«Қадим» − арабша «ескі» деген сөз
(С.Мұханов). Сырбай
қадим (көне, ескі), ықылым (талайғы, ежелгі) деген
сөздерді керегіне келістіре жаратқан
(М.Әлімбаев). Қазанат − жылқы тұқымының ең мықты, ең берік, ең жүйрік түрі. Бес
қару ерге лайқат, Соның бірі –
қазанат. Тұлпар ерлеп мінгенге, Не болмақ қару
бөлгенге
(Нұртуған). Тұлпардан туған
қазанат, Ұстап алсам егерде, Мінісіме
жарамды. Шақырайын тездетіп, Еңсесі биік ордаға Он сан мынау Ноғайды
(Нұртуған) . Жүздерің ыстық көрінді, Мен көрмеген перизат. Аттарыңа көз
салсам, Пырақ екен қазанат
(Нұртуған). Жылқым бар сәйгүлікті
қазанаттан, Жығылмас шабуылда қазақ аттан
(«Қазақ әдебиеті»). Жол қылмаққа дұшпанға,
Батырдың көңілі бұзылды. Мінуге керек
қазанат, Беліне керек шар болат
(«Қамбар батыр»). Қазанат – арғымақ пен далалық қазақы жылқы (жабы)
екеуін будандастыру арқылы алынған тұқым.
«Қазанат арғымақтың
жүйріктігін, ұшқырлығын, жабы тұқымының төзімділігін, аштыққа, суыққа
шыдамдылығын, екеуінің де алыс жолға беріктігін қабылдаған»
(Ахметжанов К. Жар. тем. ки. А., 1996, 35б.). Сонымен бірге шабуылдауға, соғысқа икемді.
Қазақ батырлары жорыққа, жекпе-жекке, майдандағы ұрысқа осы қазанатты
мінген.
Қазына –
асыл бұйым сақталатын жер. Араб тілінде
хазинатун –
қымбат заттар, жиналған мүлік; қазына (АРС., М., 1958, 277). Орта
ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінің сөздігінде
хазинә сөзін
«сокравище, казна» деп көрсетеді
(Фазылов. Э. Стар. уз. яз. т.т. І, ІІ, Т., 1966). Негізінде
Нұртуған шығармаларындағы қазине сөзі «алтын, күміс, бағалы киім-кешек,
қымбат жиһаз сақтайтын жер» дегенді білдіреді. «Бастырып қырық нарға
қазинесін, Сұлтанай Қызылатты алып берді, − Келмейді жатса ұйқы