Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


  Көнерген аталымдардың уәжділік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет33/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   393
 


34 
Көнерген аталымдардың уәжділік ерекшеліктері 
Әрбір атаудың астарында ұғым тұрады, ал ұғым зат я құбылыстар жөнінде 
пайымдаудың жиынтығынан қалыптасады. Яғни ономасиология таныммен 
тікелей байланысты, ұғымның қалыптасуына қандай уәждер негіз болады, соны 
зерттейді, анықтайды. 
Негізінен, тілдің ішкі дамуы – таза лингвистикаға қатысты жағы болса, ал 
сыртқы дамуы – экстралингвистикалық жағы (қоғам, табиғат, таным) арқылы 
атаудың мәні ашылады, яғни 
зат – ұғым – атау – таңба
арасындағы үдеріс 
тікелей аталым теориясымен жүзеге асады. 
Тіл бірліктерінің уәжділік қасиеттері туралы пікірлер Н.О. Оралбаева,
А. Салқынбай, Б. Қасым, Л.К. Жаналина еңбектерінде қарастырылады. Осы 
мәселені көтерген ғалымдардың барлығы уәжділікті сөздің ішкі мағыналық 
құрылымымен байланыстырады. 
Уәжділік
форма мен мазмұн арасын байланыстырушы құрал, маңызды 
белгілерінің бірі. 
Уәжділік
кез келген сөзге тән емес, дәлірек айтсақ оның ішкі 
формасына. Сөздің уәжділігін ашпас бұрын оның мазмұны мен ішкі 
формасының сәйкестілігіне мән берген жөн. Уәжділік шекарасы лексикалық 
мағынаның оның ішкі формасына өзектелген бөлігімен айқындалады [58, 158 
б.]. 
А.И. Моисеев сөздің ішкі мағыналық құрылымы мен уәжділігін бір 
деңгейде қарастырады. Ғалым уәжділік белгіні таңдау кездейсоқ әрекет 
еместігін дәлелдеуге тырысады, нысанға ат беруде адам оның ерекшеленер 
белгісін таниды және таңдайды дейді [59, 130 б.]. Яғни атаулардың уәжділігі 
сөз мағынасын тудыратын түбіртектің мағыналық қатынасынан анықталады. 
Алғаш уәждеме мен уәжділік ұғымдарын ажырата қарастырған
М.М. Гинатулина. «От мотивации следует отличать мотивированность. 
Мотивация есть обязательная ступень предноминативного процесса. 
Мотивированность лексических единиц и может отсутствовать» [60, 27 б.]. 
Яғни уәждеме барлық туынды сөздерге ортақ ұғым болса, сөздің уәжділігі кез 
келген туындыға тән құбылыс емес. Лексикалық бірліктер өзінің уәжділігін 
тарихи тұрғыдан жоғалтуы мүмкін, бұл оларды жалған уәжділікке де апарады. 
Л.К. Жаналина сөз уәжділігін сөзжасамдық негізгі көрсеткіш ретінде таниды 
[61, 374-390 бб.]. Сөздердің ішкі мағыналық құрылымынан олардың 
лексикалық мағынасын айқындай алмау, олардың уәжділігін, яғни мағына 
себептігін жоққа шығарады. Көнерген аталымдарда олардың уәжділігі адам 
танымымен тығыз байланысы қарастырылады. Олардың уәжділік дәрежесі тура 
мағыналы сөздерден алшақтау болады. Өйткені, нақты заттардың білім қорын 
негізге алуда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет