Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


Аралас семантикалық көнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет17/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   393
2 Аралас семантикалық көнерген аталымдар.
Бұлар өте көп. Мұндай 
архаизмдерде лексика-семантикалық қасиеттер аралас болып келеді. Ақындар 
шығармаларында кездесетін 
сауыт, құн
тәрізді аталымдардың ескі ұғымдары 
көнеріп, орнына жаңа ұғым келді. Осы тұрғыдан қарағанда 
сауыт, құн
сөзі 
лексикалық архаизмге жатады. Бірақ бұл архаизмдердің ауыспалы мағынасы 
қазіргі активті сөз қолданысында күні бүгінге дейін көнере қойған жоқ. 
Сауыттың көне мағынасы – садақ оғы мен қылыш жүзінен қорғану үшін ерте 
кездерде соғыстарда жауынгерлердің киетін темірден тоқылған киімі, ал 
ауыспалы мағынасы әртүрлі зат салуға не құюға арналған ыдысты 
сауыт
дейді. 
Құн 
сөзінің бір мағынасы: 
кісі өлтірген адамнан алынатын айып, алымның 
түрі, өлген адамның қанының төлемі 
(көнерген жағы). Ал, ауыспалы 
мағынасы: 
кез-келген зат бағасының мөлшері, нарқы. Сауыт
пен 
құн 


21 
сөздерінің мұндай қасиетіне қарап аралас семантикалық көнерген аталымдарға 
(архаизмдерге) жатқызуға тура келеді. 
Аралас семантикалық архаизмдер таза семантикалық архаизмдерден 
өзгешелеу. Таза семантикалық
көнерген аталымдардың 
ауыспалы мағынасы 
ылғи жаңарып үстеме мәнге ие болып отырса, аралас семантикалық 
архаизмдерде ауыспалы мағына негізгі мағынадан өте алыс кетпейді. Мысалы, 
сауыт
сөзінің жоғарыда талданған ауыспалы мағынасы қатар өмір сүрген. 
Сауыт 
сөзінің бастапқы көне мағынасы пассив қатарға өтсе де, ауыспалы 
мағынасы активті сөздіктен шығып кетпейді. Мысалы, 
Сол бір кезде есімде Сан 
мың 
жарлы-жақыбай, 
Қайыр сұрап жүретін, «Нәр татпадым» деп кешеден
[Н.К.ІІт]. 
Бұл қос сөздегі 
жақыбай
да 
жарлы
дегенді білдіреді, бірақ жеке тұрып 
қолданылмайды. К.К. Юдахин 
жақы
− «монгольское слова, встречающееся в 
эпосе и употребляемое киргизами для выражения огорчения, скорби» − деп 
көрсетеді [38, 162 б.]. 
Жақыбай
да осы 
жақы
сөзімен түбірлес болуы мүмкін. 
Мұндағы 
жарлы-жақыбай
түрінде кездесетін қос сөздің жалпы мағынасы 
көнерген жоқ, көнерген тек қана бір компоненті 
(жақыбай). 
Сонымен жоғарыда талдау жасалған 
сауыт, жақыбай
сияқты сөздерді 
аралас 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет