76
Іште отырып, Жасарал мұның жау екенін білсе де, жалғыз атты жолаушыға
далаға шығуға әбессініп, ашуы келіп:
«Қалмаққа баратын болсаң,
аржағыңда
жол жатыр!» деп, айқайлап толғады
[Н.К.ІІт].
Сондай-ақ, Нұртуғанның «Жауаптасу» өлеңінде де бұлайша орфоэпиялық
түрде жазылуы орын алады:
Отырсың екі мезгіл ыңыранып,
Ұлғайып қайғы-дертің
баратқан
соң.
Ісіне Құдіреттің риза боп,
Көтеру керек, інім, жүк артқан соң
...[Н.К.Іт].
Бұл
жолдардағы
келатқан
(келе жатқан),
келатыр
(келе жатыр),
аржағыңда
(арғы жағыңда),
баратқан
(бара жатқан) күрделі етістіктің бірігуі
арқылы орфоэпиялық нормада жазылған.
Дегенмен, бұлайша қолданылу
ақындар шығармаларындағы өлең жолдарында
ұйқастың ретіне қарай дұрыс
қолданылған. Өйткені, 7-8 және 10-11 буынды өлең жолдарында буын санының
артық болмауы үшін қолданылса керек.
«Қайсыбір позиция белгілі бір дыбыстар (фонемалар) үшін «қолайлы»
болса, қайсыбір позиция онша «қолайлы» бола бермейді. Соңғы жағдайда
дыбыстық бірліктер қолайсыз жағдайдағы (позициясын)
фонетикалық
«қоршауға» бейімделіп, түрленеді. Мысалы, <б>, <д> дыбыстары үшін сөз аяғы
қолайсыз жағдай», − дейді орфографиялық сөздікте [111, 12 б.]. Мысалы,
Нұртуған шығармаларындағы мына жолға назар аударсақ:
Өмірдің іші толған бәрі қызық,
Демеңдер: «жалғаншыда мейірім
қанад!»
Нақақтан бір адамды күйдірсеңдер,
Ақыры-ақ оралып кеп сені
Достарыңызбен бөлісу: