Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет14/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   393
көнерген 
аталымдар 
да (тарихи, ескі, мағынасы күңгірт, пассив сөздер) тіл байлығының 
бір көзі. Бұлар үздіксіз дамып, үнемі толығып өзгерумен болады. Мұндай 
философиялық заңдылықтар мәңгілік құбылыс болып табылады. 
Тілімізде пассив қолданылып келген жоғарыдағыдай сөздердің 
мағыналарын жаңғыртып, терминдік мағына жүктеу арқылы кәдеге жарату 
көбінесе кейінгі жылдары көрініс бере бастаған құбылыс. Мысалы, 
сарбаз, 
зайыр, қазы, байрақ 
сияқты аталымдардың қолданылу белсенділігі артып, 
терминдік мағынада жұмсалып жүргендігі соның айғағы бола алады. 
Терминология саласында «маманданған» ғалым Ш. Құрманбайұлының 
сөзімен айтсақ: «жалпы қазақ терминологиясы бұрынғыдай орыс 
терминологиясының көшірмесі болып қала беруін қаламайтын болсақ, 
тіліміздің ішкі мүмкіндігін барынша пайдалану қағидатын басшылыққа ала 
отырып, барлық лексикалық қабаттарды, оның ішінде көнерген сөздердің 
(архаизм, историзм) көзін тауып, орнымен іске жарата білу арқылы да төл 
терминологиямызды байытып, оның ұлттық сипатын арттыра түсуге болады» 
[34, 56 б.]. 
Тіл бірліктерін уәжділік және аталым теориясы тұрғысынан қарастырғанда 
Н. Оралбай, Ж. Манкеева, Б. Қасым, Ш. Құрманбайұлы т.б. ғалымдардың 
негізгі тұжырымдары бағыт болды. 
Қазақ тілінің негізгі байлығы сөздік қоры болса, оның қалыптасуы, дамуы, 
толығуы – үздіксіз болып отыратын үрдіс. Бұл үрдістің негізгі көзі қоғам 
өміріндегі саналы да сапалы өзгерістерге баланысты еніп жататын заттар мен 
құбылыстарды атау. Атау жасау аталым үрдісі – сөзжасамның нәтижесі. 
«Демек, белгілі бір затқа, құбылысқа атау беру арқылы сөз жасау қоғам 
дамуымен, адам санасымен, таныммен байланысты дамып, толығып, 
күрделеніп, сұрыпталып, екшелене келіп, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен», − 
дейді ғалым Н. Оралбаева [35, 19 б.]. Ал тіліміздің лексикалық құрамның 
баюында негізгі қызметті тілдің өзіндік сөзжасам жүйесі атқарады. 
Номинация саласын зерттеген ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, тілдегі 
кез-келген атау тәжірибе нәтижесі болып табылады. Тәжірибенің ұзақтығы
әртүрлі болуы мүмкін. Адам кез келген затты көптеген жылдар бойы зерттей 
алады және оны тани алады. Қандай да бір заттың атауының пайда болуын адам 
тәжірибесінен тыс елестету мүмкін емес. Кез келген тәжірибе нәтижесі адам 
басында көрініс түрінде із қалдырады, сөйтіп түсінік нәтижесінде атау туады. 
Осымен байланысты затқа нақты ат беру үшін философияда сапа формасы деп 
аталған сана үдерісін (қабылдау, елестету, түсіну, сезіну т.б.) бөліп қарастыру 
қабылданған. Сайып келгенде, адамның айналасындағы дүниені тануы, 
денотаттың негізгі белгісіне сүйеніп ат қоюы адамның бойындағы біліміне
дағдысына, қызығушылығына орай болады. 
Күрделі атауларды аталым теориясы негізінде алғаш рет зерттеп, тың 
тұжырымдар жасаған ғалым Б. Қасым «номинация» құбылысын екі тұрғыдан 
(аталым және атау) түсіндіреді: «Аталым – шындық болмыстың белгілі бір 


19 
бөлшектерін атауға және белгілеуге қабілетті тілдік бірліктердің қалыптасу, 
жасалу үрдісі. Ал атау – зат пен құбылысты ұғымдық тұрғыдан басын біріктіріп 
таңбалаудың, яғни аталым үрдісінің нәтижесінде пайда болған лексикалық 
бірліктер» [36, 164 б.] − деп нақты тұжырым жасаған. Ғалым аталым үдерісін 
екі кезеңге бөліп көрсетеді: біріншісі – жасалымның негізі болатын уәжділік 
белгіні таңдау, екіншісі – сол уәжділік белгінің негізінде тілдік тұлғаны таңдау. 
Аталым үрдісінде негізгі нысандағы көңіл бөлінген басты белгі сол заттың 
атауы болып қалыптасады [36, 106 б.]. 
Сонымен қатар ғалым А. Салқынбай «Қазақ тілінің сөзжасамы» еңбегінде 
«атау» теориясын ономасиологиялық және семасиологиялық аспектіде 
қарастырылуын атап өтеді: «атау ономасиологиялық аспектіде анықталғанда 
заттың болмысы (денотат), атаудың мәні (сигнификат) қатынасы арқылы 
түсіндіріледі, сөйтіп маңызды, басты мән ретінде болмыс табиғатын зерттеу 
арқауы болады. Семасиологиялық аспектіде анықталғанда атаудың мәні таным 
тәсілдері мен болмыстың атын айқындауы негізінде қарастырылады». 
Ғалым аталымдық үдерісті кезеңдік деңгейде өтетініне орай, әдеттегідей, 
алғашқы және екіншілік номинация деп бөліп қарайды. «Номинациялық 
процестің белгілі уақыт деңгейінде өтетініне орай, оны екіге бөліп саралауға 
болады. Әрі бұлайша бөлу жалпы тіл білімі теориясында қалыптасқан үрдіс: 
алғашқы немесе біріншілік номинация; екіншілік номинация. Алғашқы немесе 
біріншілік номинация тек тарихи аспектіде сөздердің этимологиялық шығу 
төркінін зерттеу барысында айқындалатын аталымдардың ең көне мағыналық 
сипаты ретінде танылады. Архитұлғалардың көрінісі мен архисемасын терең 
тарихи зерттеулер нәтижесінде мөлшерлеп пайымдауға болады. Қазіргі ғылым 
жетістігі архитұлғалар мағынасының күрделі, ауқымды семалардан құралғанын 
көрсетіп отыр» [37, 38-43 бб.]. 
Тілімізде жаңа лексемалардың қалыптасуында негізгі мотивемалар 
қатысып, бір ұғымды білдіретін атаулардың тілдік айналымға енуіне негіз 
болады. Бұдан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет