Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет22/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   393
 
 
 
 


24 
Көнерген аталымдардың коммуникативті-функционалдық қызметі 
Жалпы 
тіл 
білімінде 
көнерген 
аталымдарды 
коммуникативті-
функционалды қырынан зерттеу бүгінгі таңда өзекті мәселе екендігі дау 
тудырмайды. 
Тілдің коммуникативті қызметіне басты назар аудару өткен ғасырларға тән 
көрініс. Осы ұстаным негізінде тіл өзіндік жеке деңгейлерден тұратын құрылым 
болып қаралды да, тілдің әр саласы, яғни грамматикасы, лексикасы және 
фонологиясы өзі құрамдас бөліктерге қатынассыз, тілдік формадан мағына 
бағытында қаралды. Оның өзінде тілдік тұрғыдан мағына бағытында 
зерделенеді.
Ақындар шығармаларындағы көнерген аталымдардың коммуникативті-
функционалдық қызметін сөз етпес бұрын, «коммуникация» немесе 
«коммуникативтік» терминдерінің мағыналарын түсіндіріп өткен жөн. 
Ғалым Ф.Ш. Оразбаеваның «Тілдік қатынас» атты еңбегінде 
«коммуникация» терминінің мән-мағынасын жан-жақты қарастырып өзіндік 
құнды тұжырым жасаған [40]. Ғалым бұл терминнің мағынасын таныту үстінде 
бірнеше қазақ және орыс ғалымдарының пікірлеріне шолу жасайды. 
В. Дальдің түсіндірме сөздігінде екі сөздің мағынасы айтылған.
«Коммуникация – ж. фран. сообщение, пути, дороги, средства связи мест».
«Коммуникационный – к сообщениям относящийся» [41, 150 б.]. 
Д.Н. Ушаковтың редакторлығымен шыққан орыс тілінің түсіндірме 
сөздігінде «коммуникация» сөзі ғана берілген: «Коммуникация – и, ж, латын».
1. Сообщение, связь одного места с другим (спец). К. Передовых позиций. 
Невский проспект есть все общая к. Петербурга. 2. Сообщение передача 
мыслей (преимущ. словесная, научная). Слова есть средство коммуникаций
[42, 3 б.]. 
Мұның өзі 
«коммуникация»
сөзінің алғаш жолдық қатынас, байланыс 
деген мағынаны білдіргенін көрсетеді. Ғалым Ф.Ш. Оразбаева 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет