30
бірақ бір-бірімен сәйкеспейтін әр басқа ұғымдар болып табылады. Ақпарат
категориясы таза лингвистикалық аядан тыс көптеген мәселелерді қамтиды.
Сондай мәселенің бірі – ақпараттың «жаңалығы» мәселесі. Жаңа ақпарат
әлеуметтік, психологиялық, ғылыми-техникалық, жалпы мәдени, жас мөлшері,
мезгілдік т.б. факторлардан тыс қаралмайтыны анық. Бір тыңдаушыға жаңалық
болып көрінген ақпарат екінші тыңдаушы үшін жаңалық емес не мүлде
түсініксіз болуы мүмкін. Немесе белгілі бір мезгіл
өтуімен байланысты сол
уақытқа дейін жаңалық болып келген мәселе өзінің ақпараттық мәнін
жоғалтады.
Екінші мәселе ақпараттың құндылығымен байланысты. Бұл мәселе
философияның, жекелеп қарағанда эстетиканың
бір саласы болып табылатын
аксеологияның ауқымында сөз етіледі. Ақпарат неғұрлым қайталанған сайын
өзінің құндылығын жояды. Ал кейбір мәтіндер өзгермейтін құндылыққа ие.
Олардың эстетикалық, танымдық немесе ғылыми
мәнділігі барлық уақытта
адамзат мәдениетінің қазынасында сақталады. Олар барлық уақытта жаңаның
көзі болып, ақпараттық құндылығын сақтайды. Біздің зерттеулерімізге дерек
болған ақын-жыраулар поэзиясының мәтінін
өзінің ақпараттық құндылығы
жағынан мезгілдік заңдылыққа бағынбайтын, ұлттық мәдениет пен жалпы
адамзатқа ортақ идеяны бойына жинаған
танымдық кеңістік ретінде
қарастырамыз.
Ақпарат мәтіннің негізгі категориясы ретінде тек мәтінге ғана қатысты
бола отырып, өзінің прагматикалық белгісінде әр жақты. Оның негізгі түрлері:
Достарыңызбен бөлісу: