Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


шерленген  (Нұртуған). «Дүниеде менің апамнан мұңды, менің апамнан қайғылы адам бар  ма екен? – деп кейде бұл да  шерленетін



Pdf көрінісі
бет373/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   393
шерленген 
(Нұртуған).
«Дүниеде менің апамнан мұңды, менің апамнан қайғылы адам бар 
ма екен? – деп кейде бұл да 
шерленетін
(С. Бақбергенов); 
Шерлеу 

ашулану, ызалану, қайғылану.
Жарың кетті дұшпанға, 
Арманыңа жете алмай
Шерледің 
батыр, 
шерледің!
Ақылың асқан Едіге, 
жайылып еді ел-елге, Қой бағып жүріп жасыңда-ақ, төрт төрелік бергенің 
(Нұртуған).
Қалай да қапы өтіп кетем бе деп?» Кітабын «Шахнаманың» еттім 
ермек... Тексеріп тәртіппенен төрт том етіп, «Қазиздат» баспақ еді оқа, зерлеп... 


253 
Оларым ойынындай боп балалардың, Отырмын осылайша босқа 
шерлеп
(
Тұрмағамбет);
Шерлі 
– 
1) ашулы, кекті, ызалы, қаһарлы; 2) ауыс. қайғылы, қасіретті, 
мұңды. 
Ішіңнен шыққан 
шерліге
Ақылыңды айт, аяма! Кәнеки, ана, не дейсің, 
тарыққан мына балаңа 
(Нұртуған).
Жартасты талай 
шерлі 
баспана ғып, 
Қаңғырып жылдар бойы мекен еткен 
(Ж. Саин). 
Қайғылы, мұңды, өнерлі, 
шерлі 
жанға, Ой салар ойын түртер, жыбыршытар. Еліртер, екілентер, 
елбіретер, Толғантар, толғақ салар, толықсытар 
(І. Жансүгіров);
Шеру тарту
− соғыс ашты. 
Қырым мен Еділ бойындағы ноғайлылардан 
«мен» деген батырлардан адам қалмай, темір қақпалы Дербентке қарай 
шеру 
тартты
(Нұртуған). 
 
Шиға 
− 
1) партия, топ; 2) діни. шиға мазһабындағылар, Әлидің (Ғали) 
жолын қуушылар.
«Мәскеуге әділ Мамай хан болды» деп, Есітті босқан халық 
хабарын-ай. Тектісі Ақташа хан өткен ноғай 
Шиғадан 
қашып көшті бермен 
қарай. «Бұрынғы мекеніне жетеміз» деп, Халық көшті бермен қарай бірі қалмай 
(Нұртуған).
Бұл шаһар Бұхара деген қала,− деді,− Күнелткен сендей пақыр 
әлденеше. Ішінде екі түрлі халық тұрады, Бірін сарт, бірін біледі 
шиға
десе. Бір 
тақта екі Әмірші отырады, Жүргізіп бар билікті екі кісі 
(Нұртуған). 
Осы сөзден 
шиизм шыққан. Ислам сүнни және шиғи деген үлкен екі жікке бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет