Отбасының Әдіснамалық негізі


МШ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖАҒДАЙЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР



бет12/27
Дата27.11.2023
өлшемі140,76 Kb.
#130408
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27

МШ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖАҒДАЙЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР


Дамуында бұзылыстар бар балаға деген ата-ана қатынасы өзінің спецификасымен ерекшеленеді. Науқас балаға деген қатынастың өзіндік шарттары мен күтулерін өзгерту қиын тапсырма, себебі баланың биологиялық және эмоционалды статусын өзгерту мүмкін емес болып табылады (А.Я Варга). Дамуында кез-келген бұзылыстары бар балалардың анасы мен жанұясында психотравмалық жағдай орын алады. Бұл жағдай ана үшін маңызды құндылықтарды және базалық қажеттіліктерді фрустрациялайды (В.В. Ткачева).
Көптеген авторлардың пікірінше, дамуында күрделі бұзылыстары бар балалардың дүниеге келуі дағдарыс туғызады, бұл жанұяның құлауына әкеліп соғады (O.K. Агавелян, Р.Ф. Майрамян, М.М. Семаго)
Кез-келген аномалды дамуы бар балалардың дүниеге келуі ерлі-зайыптыларға қайғы әкеледі. Осы кезде ана шамадан тыс баланың тәрбиесімен шұғылданады. Ал осы уақытта әкесі физикалық немесе эмоционалды жағдайдан оқшау болады. Демек, жанұяда мұндай баланың болуы, жанұяның қалыпты даму циклінен өтуге мүмкіндік туғызбайды. 
Аномалды баланың дүниеге келуі және оны тәрбиелеуде ата-анада негативті реакция комплексі мен уайымдар, стресс пайда болады. Көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша, дамуында ауытқушылығы бар балаға деген ата-ананың қатынасын қалыптастыруға әсер етеді.
Бірінші кезеңде - ата-ананың реакциясы келесі жағдайларда шок, абыржу, мүсәпiрлiк, қорқыныш сезімдерінде көрінеді (D. Drotar, A Baskiewicz, J. Irvin, Kennel and M. Klaus, O.K. Агавелян., Р.Ф. Майрамян). Ата-ана толымсыздық сезімін сезіне отырып, өзіне мынадай сұрақ қояды: «Неліктен бұл жағдайға мен тап болдым?»
Зерттелінушілер екінші кезеңді немесе фазаны негативизм және теріске шығару ретінде қарастырды (О К. Агавелян, Р.Ф. Майрамян, М. Leydorf, В. Farber, R.M. Hodapp, Blodgett, Boyd, Koegler, Rosen). Теріске шығару функциясы қауіп төнген жанұяның тұрақтылық сезімін немесе белгілі дәрежедегі үмітін сақтап қалуға бағытталған. Теріске шығару эмоционалды қысым мен қорқынышты жоюдың өзіндік бейнедегі қорғаныс тәсілі болып табылады. Бұл кезеңде «шопинг - мінез-құлық» дамиды, ата-аналар балаларын бір консультанттан екіншісіне апарып, маманның құзіреттілігі мен жауапкершілігіне сенімсіздік туғызады. 
Үшінші фазада ата-анада қайғыру мен стресс пайда болады (D. Drotar, A. Baskiewicz, O.K. Агавелян, Р,Ф. Майрамян).
Төртінші кезеңде ата-ана ауру баланы қабылдап, оның эмоционалды жағдайына бейімделе бастайды (M. Leydorf, S. Olslansky, Hodapp, O.K. Агавелян, Р.Ф. Майрамян)
Биологиялық толымсыздық баланың белгілі бір жағдайда дамуына ықпал етеді. Л.С.Выготскийдің пікірінше, ақыл-ойы кем балалардың ағзасы толық құрылым ретінде қарастырылады, сондықтан ондағы кездесетін кемістік басқа да ағза мүшелеріне әсер етеді. Тұлға толық құрылым ретінде баланың даму процесін түзетеді және орнын толтырады. Жанұядағы қоршаған орта интеллектісі бұзылған балаларда мінез-құлықтың әлеуметтік рационалды дағдысын өңдеуге әсер етеді.
Баланың мүгедектігі барлық жанұяда әлеуметтік бейімделе алмаушылықтың созылмалы және тереңдетілген себебі болып табылады. Шынымен де, дамуында ауытқушылығы бар баланың дүниеге келуі, жанұя өмірінің жүру сатысын өзгертеді және бұзады. Дамуында кемістігі бар мүгедек балалар ата-аналарына өте ауыр психологиялық және стрестік жағдайды туғызады. Бұл кезде ата-аналар қайғырады, кейбіреулері жылайды, бірі ауыртпалықты өзінде сақтайды, әлсіз және агрессивті болады, тіпті туысқандарынан, таныстарынан және достарынан толығымен алыстап келеді. Алайда бұл ауыртпалықты мүгедек баласы бар кез-келген ата-ана жеңе алуы керек. Өйткені қайғыра алған адам ғана жағдайға сабырмен қарап, өзінің мәселесін конструктивті түрде шеше алады. 
Өкінішке орай, мүгедек балалардың ата-аналары өмірдің мәні мен өмірлік перспективаны игеруде дұрыс шешім қабылдай алмайды.
Көптеген адамдар мұны өзбетімен жүзеге асырмайды. Нәтижесінде өмірдің әлеуметтік жағдайын игеруге қабілетті емес болып шығады. Мүгедек баласы бар жанұяларда медициналық, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер туындайды, бұл жанұялық және тұлғалық мәселелердің пайда болуына әкеліп, олардың өмір сапасының нашарлауына әкеліп соғады. Алайда бұл қиыншылықтарға төтеп бере алмаған мүгедек балалары бар жанұялар өмірдің мәнін жоғалтады.
Сонымен қорыта келе, аномалды балаға деген ата-ана қатынасы мәселесіне теориялық талдау жасап, келесі мәліметтерді анықтадық. Демек, ата-ана қатынасының түрлі аспектілері кеңестік (А.Я.Варга, Г.А.Ковалев, В.В.Столин, А.С.Спиваковская және т.б.) және шетелдік (Н.Бекер, Д.Боулби, М.Эйнсворт және т.б.) зерттелінушілердің еңбектерінде көрсетілген.
Өмірде әрбір бала үшін ата-ана басты рөл атқарады. Тұлғаның қалыптасу процесі ана мен әкенің баласына деген қатынасына байланысты болады. Ата-ана бірінші кезекте баланың дүние танымын, мінез қырларының қалыптасуын, адамгершілік негізін, материалдық және рухани құндылықтарға деген қатынасын тәрбиелейді.
Ал шетел ғалымдары өз жұмыстарында ақыл-ойы кем балалары бар жанұядағы өзара қатынас мәселесіне аса назар аударды.
Ф.Стэнг ақыл-ойы кем баланың жанұяға тигізетін түрлі формадағы (эмоционалды, әлеуметтік және экономикалық) әсерін анықтады.
С.Дэвис, бұл жанұядағы эмоционалды, қаржылық және физикалық стресс түсініктерін бөліп көрсетті. Оның ойынша, бастапқыда әлеуметтік оқшаулану орын алады. Ал кейінірек, эмоционалды бұзылыстар он жылдан соң туындай бастайды. Шартты түрде барлық жанұя мүшелері үшін дамуында ауытқуы бар баланың дүниеге келуі сынақ болып келеді. Өйткені кез келген ата-ана болашақ өмірлерін өздерінің балаларына арнайды. Аномальды бала өзінің табиғи ерекшеліктерімен ата-ананың тұлғалық даму мүмкіндіктеріне және жоғары дәрежеде жетілуіне кедергі келтіреді. Бұл жағдайда ауру баланың дефектісі ата-ана тарапынан бағаланып, өмірлік сенімділікті өзіндік реттеуде мүмкіндік туғызбайды.
Кеңестік және шетелдік әдебиеттерде ақыл-ойы кем балаларды тәрбиелеудегі жанұялық стресске бейімделудің кезеңдері қарастырылған.
И.С. Багдасарьян өз жұмысында келесі авторлардың жіктеулерін атап көрсетті.
А.О. Росстың пікірінше, дамуында ақауы бар баланың жанұясы екі негізгі дағдарыс фазасын басынан өткереді. Бірінші фаза – дамуындағы бұзылысты қабылдамау, шок түрінде немесе мәселені жоққа шығару жағдайында болады. Ал екінші фазада – болған жағдайды қабылдауға қабілеттілік туындайды.
А.А.Бодалёв берілген зерттеудің үш негізгі кезеңдерін бөліп көрсетті. Бірінші кезеңде, эмоционалды дезорганизация, мұнда ауру балалардың ата-анасында аффективті-шок реакциялар байқалады; екінші кезеңде - реинтеграция, ата-аналармен стресстік жағдайға мүмкіндігінше реалисттік баға беру кезеңі; ал үшінші кезең үшін ересектік бейімделу тән, яғни ата-ананың жағдайды адекватты бағалауы орын алады.
О.Б.Чарова көптеген авторлар көрсеткендей, ата-аналардың дағдарыс жағдайының бірінші фазасының туындау ерекшеліктерін суреттеді. Оларға: даму бұзылысының жоққа шығару фактісі, иррационалды үміттердің сақталуы, «емделіп, жазылып кетуге сену», кінәліні іздеу, болып жатқан жағдайды жұбайының тұқым қуалауы деп айыптау, өзінің іс әрекеттері мен алдын ала жоспарланбаған жүктілік үшін «Алланың берген жазасы» деп қарастыру фактілері ерекше көзге түсті.
Екінші фаза қайғы сезімінің әлсіреуімен, айналадағы қоршаған ортаға қызығушылықтың өсуімен, бала мен жанұя мәселелерін адекватты шешуге дайын болумен сипатталады.
Ал Е.А.Савина төрт фазалы сызбаны мысалға келтірді:
Бірінші фаза алаңғасарлық күймен сипатталады. Бұл кезде ата-аналар болып жатқан жағдайды дұрыс қабылдай алмайды. Өздерін кінәлі сезініп және толымсыздық сезімі орын алады. Негативизм мен қойылған диагнозды жокка шығару, шоктық жағдай қалыптасады.
Ал екінші фазада бұрынғы қалыптасқан өмірлік жолды бұза алатын фактінің алдындағы үміт сезімінің сақталуына бағытталған ауытқуды жоққа шығару қорғаныс функциясын орындайды.
Бұл санасыз бағыттылық эмоционалды қысым мен мазасызтан қашуға әкеледі. Аталған фазаның ең шеткі көрінісі ата-аналардың балаларын тексеруден өткізбеуі мен түзету шараларына жол бермеуі басты орынды алады. Бірақ берілген фазада «негативизм – жоққа шығару» ұзаққа созылмайды, диагнозды қабылдау мен оны түсіну бойынша, ата аналар шындықты түсінумен байланысты депрессивті жағдайлармен сипатталатын үшінші фазаға кіреді. Бұл фаза «хроникалық мұн-қайғы» деп аталады. Бұл синдромда ата-аналар бала қажеттіліктеріне тәуелді болғандықтан, баланың психикалық және физикалық ауытқуымен байланысты оны әлеуметтендіру нәтижесін жүзеге асырады.
Төртінші фазада ата-аналар жағдайды дұрыс бағалай алғанда, баланың қызығушылықтарын басқаруға дайын болғанда, мамандармен адекватты эмоционалды байланысқа түскенде, жанұяның барлық мүшелерінде әлеуметтік-психологиялық бейімделу басталады. Бұл бейімделудің келесідей көрсеткіштері бар: уайым – қайғының азаюы, қоршаған ортаға деген қызығушылықтың өсуі, болашаққа бағытталған мәселенің белсенді шешілуіне дайын болу.
Н.Ю.Синягина дамуында ауытқуы бар баланы қабылдауда ата-ана әр түрлі болатындығын айтқан, және жанұяның төрт типін анықтады:
1) аномалды баланың пайда болуына спецификалық мәселе тұрғысынан жауап беретін жанұя;
2) ауытқуы бар бала болғандықтан, жанұялық жанжалдар жиі болатын жанұя;
3) невротикалық немесе психопатиялық деңгейде өтетін, аномалды баланың дүниеге келуімен байланысты интрапсихикалық жанжал болатын жанұя;
4) қоғамдан тыс өмір сүретін жанұя.
Автордың ойы бойынша бұл төрт топтың ата-аналары психологиялық көмекті қажет етеді.
В.В. Ткачёва келесідей дағдарыс жағдайларын бөліп көрсетті:
1) белгісіздік, анықталмағандық. Белгісіздіктің алдындағы паникалық қорқу сезімі, шокті бастан кешу, қалыпты өмірінің құрып жатқанын сезіну;
2) танымалдық, анықталғандық. Сезімдер мен эмоциялар деңгейін жоққа шығару және рационалды деңгейде мәселені түсіну арасындағы қарама-қайшылықтың орын алуы;
3) агрессия. Негативті сезімдерді эмоционалды жарықтандыру арқылы көрсету, нәтижесінде қоршаған ортаға бығытталған агрессияның пайда болуы;
4) белсенді хаостік іс-әрекеттер. Қолында тұрған тәсілдер көмегімен амалсыз жағдайды шешу. Яғни медицинаның «киелігін» іздеу немесе Алланың қасиетті емделуіне сену;
5) депрессия. Алдыңғы кезеңдегі сәтсіздіктен пайда болған амалсыздық сезімі;
6) даму бұзылысының фактісін қабылдау. Жаңадан өмір мәнінің ашылуы;
7) белсенділік. Өмірлік жоспарларды белсенді құру және оларды жүзеге асыру.
Э.Г. Эйдемиллердің зерттеулерінде ауытқуы бар бала үшін қоғам алдындағы әлсіздігін аналарға қарағанда әкелер қатты білдіртеді деп көрсетеді. Зерттеушілер өздерінің жұмыстарында, көптеген әкелер аномалды бала дүниеге келгенде өз балаларынан психологиялық тұрғыда бас тартатындықтары айқындалды.
Е.М. Мастюкова аномалды балалары бар аналардың психикалық жағдайының клиникалық зерттеуін жүргізді. Оны екі топқа бөліп қарастырды.
Бірінші топтағы аналар қозғалымпаздық, белсенділік, истероидті мінез-құлық ерекшеліктерімен айрықшаланады. Балаларының ауруы туралы ести салысымен бірнеше апта немесе айларға созылатын анық депрессивті реакциялар орын алады. Болған жайт үшін өзін кінәләйды. Кей кездерде суицидтік ойларға беріледі. Ұйқы бұзылысы және депрессияның күшеюі байқалады. Сонымен қатар, аналарда баланың болашағы үшін үреймен, жылаумен көрсетілетін субдепрессивті көңіл күй қалыптасады. Бұл топтағы әйелдерде тітіркенушілік, мәнсіз жағдайға қатты ашулану, ал одан кейін өз өзін айыптау орын алады. Сoматикада астеникалық құбылыстар байқалғанда: бас ауруы, кеуденің қысылып ауырғаны, артериалды қан қысымының толқынуы болады. Жанұядағы психотравмалық жағдайдың ұзақ созылуынан аналардың тұлғалық қасиеттері кейбір өзгерістерге ұшырайды. Бұл кезде әйелдер адамдарда айналадағы болып жатқанға қызығушылықтары жоғалады. Олар сабырлы бола тура, ештеңеге құлшыныстары болмайды.
Екінші топтың әйелдері үшін белсенділіктің аздығы тән болады, жалғыз болуды ұнатады және де араласатын адамдардың аз болуын қалайды. Аналар баланың жағдайының қаншалықты қиын екендігін түсінбейді. Бұзылыс туралы хабарды естігенде сабырлық сақтағанмен, баланың ауруына тек медицина қызметкерлерін кінәләйді. Уақыт өте келе аналар жағдайдың шынайлығын түсініп, болашаққа жоспар құрмай, қазіргі уақытта іс-әрекет жасау тендециясын қалыптастырады. Олардың көбінде депрессивті күйлер байқалатын: көңіл күйдің төмендеуі, үрейдің пайда болуы орын алады.
В.Д.Никулина өз жұмысында, дамуында ауытқуы бар ерте жастағы балалардың ата-аналарымен әріптестік қатынаста болуын анықтады. Оның ойынша, баланың мінез-құлқының ерекшеліктері ата-анамен өзара қатынасында көрінеді. Көптеген ата-аналарда бірлескен іс-әрекетті құру, қарым-қатынас қажеттілігін қалыптастыру, эмоционалды емес өзара әрекет, балаға деген қатынас бойынша адекватты емес позицияның орын алатындығы байқалады. Ата-аналарда тәрбиелеу процесінде сенімсіздік және балаға деген сезімталдықтың калыптаспауы пайда болады, психофизикалық дамуда баланың ауытқуы қаншалықты күшейген болса, соншалықты оны қатты мәпелеп тәрбиелейді, ал бұл жағдайда жақындарының іс-әрекеттерінің директивтілігі өседі .
С.М. Хороштың пікірінше, дамуында ауытқуы бар баланың жанұясында адекватсыздық, ригидтілік және бала-ата-ана қатынасының айқын көруіне назар аударылған, яғни жанұяда болып жатқанның барлығы да баланың өмірдегі қазіргі мәселелерімен тығыз байланысты болады. Ал қалыпты дамитын балалы жанұяларда керісінше адекваттілік, болашақты жоспарлаудағы дұрыс баға беру және баланың келешегіне, ертеңгі күнге бағыттылығы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет