Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет24/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   393
қарым-қатынас
немесе 
коммуникация
дегеніміз – адамдардың бір нәрсе туралы белгілі бір 
мақсатта хабарлауы. Коммуникация екі немесе одан да көп адамдар арасында 
белгілі бір жағдайда ортақ қарым-қатынас жасауының маңызды құралы арқылы 
іске асады. Адамдардың қарым-қатынас жасауының маңызды құралы – тіл. 
Адамдар тіл арқылы өздерінің ойын, талап-тілегін, жан-дүниесінің түрлі күйін 
білдіреді, белгілі бір жағдайда бір-біріне әсер етеді, түсініседі. Түсіну арқылы 
адам қоғамының өмір сүріп дамуын қамтамасыз етеді. Мұнда тілдің 
экспрессивті қызметі де жатыр. Тіл жеке адамдардың қарым-қатынас жасау, 
ойын жарыққа шығару құралы ғана емес, бір ұлтқа жататын адамдардың, кейде 
бірнеше ұлттың қатынас құралы. 
«Қоғамнан тыс адам болмайтыны сияқты, адамнан тыс тіл де болмайды. 
Бірақ ол тіл – жеке адамның тілі емес, белгілі бір қоғамда өмір сүруші 
адамдардың өзара түсінісу, сөйлесу құралы. Сондықтан тіл әрі қоғамдық, әрі 
коммуникативтік қасиетке ие болады» [40]. 
Ғалым Б. Қасымның: «Тіл – дүниетанымның құралы, ойлау мен ұғымның 
шындық өмірдегі көрінісі. Тілдік таңба арқылы шындық болмыстағы заттар 
мен құбылыстардың ұғымдық бейнесі жүзеге асады. Сондықтан тіл оймен, 
ойлаумен тікелей байланысты. Тіл – ойлаудың, сананың, танымның қаруы, 
құралы. Тілде заттың нақты қасиеті номинативтік таңба арқылы белгіленеді де, 
оның түрлі қызметі, нақты ерекшеліктері соған негіз болады, яғни тіл – ойды 
жеткізудің тәсілі, шындық болмысты таңбалаудың құралы» [36,144 б.] деп 
тұжырымдауы өте орынды. Тілдің негізгі элементі − сөз. Сөз − ұғымды, сөз 


26 
тіркесі − ойды білдіреді: ой түсініксіз болса, сөз де түсініксіз. Адам ойының 
желісі − ұзақ ғасырларға созылған тарихи дүние. 
Келтірілген деректерді қорыта келгенде, ғалым Ф.Ш. Оразбаеваның 
сөзімен айтсақ: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет