Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


табад.  Жақсыға көп ішінде душар келсең,  Жетпеген артық-кемді қымбат  жабад



Pdf көрінісі
бет89/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   393
табад. 
Жақсыға көп ішінде душар келсең, 
Жетпеген артық-кемді қымбат 
жабад. 
Жаманға қашан қызмет жасасаң да, 
Өзіңді ақырында зәрдей 
шағад. 
Мінезі жамандардың ит секілді
Есейіп ер жеткен соң қолды 
қабад. 
Шайырың бұлайынша қалам тартсын − 
Жібектей мінез ғана жанға 
жағад
 
[Н.К.Іт]. 
Мұндағы, 
қанады, табады, жабады, шағады, қабады, жағады
сөздеріндегі соңғы дауысты – бұл әдетте қысаң дауысты, машықты (спонтанды) 
сөйлеу тілінде 
[қанад], [табад], [жабад], [шағад], [қабад], [жағад] 
делініп [д] 
дауыссызы [т] түрінде айтылады. 
«Қазақтың байырғы сөздері жіктік жалғауының ІІІ-жағымен аяқталғанда
ең соңғы дауысты фонема, өзіне екпін түспегендіктен, естілмей түсіп қалады. 
Осындай кідірістен шектескен 
<д> 
фонемасы өзінің үн сыңарын жойып
<ы> 
фонемасы түсіп, 
<д> − <т> 
фонемасы болып айтылады [107, 70 б.]». Осы пікір 
ақын-жыраулар шығармаларынан анық байқалып, сөздердің айтылуы бойынша 
қолданғаны көрінеді. 


77 
«Көне түркі жазба ескерткіштерінде, қазіргі түркі тілдерінде, оның сан 
алуан диалектілерінде, говорларында сайрап жатқан үнемдеу заңының іздері 
сөз төркінін ашуда, түбірлер мен қосымшаларды әдепкі қалпына келтіруде
семантикалық өзгерістерді анықтауда теңдесі жоқ мүмкіндік береді»
[106, 105 б.]. 
Ерімбет пен Нұртуған шығармаларындағы көнерген аталымдардың 
фонетика-семантикалық ерекшеліктері түрлі тілдік құбылыстың нәтижесінде 
түрленіп, өзгеріп отырған. Мұнда өзге тілден енген көнерген аталымдардың ана 
тілімізге кірігуі мен өлең-сөздің өн бойындағы дыбыстық ерекшеліктері 
қарастырылды. Ақындар өз шығармаларында сөзді қолдану кезінде 
фонетикалық заңдылықтарды өз орнымен жүйелі түрде сақтап отырған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет