Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет20/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   393
Бай, батыр, мырза
мен 
бек
неше күшті-ай! Біз кімнің шікарасы, солар да 
өтті, Қылғаннан қылмағаймын бұзық істі-ай!
[Е.К]. 
Заттардың, нәрселердің, құбылыстардың аттарының өзгеруімен я олардың 
мүлдем қолданыстан шығуымен байланысты көнерген аталымдардың бір тобы 
активті пайдаланудан шығып, пассивті сөздікке ауысуы мүмкін. 
Заманы өтіп, өшкен құбылыстарды білдіретін біраз сөздер активті сөздікке 
керексіз болып қалады. Ал қайсыбір жағдайда мағыналас не синонимдес 
ұғымдар активті сөздіктен тұрақты орын тебу үшін бір-бірімен бәсекелескендей 
болады. Мұндай жағдайда белгілі бір ұғымды түсіндіруге қолайлы мәні 
айқынырақ аталымдар өзімен мағыналас келешегі жоқ аталымдарды активті 
сөздіктен ығыстыра бастайды. Бұл арада бірінші жағдайда тарихи аталымдарға, 
екінші жағдайда көнерген аталымдарға тән қасиеттері көрінеді.
Шығармаларда қолданылған 
көнерген аталымдарға 
(архаизм) айналған 
сөздердің де өзіне лайық бірнеше қасиеттерін көрсетуге болады. 

Аталым көнерген аталымға (архаизм) айналғанда, іс, уақиға, зат 
жойылмайды, олар сапалық өзгеріске түсіп, техникалық прогресс 
нәтижесінде дамиды.
«Архаизмдер халықтың күнкөріс тіршілігіне, салт-сана 
тұрмысына, әдет-ғұрпына, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқаша 
сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер 


23 
жатады» [39, 180 б.]. Мысалы, атыс құралдары қазір де бар. Бірақ олар алғашқы 
шыққан түріне қарағанда үлкен өзгеріске түсті. Өзгеріске сай олардың аттары 
да құбылып отырады. Мәселен, 
садақ
 
мылтыққа ауысты. Садақтың 
жебесі
мылтық шыққаннан кейін активті сөздіктен ығысты да, оның орнына 
жұмсалатын жаңа қарудағы атауға керекті заттың аты 
оқ 
деп аталатын болды. 
Сонда дамып сапалық өзгеріске түскен жаңаның көнесі 
садақ
пен 
жебені
көнерген аталым деп қарау керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет