Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


Қазина малға сатып алушы едік  («Қозы Көрпеш − Баян  сұлу»); Қазиналы // қазыналы



Pdf көрінісі
бет261/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

Қазина
малға сатып алушы едік 
(«Қозы Көрпеш − Баян 
сұлу»);
Қазиналы // қазыналы.
Көтер төсті мерейіне Отанның, 
Қазиналы
ақын Қазақстанның 
(Х. Ерғалиев). 
 
Қалауға түсу
– 
дәстүр. белгілі бір затты қалау.
Сөйтіп, үшеуі келіп 
қалауға түсіп:
Қайсымызды аласың?» деді 
(Нұртуған). 
 
Қалет (ғалат) 
– 
1) қате, дұрыс емес; 2) қателесу, адасу.
Әуелі 
жаратылды Нұн мен Кеп, Қиялмен айттым толғау тыңдасын деп. Болады үлкен 
ұят 
қалет
жазған, «Толғауды өтірік жазған бұл несі?» деп 
(Ерімбет).
Құрметлу 
жанабыңа, мырза Аппаз, Тағыңа жұмсап біреуді, көріп жақпас. Бұрынғы 
қариялардан 
қалет 
бар ма, «Татулық екі жақтан» деген рас?! 
(Ерімбет). 
Ойлаймын: Оразбайға көрсетерсің, Сөзіме мағына шын 
ғалаттан
(Қаңлы 
Жүсіп).
Бабында балалықтың тұрсың анық, Қашқанмен құтылмайсың бұл 
ғалаттан
(Шораяқтың Омары). 
 
Қалқан 
− ерте кездегі соғысқанда жау соққысынан қорғану үшін 
қолданылатын аспап, көне соғыс құралы. 
Көне түркі тілдерінің 
ескерткіштерінде де 
қалқан 
осы мағынада қолданылады. Бұл сөздің түбірі 
қалқа
(таса, ықтырма) 

жұрнағы жалғанғаннан кейін тасаланатын, 
қалқаланатын заттық атауға айналған. Ерлер шықты өр кеуде, Қолына ұстап 
қалқанды. Ніл, Жайық екі өзен Шымырлап атып жатпады, Көбігін шашып 
бұрқанды 
(Нұртуған).
Жел тұрды десе, Үйіңе арқан сал, Жау келді десе, 
Қолыңа қылыш, 
қалқан 
ал 
(Мақал). 
 
Қалы кілем 

 
асыл, үлкен кілем.
Парсы тілінде 
гали 
– 
кілем
дегенді 
білдіреді 
(ПРС., М., 1960, 377).
Бәйбіше шығушы еді аппақ үйден, Мамырлап 
ана қаздай, басып кердең. Түрікпен бау алты қабат, ақ текемет, 
Қалы кілем
орын алатын ылғи төрден. Хан емес қара келсе де жаюлы еді, Дастарқан 
оқырама алтын зерден 
(Нұртуған).
Сондағы ханымыздың тіккен үйі: Ақ 
туырлық, аппақ түндік, ақ үзігі, Түркпені бау, күміс құрсау, ораулы шиі. 
Үстінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет