189
Кішік
–
кіші, кіші пейіл.
Түркі тілдерінің ескерткіштерінде
кічік
−
әр
нәрсенің кішісі
(Қашқари М. Дев. луғ. турк. Іт., Т., 1960, 371).
С. Е. Малов.
Сары ұйғырлардың тілінде
кічіг
–
кішкене, кіші
деп көрсетеді
(Малов С. Е. Яз.
жел. уйгур. А., 1957).
Базбіреу қолда барды ұқсата алмай, қуартып кенезесін
шөл етеді. Өнерлі, білімді жан
кішік
келіп, Көңліңді ақылымен көл етеді
(Нұртуған).
Азулы аңмен шайқаста «Бірлік!» атой ұраны,
Кішік
келіп тимейді
Ешбір жанға зияны
(Нұртуған).
Туған деп ерден бала кім айтады, Дұшпаннан
ата алмаған алмаса кек?! Атанар талдан гүжім, жер де солай, Жат, жабыс,
артсын бағаң, болма
кішік
(Ерімбет).
Ұлық болсаң
кішік
бол
(Мақал).
Қ
Қадим
–
1) ескі; 2) арғы; 3) ескілікті; 4) көне, тозығы жеткен.
Бұл
шаһар Бұхара деген қала,− деді,− Күнелткен сендей пақыр әлденеше. Ішінде екі
түрлі халық тұрады, Бірі сарт, бірін біледі шиға десе.
Қадимнан
келе жатқан
бұл зор қала, Пақырға өздеріңдей көп жұмысы
(Нұртуған).
Мынау жер
қадим
тұр. Қарқарада жаны тұр
(С.Торайғыров).
Әрбір хадисте айтылатұғын бір
қадимге
тағриф болмайды
(Абай).
Достарыңызбен бөлісу: