32
2002 жылы өткен уақыттар аралығындағы соны зерттеу нәтижелерін
теориялық тұжырым ретінде қамтыған «Қазақ грамматикасы» тілдің төрт
деңгейін: фонетикасын, сөзжасамын, морфологиясын, синтаксисін зерделейді.
Бұл грамматика да семасиологиялық, яғни «формадан функцияға» бағытында
жазылған, осы тұрғыдағы бұрынғы грамматикалардан оның ерекшеленетін
соны тұстарының бастысы – сөзжасамның қазақ тіл білімінде жеке тілдік
деңгей ретінде сипатталуы және синтаксистің сөз тіркесінен, сөйлемнен басқа
жоғары деңгейдегі синтаксистік бірлік ретінде күрделі синтаксистік
тұтастықты, сонымен бірге синтаксистік синонимияны зерделеуі [50].
Соңғы кезде тіл білімінде грамматиканы кең мағынада қарастыру орын
алып отыр. Ол грамматика ауқымын тек морфология және синтаксиспен
шектеп қана қоймай, оның аясын фонологиялық, лексикологиялық,
фразеологиялық, сөзжасам
деңгейлерімен
кеңейтіп,
жеке
деңгейлік
категориялардан гөрі ауқымды, белгілі бір семантикалық ұғымды барлық
деңгейлердің тығыз қарым-қатынасы арқылы жүйелі түрде бере алатын
жалпытілдік категорияларды зерделейді. Болмыстың әр түрлі қырларын
бейнелейтін ұғымдық категориялардың тілдік көрінісі, яғни тілде берілетін
формалары ономасиологиялық бағытта зерделенеді, тіл білімінің бұл саласын
Достарыңызбен бөлісу: