Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет23/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   393
«комуникация»
терминінің бұдан басқа да бірнеше мағынасын көрсетеді: «Бұл сөздің тілге, 
сөйлеуге қатысты алғашқы мағынасы «қарым-қатынас», тіл арқылы түсіну, 
пікірлесу дегенге саятын болса, кейінгі кезеңдерде бұл ұғым одан әлдеқайда 
тереңдей түсті. Мәселен, 
тілдік коммуникация
– тіл арқылы сөйлесу, ұғынысу 
дегенді білдірсе, 
қоғамдық коммуникация 
қоғамдық байланыс, қоғамдағы 
қарым-қатынас дегенді аңғартады, ал 
саяси коммуникация
саяси өмірдегі 
байланыс, саясатқа қатысты қарым-қатынас дегенді байқатады». 
«Коммуникативтік» терминіне қатысты зерттеу еңбектердің қай-
қайсысында да оның қарым-қатынас құралы, сөйлеуге байланысты қасиеті баса 
айтылады. Мұның өзі сөздің, ең алдымен, тілдік қарым-қатынасқа, екіншіден, 
адамдардың өзара ұғынысуына, бірін-бірі түсінуге негізделетінін дәлелдейді. 
Коммуникация арқылы адамдар бір-біріне ойын жеткізіп, белгілі бір нәрсені 
хабарлап қана қоймайды, сонымен қатар олар өзара түсініседі, пікір алмасады, 
бірінің ойын екіншісі ұғады. Екі адамның бірінің жанын бірі ұғуы бір топтың 
түсінісуіне, ал топтың пікір алмасуы қоғамның жетілуіне әкеледі. Осыдан 
барып, адамзат тілінің әрі қоғамдық, әрі әлеуметтік функциясы көрінеді, 


25 
«коммуникативтік» терминінің әлеуметтік сипаты осыдан келіп шығады
[40, 37-38 бб.]. 
Бірқатар ғалымдар (І. Кеңесбаев пен Т. Жанұзақов) еңбектерінде 
«коммуникативтік» терминінің тілдің қызметіне байланысты білдіретін 
мағынасы анық айтылған. «Коммуникативная функция предложения – 
сөйлемнің коммуникативтік функциясы» (лат. соmmunicatio – «қатынас», 
«байланыс»). Коммуникативная функция языка – тілдің коммуникативтік 
функциясы. Тілдің қатынас қызметі. Тіл – адамдардың бір-бірімен сөйлесіп
пікір алысатын қатынас құралы [43]. 
«Коммуникация» терминінің тілге байланысты мағыналық ерекшелігі 
лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте одан әрі нақтылана түскен:
«Коммуникация – (лат. соmmunicatio от – соmmunico – делаю общим, 
связываю, общаюсь) – общение, обмен мыслями, сведениями, идеями и т.д. 
специфическая форма взаймодействия людей в процессе их познавательно-
трудовой деятельности» [44, 233 б.]. 
Сол сияқты Р.А. Абузяров пен З.И. Туеваның орыс тілін оқытуға арналған 
еңбектерінің 
басында 
берілген 
лингвистикалық 
және 
методикалық 
терминдердің қысқаша сөздігінде: «Коммуникация – сообщение, общение».
Коммуникативный принцип заключается в обучении русской речи как средство 
общения 
в 
наиболее 
типичных 
коммуникативных 
ситуациях.
Коммуникативные ситуации – ситуации общения [45, 8 б.] – деп түсіндірілген. 
Айтылған дәлелді пікірлерден шығатын тұжырым, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет