Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


жейдең  бұйырса үш қат, Көрпеңіз тақтай ағаш жамылмаққа [Е.К].  «Жейде»



Pdf көрінісі
бет42/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   393
жейдең
 бұйырса үш қат, Көрпеңіз тақтай ағаш жамылмаққа
[Е.К]. 
«Жейде»
сөзін қазақ тілінің сөздігі былай деп түсіндіреді: 
Жейде
– 
ерлердің сырт көйлегі 
[68, 226 б.]. 
«Жейде» деген атпен 1988 жылы «Еңбек туы» газетінде әңгіме жазылған. 
Онда: 
Үстімдегі 
жейдемді
апыл-ғұпыл шештім де, етегінен дар еткізіп 
жыртып алдым 
[76, 4 б.] дейді. 
Жоғарыда келтірілген үзінділердегі 
жейде 
сөзі диалектизм ретінде қазірде 
де көптеген аудандарда «ер адамның көйлегі» деген мағынада қолданғанымен, 
өткен ғасырдың өзінде-ақ бұл вариантты көйлек сөзі ығыстыра бастағанға 
ұқсайды. 
Ғалым Р. Сыздық: «Жейде» сөзі Абай тұсында көйлектің (ерлер 
көйлегінің) көне фасонды түрін білдіріп, сол мағынада қолданудан ығыстырыла 
бастағанын өзге материалдан да байқаймыз [77, 111-112 бб.], − деген пікір 
айтады. Ал, Н. Ильминский 
жейдені 
сол кезде тек қарттар киетін ескі үлгіде 
тігілген көйлек деп көрсетеді: 
жейде –
рубаха старинного киргизского покрая. 
Это бязевый халат с воротом шалью, на правой стороне завязывается 
шнурками. Теперь носят только старики [2, 133 б.]. Соған қарағанда, жейде бір 
кезде бүкіл қазақ даласында түгел түсінікті болып, белгілі бір үлгіде тігілген 
ерлер көйлегін білдіріп, жалпы халықтық тілде тегіс қолданылған көнерген 
аталым болу керек. 
Сондай-ақ, Нұртуған мен Ерімбет қазақтың өткен ғасырлардағы заң 
жүйесін әңгіме еткен жырларында 
жарғы//шарғы (Жеті жарғы)
термині еркін 
қолданады. Мысалы, 
Зор дөһімет мұнан кейін тағы да бар, Қоспастай 
мерекеге әмір, 
жарғы-ақ
[Е.К]
. Арам жеген «ардақты» Құрсақтары салынып. 
Мең-зең болып манаурап, 
Заң-шарғыдан 
жаңылып
[Н.К.Іт]. 
Иеменнен әр жыл 
сайын келеді адам, «Падиша «қой!» − деді, − деп,− бұл ниетті!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет