Отдел науки и международных связей студенческое научное общество



Pdf көрінісі
бет24/31
Дата29.12.2016
өлшемі2,81 Mb.
#702
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Нұғыманұлы И. Қайым Қ. Танымдық қызығудың 
психологиялық - педогогикалық негізі. Биология және химия 
1997 №2 5-9 б. 

280 
 
2.
 
Пегова З.С. « Приемы повышения активности учащихся на 
уроках биологии» - Горький. 1961 
3.
 
Рыков Н.А. « О некоторых приемах возбуждения 
познавательного интереса на уроке» Биология в школе 1967 №  
 
ХАЛЫҚТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІН 
ЖАНУАРТАНУ САБАҒЫНА ҚОЛДАНУ 
 
ТУРАРОВА А.Б. 
Алматы Университеті, «Биология» мамандығының 3 курс 
студенті 
Ғылыми жетекшісі: ИБРАГИМОВА З.А., 
п.ғ.к., доцент 
 
Қазіргі  жаңа  заманда  жастарды  тәрбиелеудің  негізгі  құралы 
халық педагогикасы. Халық педагогикасы – белгілі бір ұлттың бірнеше 
ғасырға  созылатын    ұрпақ  тәрбиесіндегі  салт-дәстүрлері  мен  мәдени 
ойлау  процесінің  озық  үлгілерінің  жиынтығы.  Жануартану  сабағында 
халықтық  педагогика  элементтерін  қолдану  –  оқушыларды  Отанын 
сүюге,  ұлтының  салт  –  дәстүрін  қастерлеуге  баулып,  қазақтын 
ұлтжанды азаматтарын тәрбиелеуге жол ашады. 
Осындай жетінші сыныпта жануартануда өткізілген “Жануартану 
әлемінің  маңызы.  Тіршілік  ету  сипаты”  –  тақырыбына  халықтық 
педагогика  элементін  қолдану  сабағының  үлгісі.  Дос  болған  Қарабай 
Сарыбайға  буаз  маралды  атқызып,  Кие  соғудан  өледі.  Осы  аңыздар 
арқылы киік адамның нағыз досы, киелі аң екенін дәлелдемек болған. 
Мақалсыз сөз ауыздықсыз қалған аттай болады, 
Мақалды  сөз  ақ  қағазға  жазған  хаттай  болады,  -  деген  ұран 
сөзбен, жануарлар жайлы мақал-мәтелдер тақтаға ілінеді. 
Мақал-мәтелдер  ой-өрісінің  «90  ауыз  сөздің  тобықтай  түйінін» 
беретін  нағыз  сөз  данасы,  сөз  асылы.  Мысалы  «Көл  құрақ  –  көлдің 
сәулеті, аң мен құс елдің дәулеті», - дей отырып, халық аң мен құс елдің 
байлығы деп санаған. 
Оқушыларға  мақал-мәтелдердің  тәлім-тәрбиелік  мәнін  аша 
отырып халық дәстүрлерін таныту мақсат етіледі. Мысалы: 
«Көлдің құты кетсе, 
Көкқұтан бір жыл ерте кетеді», 
«Балығы  болмаған көлі құрысын, 
Киігі болмаған шөлі құрысын 
Сабақтың мақсаты: 

281 
 
оқушыларға  жәндіктер  мен  жануарлардың  табиғаттағы,  адам  
маңызын халық педагогикасын кеңінен қолдана түсіндіру, экологиялық 
тәрбиелеу.   
Әдістері: әңгіме, түсіндіру, көрнекілік. 
Сабақтың  көрнекілігі: іші – сырты толық 
Жабдықталған киіз үйдің нақ нұсқасы, малдың жүнінен, иірілген 
жібінен  жасалған  үй  жиһаздары  (текемет,  түскиіз,  кілем,  т.б.),  малдың 
терісінен  жасалған  ыдыстар  (саба,  сүйретпе,  мес),  ұлттық  тағамдар 
(қойдың басы, жамбас, жіліктер, сүт тағамдары), ер-тұрман жабдықтары 
(тоқым,  қамшы),  ұлттық  ойындар  (асық,  ақсүйек),  ұлттық  киімдер 
(бөрік,  тон,  ішік),  малдардың  жүні  ,  шудасы,  қылы,  терісі,  мүйізі,  т.б. 
жануарлар  жайлы  аңыз  –  әңгімелер,  мақал  –  мәтелдер,  жұмбақтар, 
оларға тін қойылған адам, жер су, елді – мекен аттары т.б. 
Сабақтың барысы – жаңа материал жоспары: 
Жануарлар әлемінің табиғаттағы маңызы. 
Адам өміріндегі пайда – зияны. 
Жануарлардың тіршілік ету сипаты. 
Жануарлар  тіршілігіндегі  табиғаттың  маңызын  қазақ  халқының 
ұлы ақыны  Ж.Жабаев былайша жаралған: 
Табиғат сұлулықтың төркінісін, 
Ән саламын бір сенің көркін үшін 
Жан – жануар табынып бір өзіңе, 
Сенен алып тұрғандай бар тынысын. 
Жануартанудың табиғаттағы маңызына тоқталсақ: 
а) топырақтың құрамын өзгертіп, құнарлығын арттырады; 
ә) өсімдіктер жемістері  мен  тұқымдарын таратады; 
б) өсімдіктерді тозандандырады; 
в) табиғаттағы тазалықты сақтайды; 
г) жануарлардың табиғаттағы тепе – теңдігін  сақтайды; 
д)  континент  арасындағы  арбавирустар  мен  эпидемияны 
таратады.  
Жоспардың  II бөлімінде   -  адам  өміріндегі маңызына (малдың  
күші,  сүті,  жүні,  қылы,  еті,  терісі)  халықтың  тағамы,  киімі,  баспанасы, 
үй    жиhазы  –  өмір  тіршілігінің  негізі  (халықтық  педагогиканың 
элементтерін қолдану  үшін  алдымен  іші – сырты  толық жабдықталған 
қазақ үйге көңіл аударылады). 
Қазақ    үйдің  сүйегін  (кереге,  шаңырақ,  уық)  жабатын  пісірілген 
ақ киізден пішілген  сыртқы әбзелдері: туырлық, үзік, киіз есік пен түрлі 
– түсті жіптен тоқылған басқұрлар, желбулар, көрсетіледі. 
Туырлық  –  көргенің  іргесіне    уықтың  ортасына  дейінгі  жерге 
жабылған киіз. 

282 
 
Үзік  -    кереге  басынан  шаңырақ  шеңберіне  дейінгі  аралықты 
жабатын киіз. 
Түндік  –  шаңырақтың  төбесіне  шошайған    қалыппен 
орналастырылған күлдіреуіштің үстінен жабылған төрт бұрыш киіз. 
Киіз есік – сықырлауықты жауып тұрады. 
Оқытушы  оқушыларға  суреттен  қой  жүнінен  киізді  қалай 
басатынын, жіп иіру т.б. әңгімелеп береді. 
Қазақтың киіз үйінің күн сәулесін, тамшы өткізбеу, жылу сақтау 
т.б.  қызметтерін  атқаратыны  және  көшкенде  жинап,  көлікке  артуға 
ыңғайлы  жасалғандығы  мен  оның  ақ  үй,  ақ  орда,  боз  үй,  отау  т.б. 
түрлерімен де таныстырады. 
Жүннен, жіптен жасалған үй жиhаздары. 
Оқушыларға  қазақтың  киіз  үйіне  лайықталып,  мал  жүнінен, 
жібінен жасалған үй жиhаздары көрсетіледі: 
Текемет  –  бетіне  түрлі  –  түсті  ою  –  өрнек    бастырылған  киіз 
суықтан сақтау мақсатында еденге төсейді.  
Түскиіз  –  ою  –  өрнек  салынып  немесе  кестеленіп  тігілетін  жұқа 
киіз, қыста суықтан қорғау мақсатында керегеге ұстайды.  
Кілем  –  әртүрлі  жіптен  әсемдік  сондай  –  ақ,  үйдің  жылуын 
сақтау,  дыбысты  бәсеңдету  үшін  пайдалынылатын  түрлі–түсті  ою  – 
өрнек  салып,  тоқылған  үй      жиhазы  т.б.  пайдаланатындығына 
тоқталады. 
Оюлардың  тәрбиелік  мәні  зор.  Айталық,    қолтық  оюы  жерге 
төсейтін  текеметке  түсіріледі, хош  келдіңіз, бүйір таянып,  өз  үйіңіздей 
керіп  демалыңыз  деген  мағынаны,  ал  мүйіз  молшылық,  байлықты 
білдірсе,  құстар  оюлар  ұшқан  құстай  ерікті,  бақытты  бол  дегенді 
білдіреді. 
Мал терісінен жасалған ыдыстар. 
Саба, исүйретпе, мес, т.б. көрсетіледі: 
Саба  -  жылқы    терісінен  түйенің    шуда  жібімен  сырт  жағынан 
жөрмеп тігілетін ыдыс. 
Сүйретпе  – атан өгіздің терісінен жасалған. 
Мес  –  ешкі  терісінен  бітеу  сойып  пұшпақтарын  шуда  жіппен 
байлайтын ыдыс. 
Мал  терісінен  жасалған  ыдыстардағы  қымыз,  шұбат,  іркіт  т.б. 
дәмді және жұғымды болған, дәм бұзылмаған. 
Ұлттық тағамдар. 
Қазақ халқы үшін дастарханнан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Қонақ 
күту  дәстүрлі,  ел  –  жұрт  арасындағы  ізгі  қарым  –  қатынастарды 
нығайтуға, ағайын – туыстардың, көрші – қолаңдардың алыс – берісіне 
үлкенді  –  кішіні  –  кіші  болып,  сыйласуына  өскелең  ұрпақты 

283 
 
жастайынан  көпшіл,  мейірімді,  үлкенді  құрметтеп,  кішіге  қамқоршы 
болуды  үйретуге  өте  зор  ықпалын  тигізген  –  қазақтың  ұлттық 
дастарханында пайдаланған мал өнімінен дайындалған тағамдар. 
Мал  шаруашылығымен  айналысқан  көшпелі  қазақ  халқының  ең 
негізгі ас дәмдерінің бірі – ет. Қазақта силы қонаққа бас тарту ежелгі ел 
дәстүрі.  Ол  –  адам  әлемді  баспен  билейді  деген  ұғымды  білдіру. 
Оқушыларды бас тартудың өзіндік рәсімімен таныстырған жөн. Бастың 
тұмсығын  қонаққа  қаратып  ұсынады,  жанына  пышақ  қояды.  Бастың 
кеңсірігінің  үстінен  ұзынша  және  көлденең  тілінген  болуы  шарт.  Ол 
ұзыннан сіздің жол, көлденең түскен жол, екі жол айқасып, қонақ пен үй 
иесі  бір  тілекте  кездесті  деген  мағынаны  білдіреді.  Сонымен  қатар,  
оқушыларға табақ тартудың түрлерімен бас табақ (бас, жамбас салынуы 
шарт, орта табақ, құдағи табақ т.б.) және толып жатқан ырымдарымен, 
мысалы:  “Ағы  бардың –  бағы бар” деп қазақ  халқы сүт тағамын бақыт 
нәсібесі деп білгендігі айтылады. 
Оқушыларға  табиғаттың  қыры  мен  сырына  ерекше  назар 
аударған,  одан  тағылым  алған  халық  емшілерінің  жануарлардың  емдік 
қасиеттерін байқап, тәжірбиеде қолданғандығымен, мысалы: борсықтың 
терісі  мен  майын  өкпе  ауруларына,  иттің  жүнін  құлғана  ауруларына 
пайдаланатынымен т.б. таныстырады.  
Қазақтың музыкалық аспаптары. 
Домбыра,  қобыз,  шертер,  мүйіз  сырнайлар  т.б.  халық  арасында 
кең таралған, ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра 
тақтаға ілінеді.  
Халық  тұрмыс  тіршілігіне,  әдет  –  ғұрпына,  салт  –  санасына, 
табиғат  сұлулығына,  жануарларына  тебіріне,  көңілінен  жарып  шыққан 
“Аққу”,    “Аңшының  зарына”,  “Ақсақ  құлан”  т.б.  шығармаларын 
музыкалы аспаптар арқылы бейнелеп отырған. 
Музыка  аспаптары:  малдың  терісінен,  сүйегінен,  мүйізінен. 
Қылынан  да  жасалған:  Мысалы:  жазушы  Төкен  Әлімқұловтың 
“Қобызым - қорқыт” әңгімесінен  үзінді тақтаға жазып ілуге болады. 
“Жел маяның терісін, 
Шашақ қалған қобызым. 
Бесті айғырдың құйрығын, 
Ішек қылған қобызым”. 
Жоғарыдағы, өлең шумақтары айтып тұрғандай 
музыка 
аспаптарына  нар  түйенің  терісінен  шанақ  жасап,  бесті  айғырдың 
құйрығын қыл ішекке пайдаланғандықтан аспаптың дауысы сыңғырлап 
шыққан. 
Ер тұрман 

284 
 
Қазақтың еркектері мен әйелдеріне ортақ бағалы бұйымның бірі – 
ер  –  тұрман  болған. Оның  құрамына кіретін малдың жүнінен жасалған 
киіз – тоқым, оған мал терісінен алынған былғары мен әшкейлеп тіккен. 
Қамшының сабы: тау ешкі, ақбөкен, мүйіздерінен т.б. жасалған. 
Ұлттық ойындар 
Халық арасында кең таралған ұлттық түрлері “Ақ сүйек”, “Асық 
ойыны”,    “Аудараспақ”  т.б.  арқылы  оқушыларға  тапқырлық 
шапшандық,  мергендік,  еңбек  сүйгіштік  сияқты  қасиеттірімен  қатар  
баланың қиялын кеңейтіп, іскерлікке баулып, денесінің үнемі қимылды 
болғандықтан  бұлшық  еттерін  дамытып,  ақыл  –  ой  тәрбиесінде  жүзеге 
асады. 
Ұлттық киімдер 
Бар  өмірің  ат  үстінде  өткізген  ата–бабаларымыз  құлазыған  кең 
даланың  үскірлік  аязы  мен  аңызақ  желіне  қамсау  болар  ұлттық 
киімдердің  қарапайымдылығымен,  үйлесімділігін  жүріп  –  тұруға 
ыңғайлығымен  ерекшеленеді.  Мысалы:  Бөрік  –  бағалы  аң  терісінен 
(құндыз, сусар, кәмшат, жанат, түлкі т.б.) тігеді. 
Тон  –  малдың  қой  ешкінің,  құлынның  терісінен  тон  тігіп  кию 
ежелгі қазақ салты. Ішік – бағалы терілі аңдардың (қасқырдың, түлкінің, 
қарсақтың,  құндыздың  т.б.)  терісінен  сыртын  мақтамен  тыстап  тіккен 
киім. 
Бағалы аң мен малдың терісінен киімдер әрі жылы, әрі жұмысқа 
ыңғайлы болған. 
Жоспардың үшінші бөлімі 
Жануарлардың  тіршілік  ету  ортасы  жайында  халық  арасында 
ежелден  оларға  деген  сүйіспеншіліктен,  қамқорлықтан  туған  қорғау 
үшін  айтылған  тәрбиелік  мәні  өте  зор:  аңыз  –  әңгімелер,  мақал  – 
мәтелдер, жұмбақтар жеткілікті. Халқымыздың бойындағы қанға сіңген 
қасиеттердің бірі – табиғатты аялау, яғни экология тәрбиесі. Данышпан 
бабаларымыз  әлі  мықты  бөлінбеген,  тұнығы  щайқалмаған,  табиғаттың 
қадыр  -  қасиетін  жете  түсінген.  Жердің  құйқасын  кемітпеу  үшін,  киіз 
үйлер  жылдағы  жұртына  тігіліп,  жер  –  ошақты  да  көрінген  жерден 
қазбаған  еді.  Халық  табиғаттан  аялы  алақанымен  қамқорлығын  аяған 
емес. 
Халық  ұғымдағы  ертеден  келе  жатқан    “Киелі”,    “Қасиетті”  , 
“Обал”,    “Киесі  ұрады”,  “Сауабы  тиеді”  –  деген  сөздердің  табиғатқа  
қиянат  жасама  деген  ұғымнан  туғаны  белгілі.  Мәселен,  қазақтың 
аққуды, қарлығашты, ұларды, дегелекті, үкіні қастерлеуі осының дәлелі. 
Халық  оларды  игіліктің  иесі,  бақыттың  бастамасы,  жақсылықтың 
жаршысы, ұлылықтың ұйытқысы деп өте жоғарғы бағалаған. 

285 
 
Жәндіктер  мен  жануарлардың  белгілі  бір  түрінің  пайдалылығы 
немесе  зияндылығы  жөнінде  халық  арасында  ежелден  қалыптасқан 
әртүрлі ырымдар бар. Мысалы, егер құмырсқаның илеуін бассаң аяғың 
ақсақ  болып  қалады  деген  ырым  арқылы  құмырсқаны  сақтап,  орман 
тоғайдың өсуіне қолайлы жағдай жасауды ойластырған. 
Педагогика  ғылыми  аңыз  –  әңгімелер,  мақал  –  мәтелдер, 
жұмбақтар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады деп 
есептейді. 
Қазақ    халқының  табиғатқа,  жануарларға  сүйіспеншілік  сезімін 
олардың  “Мұнлық  -  Зарлық”  аңызында  айдалаға  апарып  тастаған 
балаларды киік емізіп аналық қамқорлық жасап өсіреді. Немесе “Қозы – 
Көрпеш    Баян  –  сұлу  ”  жырында  аңда  жүріп  дос  болған    Қарабай 
Сарыбайға  буаз  маралды  атқызып, Кие  соғудан өледі. Осы  аңыздар 
арқылы киік адамның нағыз досы, киелі  аң екенін дәлелдемек  болған. 
      Мақалсыз сөз  ауыздықсыз қалған аттай болады,  
      Мақалды  сөз ақ қағазға жазған хаттай  болады, 
деген ұран сөзбен, жануарлар  жайлы  мақал – мәтелдер  тақтаға  
ілінеді. 
      Мақал  –  мәтелдер    ой    -  өрісінің    «  90  ауыз  сөздің  тобықтай  
түйінің  »  беретін  нағыз  сөз  данасы,  сөз  асылы.  Мысалы  «Көл  құрақ  – 
көлдің сәулеті,  аң мен құс  елдің дәулеті»,  -  деп отырып,  халық аң мен 
құс елдің байлығы деп санаған. 
      Оқушыларға    мақал  –  мәтелдердің  тәлім  –  тәрбиелік  мәнін 
аша отырып  халық дәстүрлерін таныту мақсат етіледі. Мысалы: 
       «Көлдің құты  кетсе, 
       Көкқұтан бір  жыл  ерте  кетеді», 
       «Балғы  болмаған  көлі   құрысын, 
       Киігі  болмаған  шөлі  құрсын», 
       «Досынды    сатпа,аққуды    атпа»    т.б.  мақал  –  мәтелден 
жануарларға  қамқорлық жасап, көздің  қарашығындай  сақтап,  қорғау  
керектігін  айтып  тұрғандай. 
       «Арманы  жоқ  жас – қанатсыз  қарлығаш», 
       «Асық  ойнаған  азар, доп  ойнаған  тозар» 
       «Талапты  бала - талпынған  құстай 
       Құмары  қанбас – аспанға  ұшпай», 
      «Қасқырда    қас    қылмайды    жолдасына»,  т.б.  мақал  – 
мәтелдерде  тәрбиенің бастауы  мен  қайнар  бұлағы  жатыр. 
Экологиялық тәрбие    берудеде  қазақ мақал  –  мәтелдердің  орны  
ерекше. 
       «Құлан – қырда, 
       «Құндыз - суда», 

286 
 
       «Бұлбұлға - бау  жақсы, 
       Кекілікке - тау  жақсы», 
      «Дуадақ  шөлін  мақтайды, 
      Көкала қаз  көлін мақтайды, 
      Кемеңгер  елін  мақтайды, 
      Дихангер  жерін  мақтайды», 
      «Тау  басында қабылақ  болмайды, 
      Құдық  суында  балық  болмайды »,  т.б мақал – мәтелдерден 
жануарлардың  тіршілігіне  қолайлы  экологиялық  ортасы  көрініп  тұр. 
ЖҰМБАҚТАР 
      Ертеде  халық    ердің    даналығын,  жүйріктігін  жұмбақпен  
сынаған.  Оқушыларға    жануартану    сабағында    жұмбақтарды  
пайдалану,  олардың    танымдық  қасиетін  дамытып,  ой    ұшқырлығын  
шыңдап,  әсіресе    жануарлар    тіршілігінің  сырын  шеше  білуге  
жетелейді. 
     Жұмбақ    шешу  -  біріншіден    оқушылардың,  екіншіден  ой  
жүйріктігіне  табан астында  тапқырлыққа  баулу. 
      «Маңдайы ақ  қасқа, 
      Ақ жері  жоқ  қасқа».  
                                           (қасқалдақ) 
      «Пысқырғыш  не? 
       Ысқырғыш  не?».   
                                       (құлан мен  жылан) 
       «Мүізінен таралған, 
       Жанға  шипа  дәрі алған».    
                                            (марал) 
      «Екі  басы  жұдырықтай, 
      Ортасы  қылдырықтай».   
                                          (құмырсқа) 
       Қазақ   халқының   табиғатқа   деген   сүйіспеншілігін, сезімін, 
олардың    жануарларға    арнап    қойған    адам,  жер  -  су,  елді  -  мекен 
аттарын  тақтаға  жазып  іледі.  
     АДАМ  АТТАРЫ 
     Халық өзінің  сүйікті  ұлдарымен  қыздарына  табиғат  ажары  
болған    аң  –  құстың    атын    беріп    аялай    білген.  Жануарлардағы  
сұлулықты, 
нәзіктікті, 
көріктілікті, 
ажарлықты, 
әдемілікті, 
мейірімділікті,  әншілікті  –  Ақмарал,  Құралай,  Бұлбұл,  Лашын, 
Қарлығаш, Сандуғаш, Ұлар, Тоты, Құндыз, Кәмшат, Жанат т.б. теңеген; 
ал 
күштілікті, 
батырлықты, 
қайраттылықты, 
ержүректілікті, 
қырағылықты,  сақтықты  –  Арыстан,  Қабылан,  Жолбарыс,  Қаршыға, 
Сұңқар, Бүркіт Киік, Бөкен, Қабан, Түлкі, Қасқыр т.б.  балаған. 

287 
 
Бұл аттар халық жүрегіне жанға жайлы естілетін есімдер. 
      «Жақсы жігіт- аспандағы жұлдыз 
      Жақсы қыз  – жағадағы  құндыз»  - деп ең ардақтысын жұлдыз 
бен құндызға теңеген. 
 ЕЛДІ - МЕКЕН АТТАРЫ : 
       Қазақстандағы:  Арқарлы,  Маралды,  Марқакөл,  Құланды, 
Қоянды, Аюлы, Құндызды, Шортанды, Балықшы, Қарсақпай, Көгершін, 
Торғай, Бурабай т.б. жер аттарының қойылуы – аңдарды қасиет тұтудың 
белгісі. 
       Салт-дәстүр әдет-ғұрып халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, 
мәдениетінің арқауы. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе 
жатқан ата-дәстүрінің желісін үзбей, халқымыздың асыл мұрасы ретінде 
бағалап  оларды  оқушыларға  көздің  қарашығындай  сақтап,  ілгері 
дамытып отыру өркенді де, өнегелі іс екенін түсіндіру. Ол мемлекеттік 
маңызы зор аса жауапты іс. 
Бекіту сұрақтары: 
1.Киіз үйдің сыртқы әбзелдеріне не  жатады? 
2.Киіз үйдің жиһаздарын ата? 
3.Үй жиһаздарындағы ою-өрнектің мәні қандай? 
4.Қандай мал терісінен ыдыстар жасалады? 
5.Малдың терісі мен қылынан жасалған аспаптарды ата? 
6.Ұлттық ойынның қандай түрін білесің? 
7.Бағалы  аңдар  мен  мал  терісінен  тігілген  ұлттық  киімдер  түрі 
және олардың маңызы қандай? 
8.Жануарларға  сүйіспеншілік  сезімін  қалыптастыратын  аңыз-
әңгімелер? 
9.Мақал-мәтелдер, жұмбақтар білесің бе? 
10.Аңдарды қасиет тұтудың белгісі не? 
Үйге берілген тапсырма сұрақтар. 
1.Жануарлардың табиғаттағы маңызы қандай? 
2.Жануарлар жер шарында қалай таралған? 
3.Жануарлардың мекен ету ортасы деген не? 
4.Жануарлардың  адам  өміріндегі  пайдалы  және  зиянды  жақтары 
қандай?  
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Р.Әлімқұлова т.б. мектептерде биологиядан олимпиядада өткізу 
негіздері. Алматы, 1998. 
2.
 
Б.Юсупов “Іскерлік ойындардың білімдік тәрбиелік мәні 
(методиялық құрал) Алматы, 1994 жыл”. 
3.
 
М.Жұмабаев (педагогика) Алматы, 1992жыл. 
4.
 
“Ата салтын – халықтық қалпың” құрастырған А.Қ Зәкірманов 
т.б. Алматы, 1995 жыл. 

288 
 
ФИЛОЛОГИЯ: БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ 
ФИЛОЛОГИЯ: СЕГОДНЯ И ЗАВТРА 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АНТРОПОНИМДЕРЛІҢ ӘЛЕМДІК 
БЕЙНЕСІ 
 
ӘБДІШӘРІП Ш. 
Алматы университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті»  мамандығының 
3 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: МҰСАБАЕВА Ұ.К. 
Алматы университететінің аға оқытушысы, ф.ғ.к. 
 
Зерттеу  жұмысының  өзектілігі:    Халықтың  тарихына, 
мәдениетіне  деген  қызығушылық  артқан  сайын,  қазақ  ономастикасы 
мен  әсіресе,  оның  ішінде  әлемнің  антропонимикалық  бейнесін 
зерттеудің  маңыздылығы  артып  отыр.  Заттың  атауы  оны  тек  атап 
қоймай,  сонымен  бірге  оны  танытады.  Яғни  ат  қоюда  өмір  шындығы 
мен  тұрмыс  –тіршілігі,тәжірибесі,  салт-д»стүрі,  наным-сенімі  әртүрлі 
заттар  түрінде  тілде  сөзбен  аталып  бейнеленеді.  Осының  негізінде  ол 
затты  танып,  біліп,  оны  басқалардан  ажыратқаннан  кейін  барып  ат 
қояды. 
   Осы орайда тіл байлығының танымдық мәнін анықтау ұлттықң 
әлеуметтік  ,  рухани,  мәдени  болмысын  саралап  тануға  мүмкіншілік 
береді.  Сондықтан  ұлттық  тілдің  ерекшелігін,  табиғатын  ашу  
бағытында  тіл  туралы  онотологиялық  көзқарасты  сол  тілде  сөйлеуші 
халықтың 
жан 
дүниесімен, 
ой-санасымен, 
тарихымен 
және 
мәдениетімен тығыз байланыста қарастыру- қазіргі тіл білімінің, соның 
ішінде  қазақ  тіл  білімінің  де-  өзекті  мәселелерінің  бірі.  Соған 
байланысты  ,  қазіргі  тіл  білімі  парадигмасының  өзекті  бір  саласы 
«әлемдік тілдік бейнелеудің»  жалпы және ұлттық ерекшелік негізіндегі 
көріністерін салыстыра зерттеуге ерекше  назар аударылуда. Кез келген 
халықтың антропонимдері  сол халықтың дүниетанымы туралы білімін 
жинақтайды.  
   Ономастика 
мен 
антропонимикаға 
деген 
ғылымдағы 
қызығушылық  мәдениет  пен  адам  әрекетінің  негізгі  фактілеріне 
сүйенеді.  Антропонимдердің  және  де  басқа  онимдердің  жеке  әлемдік 

289 
 
бейнесін    тереңірек  зерттеу  тіл  біліміндегі  аталмыш  мәселенің 
өзектілігін арттыра түседі. 
Зерттеудің  мақсаты:  Әлемнің  антропонимбдік  бейнесінің 
көрінісіне  талдау  жасау  және  қазақ  тіліндегі  антропонимдер  әлемінің 
бейнесінің қалыптасуына ат салысатын арнайы концептілерді анықтау. 
Зерттеудің  міндеттері:-  Қазақ  тілінің  лингво-  мәдени 
ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  антропонимдерді  когнитивті 
аспектіде зерттеу; 

 
әлемнің антропоним бейнесіне түсінік беру және оның 
ерекшелігін белгілеу; 

 
әлемнің антропонимдік бейнесінің кезеңдерін белгілеу және 
әрбір кезеңнің қалыптасу заңдылықтарына сипаттама беру; 

 
қазақ антропонимінің қазіргі жайына сипаттама беру. 
Зерттеу объектісі: Қазақ тіліндегі антропонимдер. 
Зерттеудің  әдістері:  Зерттеу    барысында  Т.  Жанұзақовтың 
«Қазақ  тіліндегі  жалқы  есімдер»  1956ж;  «Қазақ  есімдерінің  тарихы» 
1971ж;  Т.  Жанұзақов  «Очерк  казахской  ономастики»  1982ж  ; 
Е.Керімбаев  «Атаулар сыры» 1986ж; В.Мағпиров  «Собственные имена 
в памятнике Х в. «Дивану луғат ат- турк Махмуда Кашгарского» 1980ж 
канд.  дисс.;  М.Мұсабаева  «Қазақ  тіліндегі    антропонимикалық 
«аталымдардың»  этнолингвистикалық  сипаты»  1995ж,  канд.  дисс.  У. 
Мусабекова  «Мотивационный  аспект  антропонизмов  казахского  и 
русского  языков»  1996ж  канд.  дисс.Е.Керімбаев  «Этнокультурные 
основы номинации и функционирования казахских собственных имен» 
1992ж. Док. Дисс. Осы еңбектер негіз болды. 
Пайдалынылған әдебиеттер: 
1.
 
Қожанов О. Қазақ ономастикасының нормативтік актілерінің 
жай күйі/// Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері. 
Республикалық ғылыми-практикалық конференция 
материалдары.- Астана:  «Ақжол- Баспа»-2004ж 
2.
 
Гарипов Г.М. О древних кыпчакских именах в антропонимии 
башкир // Ономастика Поволжья.-Уфа,1973,-вып.3 
3.
 
Валиханов. Ч Избранные произведения.- Алма-Ата. Т.1.-,1958. 
4.
 
Султангубиева А.А. тілдік бейнедегі жүрек концептінің 
көрінісі/ қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша/. Фил. Ғ. 
Канд..., автореферат.- Алматы, 2009. 
5.
 
Джанузаков Т. Лично-собственные имена в казахском языке: 
Автореф.канд. дисс. Фил. Наук. –Алма-Ата., 1961. 
6.
 
Смағұлов А. Қазақ есімдері. Энциклопедиядық анықтамалық, 
Алматы: Атамұра. 2006. 
7.
 
Жанұзақов Т. «Есіміңіз кім ? Ваше имя?» Казахско- русский 
толковый словарь имен. Алма-Ата Казахстан, 1989. 

290 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет