«A.Түркебаев атындағы мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Хаттама №1
01 қыркүйек 2022ж. Саты ауылы
«Айтжан Түркебаев атындағы орта мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын
орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 5-сынып оқуышыларына сынып жиналысы болып өтті.
Барлығы: 13 Қатыспағаны -0
Қатысқаны 13
Күн тәртібінде:
1.Сынып белсенділерін сайлау. Сынып жетекшісі: Сейітбекова Шолпан
Сынып оқушылары.
2.Сыныптағы кезекшілікті ұйымдастыр. Сынып жетекшісі: Сейітбекова Шолпан
Сынып оқушылары.
3.Мектеп ережелерін сақтау. Сынып жетекшісі: Сейітбекова Шолпан
4. Сынып сағаты: «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық».
Сынып жетекшісі: Сейітбекова Шолпан
Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша сынып сынып жетекшісі және оқушылардың сайлауы бойынша сынып белсенділері сайланды.
№
|
Атқаратын жұмыс бағыттары
|
Оқушының аты₋жөні
|
1
|
Сынып старостасы
|
Хамет Анель
|
2
|
Оқу секторы
|
Бейсебек Нұржан
|
3
|
Спорт секторы
|
Меліс Диас
|
4
|
Тазалық секторы
|
Әлғожа Аяжан
|
5
|
Мәдениет секторы
|
Мырқиястызы Мадина
|
Күн тәртібінде екінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Сейітбекова Шолпан және оқушылар сынып кезекшілігін ұйымдастырып, сол бойынша сыныптың тазалығын реттеу тапсырылды.
Күн тәртібінде үшінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Сейітбекова Шолпан оқушыларды мектеп ережелерімен таныстырды. Ол жөнінде мектептің мүлкіне тиянақты қарап, тазалықты және тәртіпті сақтау айтылды. Мектеп формасын сақтап үнемі таза жүру керек екені ескертілді. Берілген тапсырмаларды уақытында орындап, мектепішілік шараларға белсене қатысу керек екеніне тоқталдық. Мұғалімдердің рұқсатынсыз мектептен кетуге және сабақтан себепсіз қалуға болмайтыны жөнінде сөз болды. Сабақтың басталуы уақыты мен қоңырау ұзақтығымен таныстырылды. Мектепке сабаққа қатысы жоқ нәрселерді әкелмеуге тыйым салынды. Сабақ кезінде, қоңырау кезінде оқушы өзін-өзі ұстауы жөнінде де ескертіліп кетті.
Күн тәртібінде төртінші мәселе бойынша презентация көрсетіліп, оқушылар ортаға өз ойларын салды.
Сөйлеушілер:
Оқушы Хамет Анель: « Мені сыныптың старостасы етіп тағайындағандарыңызға алғыс білдіремін. Алдағы уақытта өз міндетімді тиянақты атқаруға сөз беремін.
Оқушы Әлғожа Аяжан: « Сыныптың тазалық секторы ретінде сыныптың тазалығын уақытылы қадағалап тұратын боламын. Барлық іс-шараларға белсене қатысып, сыныбымызды барлық көрсеткішін көтеру өз қолымызда.
№1 хаттама негізінде шешім қабылданды.
Шешім:
Сынып белсенділері өз міндеттерін тиянақты атқарсын.
Сынып кезекшілігі уақытылы атқарылуы сынып старостасына міндеттелінсін.
Мектеп ережесін сақтау барлық оқушыларға міндеттелінсін.
Сынып жетекші: Сейітбекова Ш.Қ.
Хатшысы: Әлғожа А.
Достарыңызбен бөлісу: |