Отбасының Әдіснамалық негізі


МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫН ТОПТАСТЫРУ



бет9/27
Дата27.11.2023
өлшемі140,76 Kb.
#130408
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫН ТОПТАСТЫРУ


Мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл белгілі тәртіпте бекітілген, туа біткен, тұқым қуалаушы аурулармен немесе жарақаттың салдарымен негізделген, өмір сүру әрекетінде шектеулері бар, дене және психикалық кемістіктері бар он сегіз жасқа дейінгі балалар.
Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясына жататындар:
1. Естуінде кемістігі бар балалар (құлағы естімейтін, нашар еститін, саңыраулар);
2. Көруінде кемістігі бар балалар (көзі көрмейтіндер, нашар көретіндер, соқырлар);
3. Тірек-қозғалыс аппаратының функциясында кемістігібар балалар;
4. Сөйлеуінде кемістігі бар балалар;
5. Ақыл-ойында кемістігі бар балалар;
6. Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар;
7. Эмоционалды-ерікті сферасы мен мінез-құлқында кемістігі бар балалар;
8. Күрделі кемістігі бар, оның ішінде соқыр және саңырау балалар.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тұрғылықты мекен-жайы бойынша, дені сау қатарластарымен жалпы білім беретін орта мектепте оқыту, бүкіл дүние жүзінде арнайы білім беру мекемелерінің ізгілікті баламасы болып танылған. Арнайы (коррекциялық) мектепте оқи отырып, бала өзінің көп уақытын жолға немесе интернатта тұруға мәжбүр болады, бұл оның қалыпты ортасынан айырады. Бала қалыпты қатарластарымен қарым-қатынастың жеткіліксіздігін басынан өткереді. Психикалық немесе физикалық ауытқуы бар баланың даму жағдайы көп жағдайда оның денісау қатарластарының даму жағдайынан түбегейлі айрықшаланады. Ата-аналардың, дәрігерлер мен педагогтардың барлық күш-қуаты кемістікті емдеуге және түзетуге бағытталады; балаға жалғыз әлеуметтік рөл – пациент рөлі беріледі. Арнайы (коррекциялық) мектепте оқыту, өзінің алдына басым міндеттерді қояды: барлық коррекиялық-педагогикалық жұмысты оқушылардың физикалық және психикалық дамуын «нормаға» барынша жақындату мақсатында құру. Сонымен бірге, Н.Н.Малофеев атап көрсеткендей, «ерекше» баланың өзінің балалық шағын толыққанды өткізу құқығы болатынына, ешқандай коррекциялық мақсатты көздемейтін өзінің қатарластарымен қарым-қатынас жасау, ойындар мен сауықтар, туыстарының қамқорлығы мен махаббатыа ие болу құқығы болатынына ойланбайды.
Алайда, Л.С.Выготский арнайы оқытуды қалыпты дамуы бар балалармен үйлесімді байланыстыруға болатын оқыту жүйесін құрудың қажеттілігін атап көрсетті. Ол арнайы мектептің басымдылықтары болғанмен, оның негізгі кемшілігі ретінде – өзінің тәрбиеленушісін мектеп ұжымының тар шеңберіне тұйықтайтынын, баланың кемістігіне барлығы бейімделген, баланың зейінін өз кемістігіне жинақтайтын, оны шынайы өмірге ендірмейтін тұйықталған әлемді құратынын атады. Л.С.Выготскийдің пікірі бойынша, мүмкіндігі шектеулі баланы оңтайлы дамытудың формаларының бірі ретінде ұжым алынуы керек. Автор тәрбие мен дамыту үдерістеріндегі оның басым рөлін атай отырып, ұжымның дәрежесі бойынша әртүрлі интеллектуалды жетілмеген балалармен толықтыру талабын ұсынады. Зерттеушінің ойынша, балалардың ұжымы біртекті болған жағдайда, бұл дені сау қалыпты балаларға және мүмкіндігі шектеулі балаларға да зиянын тигізеді, оларды дамыту мүмкіндігінен айырады. Интеллектуалды тұрғыда аса дарынды балалар өзінің әлеуметтік белсенділігін көрсете алады, ал дамуында кемістігі бар балалар аса дарынды балалармен ұжымдық ынтымақтастық және қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылады. Бұл олардың танымдық сферада екінші рет артта қалуына және кемістіктің ауырлауына әкеледі.
Сондықтан, Л.С.Выготский бойынша, дамуында ауытқуы бар баланы тәрбиелеудің негізгі міндеті ретінде, оны өмірге кіріктіру және оның кемістігін белгілі бір жолмен толықтыру алынады. Оның пікірінше, дені сау қалыпты балаларға ауқымды бағдарлану, арнайы білім беруді қайта қарастырудың бастапқы негізгі ретінде алынуы керек. Л.С.Выготскийдің арнайы білімді, оқытуды және жалпы тәрбие мен жалпы оқытуды кіріктіру туралы идеясы, соңғы кезде инклюзивті білім беру түрінде жүзеге асырылып келді, оның негізгі мақсаты ретінде, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастардың толыққанды және тиімді білім алуы қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет