Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


шаһит пікір ойлат  (Қаңлы Жүсіп); Шейіт (шаһид, шаһит, шәһит)



Pdf көрінісі
бет370/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

шаһит
пікір ойлат 
(Қаңлы Жүсіп);

Шейіт (шаһид, шаһит, шәһит) 
− 1) дін жолында, дін үшін соғыста 
құрбан болған, өлген, қайтыс болған; 2) құрбан, азап шеккен.
Араб тілінде 
шаһūдун

соғыста қазаға ұшыраған, қайтыс болған кісі; дін үшін құрбан 
болған адам, азап шегуші
дегенді білдіреді 
(АРС., М., 1958, 526). 
«Шейіт
кеткен Исатай Қазақтық үшін оқ атты! Жау болуға орыспен Өлгенінше 
құмартты!» 
(Нұртуған). 
Шейіт 
кеткен арыстанды Өз қолыммен ақ жауып
Арулап елге барайын 
(Нұртуған). 
От жанып өзегімнен отыра алмаймын, 
Күйінем қасіреттеніп һәм ішпекте ас. Жөһітте ұрыста Хамзе
 шаһит
болды, Һәм 
тісін пайғамбардың оһаши бір тас 
(Ерімбет).
Кәпір мен дін мұсылман екі 
секінді, Расулім мақтандырған шаһариярын. Шаттығы үгітті айтып 
шаһит
қылды, Суырды-ау, қайран ердің, тәннен жанын! 
(Ерімбет).
Өлгендерді 
шейіт
деп, Өлмегенің қаза деп, Сатылды ханға иманы 
(Жамбыл).
Жауына еңбекшінің 
қанымен қас, Айнымай 
шейіт
болған егеу алмас... 
(І. Жансүгіров). 
Әзірет
Әлінің үрім-бұтағы түп-түгел 
шаһид
боп қырылып кететін, әлгі... Кербаланың 
шөлі осы емес пе? 
(Ә. Нұрпейісов).
Қалғандай 
шаһидтерді
аза тұтып, Дауылда 
дала лезде қарауытып, Бүркенгенде маңайды түн түнегі Тушы да елге беттей 
тартты... 
(С. Мұқанов). 
Ғашықтық майданында
шаһит 
болып, Боз жігіт Ануаз 
үшін қандай болған. Бұлардың зар тартқаны Ләйлі-Мәжнүн Табысып ақырында 
отқа жанған 
(Ақан сері).
Алты ағамның артынан
шаһит
кебінін киейін 
(«Ер 
Қосай»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет