Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


Көнерген аталымдардың сөзжасамдық тәсілдері арқылы жасалуы



Pdf көрінісі
бет90/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   393
 
Көнерген аталымдардың сөзжасамдық тәсілдері арқылы жасалуы 
Тілдің сөзжасам жүйесіндегі сөзжасамдық тәсілдердің бәрі көнерген 
аталымдарды жасауда қызмет етеді. Қазақ тіл білімінің сөзжасам саласы 
бойынша 
жан-жақты 
тұжырымды 
ой 
айтқан 
зерттеуші 
ғалымдар
Н. Оралбаеваның, А. Салқынбайдың, Б. Қасымның еңбектері зерттеу жасауға 
мол ықпал етті. 
Ғалым Б. Қасым «Сөзжасам: семантика, уәждеме» атты еңбегінде күрделі 
сөздерді анықтауда негізгі тірек ретінде лингвистикадағы қалыптасқан үш түрлі 
белгіні, ұстанымды негізге алып, құнды зерттеу жасаған: Олар: 1. Мағыналық 
тұтастық белгісі. Бұл белгі бойынша күрделі атаулардың құрамындағы 
сыңарлардың әрқайсысы әр басқа лексикалық мағынаны емес, тұтасқан күйінде 
бір бүтін мағынаны білдіріп, жеке атау болады. 2. Құрылымдық тұтастық 
белгісі. Мұнда күрделі атаулардың сыңарларының әрқайсысы бөлек-бөлек 
өзгермей, тұтас күйінде түрленіп, бір тұлғаға ие болады. 3. Синтаксистік 
тұтастық белгісі. Күрделі атаудың шығу тегін тарихи тұрғыдан қарап, оның 
бастау көзі сөз тіркестерімен байланыстырылады [36,34 б.]. Ғалымның 
осылайша нақты тұжырымдауы көнерген аталымдардың сөзжасамдық 
ерекшеліктерін саралауда мол ықпал етті. 
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай орныққан, 
қалыптасқан 
сөзжасамның 
негізгі 
үш 
тәсілі 
бар: 
синтетикалық, 
аналитикалық, лексика-семантикалық
тәсілдер. Бұл тәсілдер негізінде 
жасалған көнерген аталымдар ақындар шығармаларында жиі ұшырасады. 
Сөзжасамдық тип туынды сөздердің 
сыртқы құрылымдық тұрпатымен
және 
ішкі мән-мағынасы,
семантикалық белгілерімен
айқындалады. 
Қазақ 
тілі 
сөзжасамның 
синтетикалық 
тәсілі
арқылы, яғни 
«түбір+жұрнақ» үлгісі көнерген аталымдардың жасалуына да қатысты. 
Туынды түбір туынды сөздердің ішіндегі ең көп тараған түрі, ол сөзжасамның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет