Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


Лексика-семантикалық тәсіл



Pdf көрінісі
бет389/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   393
Лексика-семантикалық тәсіл
арқылы жасалған көнерген аталымдар 
(қарындас, жарғы, байрақ, байтақ, дүр, бек, мақұлық, қалыңдық, тоқал, пара, 
аламан т.б.)
уәжділік ерекшеліктерімен анықталып, мәні түсіндірілді. 
Ақындар шығармаларындағы көнерген аталымдардың морфологиялық 
сипаты, көне тұлғалар мен тәсілдерді қолдану ерекшеліктері анықталды. 
Нұртуған 
мен 
Ерімбет 
шығармаларындағы 
негізгі 
морфологиялық 
ерекшеліктері 
анахронизмдердің
молынан ұшырауы. Қазіргі тіліміздегі 
лексикалық, фразеологиялық т.б. нормаларға сай келмейтін сөз қолданыстары 
(үшбу, құй, бірлән, жұмла, ошал, -дүр, -қыл/-кіл, -ғыл/-гіл, -гін/-кін, -ың/-ің) 
кездесті. Қазір бұл тұлғалар көнерген болғанымен, ақындар өмір сүрген тұста 
актив қабатта болған. Ақындар оларды өлең тіліне енгізіп шебер әрі ұтымды 
қолданған. 
Сонымен қатар Сыр бойы ақындары Нұртуған мен Ерімбет 
шығармаларындағы көнерген аталымдар 
метафорафоралану
құбылысының 
негізінде өріледі. Қазақ тіл біліміндегі сөздің метафоралану ерекшелігін көрсете 
білген ғалымдар Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев, Б. Қасым, Б. Хасанов еңбектері 
негізге алынды. 
Ақындар 
шығармаларындағы 
көнерген 
аталымдардың 
тілдік, 
поэтикалық, 
жеке 
қолданыстық 
(индивидуалды), 
танымдық, 
идиомаланған, фразеологизмдік метафоралар
негізінде жасалуы анықталып, 
талдау жасалды. 
Қорыта келгенде, көнерген аталымдардың ойы мен қыры өте көп. Зерттеу 
жұмысында Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы көнерген 
аталымдарды арнайы зерттеу нысаны етіп алып, бірде лексика-семантикалық 
жағынан қарастырылса, бірде сөзжасамдық жағынан қарастырылып, талдаулар 
жасалды. Осы бағытта зерттелген диссертациялық жұмыстың тіл білімі үшін 
елеулі маңызы бар деп ойлаймыз. 


263 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет