Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет69/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

жасауылмен 
ноғайлыны жинап ал. Тақтың ықтияры менде болса, мен мына Қарасайға 
берем» −
деді. Бұл үзіндідегі 
«жасауыл»
сөзі 
қазақ тілінде бейбітшілік кезде 
ханның жарлықтарын орындаушы, салық жинаушы,
ал, соғыс кезінде 
әскери 
мәселелерімен айналысатын адам
мағынасында қолданылды. 
Жасауыл
сөзінің 
әскери саладағы мағынасын өзге түркі тектес халықтың тілдерінен кездестіруге 
болады. Қарақалпақ тілінде 
жасауыл 
«сарай төңірегіндегілерге берілетін 
полицейлік шен» деген мағыналарда қолданылады. Яғни 
жасауыл
− 
ханның 
немесе ірі әскербасылардың қол астындағы жауынгерден бастап офицерлерге 
дейін берілетін әскери атақ және осы атаққа ие болған адамдар. 
Барлық деректерді қорытындылай келе, 
«жасауыл»
көнерген аталымының 
архисемасы 
әскери атақ, әскери топ 
деген ұғымды білдіреді. 
Бұл тұста тек қару-жарақ емес, сауыт-сайман аттары да тұрақталып, 
нормалана түскен. Ақындар шығармаларының тілінде 
сауыт
сөзімен қатар 
«көбе», «қаттау»
деген көнерген аталымдар синонимдік қатар түзген. Мысалы, 
Едіге мұнда келсе егер, Жыртпас па еді 
көбеңді,
 Оймас па еді төбеңді, Ұрмас 


61 
па еді енеңді?!
[Н.К.Іт]
Түсі бөлек жан екен, Жан қаратпас айбатты. 
Қаттауына 
қаратпай, Найзасы тиді жүректен
[Н.К.ІІт]. 
Түсіндірмелі сөздікте: 
көбе 
− ерте кездегі батырлар киген сауыт
[14, 303 б.]. Ескі монғол тілінде 
көбе − 
батырдың сауыты [81, 925 б.]. 
Көбе
– 
жүрек тұсын, білек, тізені, иықты садақтың оғынан, қылыштан 
қорғау үшін жалпақ темірден жасалған сауыт.
Ол бүкіл денені қорғау үшін 
тырнақ ұқсас, көбінесе қола немесе мысты қатпарлап тізіп немесе металл 
шынжырларды (шығыршықтарды) біріктіріп, көйлек тәріздес етіп жасалған 
түрі. Кейінірек көбенің жеңіл көкірекше түрі шыққан. Сондай-ақ, көбенің 
қанды көбе деген де түрі бар. 
Қанды көбе
– 
жай сауыт емес, әрдайым ұрыс 
майданында болатын батыр киетін көбе
[96]. 
Келтірілген деректерді қорытындылай келе, 
«көбе»
аталымының негізгі 
мағынасы 
батырдың жауға аттанғанда киетін, найза мен сүңгіден қорғайтын 
темірден тоқылған киімнің (сауыттың) бір түрі

Ғалым Р. Сыздық: «Заман неғұрлым әрілеген сайын қазіргі нормамен 
салыстырғанда, көнерген элементтердің молынан ұшырасуы заңды да, түсінікті 
де. Бірақ әрідегі әдеби мұра ауызша сақталғандықтан, көптеген бейтаныс 
дүниелер мәтіннен ығысып, бізге түсініктірек баламалармен жеткені аян. Әйтсе 
де бұл мұралардан «көненің көздері» − архаизмдерді табуға болады» [77, 80 б.], 
− деген пікірі осының айғағы. 
Қару-жарақ пен сауыт-сайман атауларының эпитетсіз қолданылуы – 
ақындар өмір сүрген кезеңнің әдеби үлгілерінде кемде-кем ұшырасатын 
құбылыс, ал кейінгі кезде бұл қолданыс сирей бастайды. Мына өлең 
жолдарында қару атаулары эпитетсіз қолданылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет