көбең (Ерімбет пен Шораяқтың Омары). Мініп шықтым үмітпен Жолдасым Бурыл дөненді,
Көкке тойған
көбеңді («Қобыланды батыр»). Көдек – сенгіш, аңғал. Көдектен орынды сөз естіген соң, Ғаріп болып
қайтарды жүзін қылапаттан. Насихат айтар болса, пәлен айтсын, Данышпан,
терең ойлы озған топтан
(Ерімбет). «Батыр аңғал, ер
көдек »
(Халық мәтелі). Көк кебіс // көкше кебіс –
оюланған, әшекейлі кебіс. Аяқта
көк кебісті қара мәсі, Тігілген ұлтарағы шұғадан
(Нұртуған). Кигені Айман қыздың
көкше кебіс («Айман – Шолпан»); Кебіс −
мәсінің сыртынан киюге арналған былғарыдан тігілген галош тәрізді аяқ киім. Араб тілінде
кафш –
аяқ киім; туфли, бәтеңке дегенді
білдіреді
(ПРС., М., 1960, 530). Әркім артында жатқан қамшыларына қолын
созып жұмсақ мәсісімен ішінен бақайларын жыбыр-жыбыр еткізіп
кебісін әрең
сұғып киіп жатыр
(Ғ. Мүсірепов). Көк сүңгі –
бұрынғы батырлардың ұстанған найза іспетті бес қаруының бірі . Жауыңменен бетпе-бет, Табысар күн болар ма?! Қарағай сапты
көк сүңгі , Салысар күн болар ма?!
(Нұртуған). Көктен тілеу – Алладан тілеу. Жер іздеп, қоныс таңдап атам қазақ,
Жатпапты құр сиынып,
тілеп көктен (Нұртуған). Көлік майы // аттың майы // майын беру −
көлік үшін; көлікті уақытша пайдаланғаны үшін беретін салық түрі. Кедейлер
«көлік майын» түйені, атты, өгізді пайдаланғаны үшін де салық төлейді
(М. Елеусізов). Жауға
мінер жарамды аты болмай, ол елдегі жирен сақал Қарағұл дегеннің
Теңбілкөгін