188
Күйек −
1) күннің жылыған уақыты; 2) қой, ешкіні қашырып жібермеу
үшін қошқар мен текенің беліне кесе көлденең байланған киіз.
Күз айы –
күйек
болып күн шымыртса, Қыс белгі – жерге түссе боз қырауы. Ерітіп ертеңгісін
тысқа шықсаң, Қалың шат, қаға жүрсең көп жыраны
(Нұртуған).
Бір күні
жаулайтұғын жау жоқ, даулайтұғын дау жоқ, қаңтардың
күйегінде
қолына құс
алып, соңына ит ертіп, Орақ Құсмұрын қара шоқыға шығып, арқасы құрыстап:
«Бозданың қалыңының арасынан айқайлап аң шақырайын және ішімдегі
шерімді шығарайын» деп қаһарлана ақырды
(Нұртуған).
Күйек
байлаған
қошқарша қылтыңдап киіз сөмкелі біреу жүр
(Ғ. Мұстафин).
Күйме
−
ерте кездегі төбесі жабық көлікке жегілетін сәнді арба
.
Түрмеден басқа кимеген,
күймеден
басқа мінбеген ханшалар жайдақ түйеге
мініп мазалары кеткен соң, киімдерін басына бүркеп, әуреге түсіп, егіліп
жылайды
(Нұртуған).
Суарсын Нартайлақты екі мезгіл, Қоржыннан қос уыстап
берсін жемді. Сипасын сәске уақытта жабу алып,
Достарыңызбен бөлісу: