Өндірістік іс-тәжірибеден өтуші: Қожагелдінов М. М.
Қарабұлақ орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен
9 «А» сыныбына
Мінездеме
Сынып тек керемет қарым – қатынастағы оқушылардан құрылған. Оқушылар өте белсеңді, жыл соңындағы сынақтарға дайындала жүріп, мектептегі барлық іс шараға қатысып, әлеуметтік өмір ағысына үлгеруде. Барлығының да мұғалімге деген сый – құрметі жақсы деңгейде, педагогикалық талаптарға бағынады. Сынып оқушыларының сабақа қызығушылықтары жоғары.
Ұжымда оқушылар бір – біріне көмектесуге әрдайым дайын жүреді. Тіпті сабақтан тыс уакытта да қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тырысады.
Сонымен қатар, сыныпта шығармашыл, әрі өнерлі балалар көп. Сыныпта белсенділері- сынып басшысы, тазалық, тәртіп және спорт мүшелері өз жұмыстарына тиянақты атқарады. Тжірбие кезіндегі сенбілік натижиесінен байқалғандай, оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта-жігері өте жақсы.
Оқушылардың ата-аналары да сынып өміріне белсенді қатысып отырады, оқушыларды себепсіз сабақтан қалдырмайды.
Өндірістік іс-тәжірибеден өтуші: Қожагелдінов М. М.
Қарабұлақ орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен
өндірістік іс-тәжірибеден өтуші
1-курс студенті
Қожагелдінов М. М.
Мінездеме
Қожагелдінов Мағжан Маратұлы 14.03.22-14.04.22 ж. аралығында Қарабұлақ орта мектебінде өндірістік іс- тәжірибеден өтті. Ол іс- тәжірибе барысында жоспардағы барлық сабаққа қатысып, көп тәжірибе жинады. Мағжан өзінің жинаған білімімен оқушылармен бөлісіп, жақсы үлгі бола білді. Күнделікті сабаққа алдын ала дайындалып, практикаға жоғары жауапкершілікпен қарады. Оқушылармен, тәлімгерімен, мектептегі басқа мұғалімдермен және қалған жұмысшылармен тез тіл табыса алады. Өз саласына ерекше көзқарасымен келешекте мектепке көп үлесін қосатынын көрсетті. Сонымен қатар, болашақ ұжымымен бірге тез дамитынына сеніммен қарап өткізген іс- тәжірибесін жақсы деп бағалаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |