатталған екі стильдің формалары байқалады. Яғни бала демократиялық және авторитарлы стилді де ұстанады. Және де соған тән ерекшеліктер көріне бастайды [26,б.107].
Маккобли және Мартин бойынша, индифферентті стильде ата–ана баланың мінез–құлқын бақыламайды және оларға деген қатынаста бауырмалдылық пен жылулық сезімдері болмайды. Индифферентті стильді ұстанатын ата–аналар өз балаларына шектеу қоймайды, балаларына зейін салып және қызығушылық танытпайды, күнделікті өмірдің тіршілігінен бала тәрбиесіне уақыты және күші қалмайды. Егер ата–аналардың селқостығы өшпенділікпен ұштасатын болса, бала делинквентті мінез–құлыққа бейім болып келеді.
Демек аталған стилдер бала мен ата–ана арасындағы қарым–қатынасты көрсетеді. Қарым–қатынас негізінде бала мен ата–ана тарапынан өзарақатынас орнайды. Жанұядағы өзарақатынас субъективті түрде жанұя мүшелерінің арасында жүзеге асып отырады. Жанұядағы өзарақатынас типтерін келесідей бөліп көрсетейік:
1) диктат – бұл кезде ата–ананың біреуі қаталдық танытып, үнемі талап қойып отырады. Және белгілі бір ережелермен өз істерін жүзеге асыруды қалайды. Ата–ананың басшылығы басым болып, баланың қызығушылықтары мен көзқарастарын жоққа шығарады және бала өзіне қатысты мәселелерді шешуде өз ойын айта алмайды. Бұл кезде балада физикалық және эмоционалды тұрғыда күйзеліс байқалады. Демек бұл жағдайлар баланың тұлға ретінде дамуына кері әсерін тигізеді
2) аса қолдау – бұл кезде балаға шектен тыс көңіл бөлінеді. Барлық қиыншылықтарды, қамқорлықты, талаптарды, қобалжуларды ата–ана өз мойындарына алады. Мұндай кезде тұлғаның қалыптасуында тежелу туындап, балада тұрақтылық, өзбеттілік қасиеттері дамымайды. Бала өмірлік қиыншылықтарды өзі шеше алмайтын, үнемі біреудің қолдауын қажет етіп отырады. Бұл типтегі өзара қатынас бала тұлғасын дамытуда кері әсерін тигізеді. Өйткені бала өз жас шамасына қарай дамып жетілмейді. Сондықтан аса қолдау типі бала үшін қолайсыз болып келеді. Бұл типті ұстанатын ата–аналар баланы өмірдің шынайы көріністеріне дайын етпейді, сол себепті өз үйлерінен алысқа шыққанда балада қиыншылықтар байқалады. Әдетте осындай балалар өмірде коллективпен жұмыс жасауда қабілетсіз болады;
3) татулық позициясы – мұнда ата–ана баласының тәуелсіз, өзбетті, еркін өскенін қалайды. Және осы принципті ұстанады. Демек мұндай жанұяларда ата–анасы өз өмірлерімен, ал балалары өздері өмір сүреді. Көбінде осы типтің негізінде ата–аналарда тәрбиелеуші ретінде пассивтілік байқалады. Осыдан барып эмоционалды суыққандылық, ата–ана болуға деген арман тілектің, икемділіктің жоқтығы аңғарылады;
4) әріптестік – ата–ана мен бала арасында өзара әрекет тұлғалық деңгейде жүреді, бірақ та олардың арасында махабат және сыйластық болады. Және сонымен қатар ата–ана баласына талап қоюды жүзеге асыра алады. Сондықтан да бұл жағдайлар баланың тұлғасында эгоистік қасиетті жояды. Бұл типтегі өзара қатынас ата–ана мен бала арасында әріптестік ретінде жүреді [27,б.192].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет