Өткен ғасырдың бiрiншi жартысы, Кеңес үкiметi орнағаннан



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата26.01.2017
өлшемі0,7 Mb.
#2736
1   2   3   4   5   6   7   8
Тегiм 
 
Ел-жерім, таусылмайтын аққан бұлақ, 
Атығай, Қарауыл мен Керей, Уақ. 
Баласы төрт момынның деп атайды, 
Арқаның солтүстігін еткен тұрақ. 
 
Айтылған төрт момынның бір ұрпағы, 
Ішінде Атығайдың Бәйімбетпін. 
Баласы мен Әбіжанның атым Уахит, 
Боламыз немересі Темірбектің. 
 
Көкшетау, Қызылжардай туған жерден, 
Бұл күнде дәм ауысып кеттім жырақ. 
Көп жерді бұл сапарда араладым, 
Болған соң тағдыр жолы ұзағырақ. 
 
Ауыр жол жүремін деп ұзап кеттім, 

Сол жолда айтарлықтай азап шектім. 
Сәлемім ел шетіне жете ме деп, 
Өлеңмен сөз тізбегін түйдектеттім. 
 
Айдауда 
 
Шынында, менің өзім тегін емен
Кейде ат, кейде өгіз боп жегілемін. 
Он сегіз жыл есебін толтыруға, 
Бір он жыл кейін қарай шегінемін. 
 
Жыл еді мың тоғыз жүз отызыншы, 
Ол кезде болды әр кім жалған тілші. 
Қисындап өтірікті ағызғанда, 
Алдында төрелердің нағыз сыншы. 
 
Қызметім ол кездегі райкомсомол, 
Жастарға сілтеп жүрмін үлгілі жол. 
«Бек» деген өтірікші көзі алақтап, 
Пәле жауып қағазға қойыпты қол. 
 
Өзіңдей пәлеқордан серік тапқан, 
Наһақтан күйдіріпті адалдарды. 
Аяққа мықтап түсті темір қақпан, 
Жаламен отырғызды адамдарды. 
 
Бес жылды ГПУ-ы бере салды, 
Беламор-каналына айдап барды. 
Өйтіп-бүйтіп төрт жылда босап шығып, 
Ақырында аман-сау елге оралдық. 
 
Қалмады ру жігі, бақ-бақастық, 
Есекең, Биекеңмен етті қастық. 
Бұлар да өп-өтірік пәле жауып, 
(Осымен бастапқы он жыл тәмәм болып) 
Сегіз жыл сергелдеңге аяқ басты. 
 
Бiр өлiп, Бiр тiрiлдiм 
 
Градус елу алты болған сонда, 
Таймырдың соғып тұрған жел ызғары. 
Жүргенде қиын қыстау ұзақ жолда, 
Тар есік, тар босаға темір торда. 
 
Келгелі бұл араға төртінші жыл, 

Жәйімді түгел айтсам бір талай жыр. 
Кездескенім мұншама ауыр жағдай, 
Оған қоса Гитлерің көрсетіп қыр. 
 
43 жыл еді 20 қазан айы: 
Сол күні тау басынан тас құлатып, 
Суықтан қалғандар бар мүлде қатып. 
Солардың қатарына кіре жаздап, 
Денені суық алды қалшылдатып. 
 
Қалыппын бір уақытта есім ауып, 
Бола ма есі ауғанға өлім хауып. 
Аяққа арқан байлап сүйретіпті, 
Жігіттер кезекпенен ауық-ауық. 
 
Лагерге екі шақырым алып келген, 
Түрімді келгеннен соң дәрігер көрген. 
Өлгендерді уақытша тастайтұғын, 
Сарайға алып бар деп әмір берген. 
 
Түрiкмен  бала жiгiт дәрiгерге
 
 

Жағдайың келмей ме мұны емдеуге? 
Жаны бар кеудесінде тірі жатыр, 
Қызық па кісі өлімі ол сендерге? 
Сіз мұны кіргізіңіз емханаға
Кісі өлсе ол сендерге тамаша ма? 
Апару тірі адамды суық жерге, 
Сіздердей дәрігерге жараса ма? 
Жігітке дәрігер сонда ақырады, 
Қамаймын өзіңді – деп бақырады. 
Жігітім зыр жүгіріп, тауып алып, 
Сол жердің ең бастығын шақырады. 
Жігітпен еріп бірге бастық келіп, 
Өлгісі келмей жатқан мені көріп. 
Қамапты дәрігерді сол суыққа, 
Байқа – деп, жақсы болса өзің де өліп. 
Шақырып әкеліпті басқа дәрігер, 
Жасапты емге дәру нелер, нелер. 
Жатыппын дәл он сағат ессіз болып, 
Содан соң мезгіл жетті жарық көрер. 
Ес кірді, Түрікмен жігіт қасымда отыр, 
Дәрігер дауа жасап басымда отыр. 
Былаудай екі көзі жігітімнің 
Кездесіп қала ма деп ажал ақыр. 

Әскерлік соңғы дәрігер ол капитан, 
Емдеген отан ұлын талай мың сан. 
Соғыста дәрігер болып жүргенінде, 
Жаралы еткен екен сол бір майдан. 
Бастапқы дәрігер жатып екі сағат, 
Содан соң тұтқын үйге қойған қамап. 
Өкінді Түркімен жігіт сол арада, 
Шіркін-ай алмадым – деп сабап-сабап. 
О, ғажап сүйрелгенде екі шақырым, 
Үсініп – қабынбапты біздей бақырың. 
(Мінекей, содан бері 34 жыл). 
Жер басып келемін де ақырын-ақырын. 
Сол күннен бастап жаздым елге сәлем, 
Дәм сөнбей, өлгім келмей әлі келем. 
Алам – деп жаныңды келсе әзрейіл, өзім – берем. 
 
Тiршiлiк жалғасты сол қапаста 
 
Тынықтым екі аптадай содан кейін, 
Жұмысқа шығуыма болдым бейім. 
Жарты вагон тас арту міндетіміз, 
Норма толық бітірсек кешке дейін. 
 
Суықтық бүгіндағы қырық алты, 
Орындау нормамызды жұмыс салты. 
Суыққа әнеугідей ұрынбасқа, 
Уакеңнің басқаланды енді қалпы. 
 
Жұмысты тез меңгердім, әрі билеп, 
Тез толтырып қол арба, әрі сүйреп. 
Денем қызды, жұмыс та икемделді, 
Көңіл бір сәт жадырап, әрі терлеп. 
 
Үшінші площадка даярланды, 
Менде жоқ бүгінгі күн аяр жанды. 
Ақырғы қол арбаны құлатқанда, 
Бір бастығым жаныма келе қалды. 
 
Жүр – деді киініп ал, меніменен, 
Сөзім бар сөйлесетін сеніменен. 
Апарып кеңсесіне отырғызды, 
Сұрайды бұл начальник нені менен? 
 
 
Отырмын, әлі отырмын қарсы алдында, 

Бір кезде ұйқым келіп тамсандым да. 
Гражданин начальник мен неге отырмын? 
Қымсынбай осылайша деп қалдым да. 
 
Сол кезде кнопканы қалды басып, 
Бір әйел кіріп келді есік ашып. 

Апарып бұл кісіні тамақтандыр, 
Деді де шықты өзі де жылдамдатып. 
 
Отырмын, әлі отырмын қайта келіп, 
Менімен сөйлеспейді көңіл бөліп. 
Басқанда кнопканы тағы да бір, 

Ұйықтасын мына кісі, апар – деді. 

Көңілі жайлы болсын жатар жері. 
 
Жылы сөз начальниктен естіген соң, 
Жап – жақсы көңілдендім, босап денем. 
Көрмеген бұдан бұрын жылы лебіз, 
Қапаста да көтерілер бір күн еңсең. 
 
Кеш жетті, жұмыс тоқтап гудок болды, 
Жұмыстан босады жұрт оңды-солды. 

Гражданин начальник – дегенімде, 
Ұсынды түрегеліп маған қолын 
 

Спасибо дорогой Темирбеков, 
Қалған жоқ жұмысыңнан есең кетіп. 
Ішінде, екі сағат төрт норманы
Жан аямай бітірдің екпіндетіп. 
 

Бірақ сен жұмыс қылдың жеңіл киіп, 
Тұрғандай бұл суықта денең күйіп. 
Осындай сырт көйлекпен істей берсең, 
Түбінде өлмейсің бе суық тиіп. 
 
Сол күннен мақтау алдым әжептәуір, 
Бірлесіп еңбектестер болдық бауыр. 
Жаз шыға 44 тің жаз айында, 
Кездесті қиындықтар тағы да ауыр. 
 
Бір пәлесі іш ауру деген шықты, 
Осыдан осалданды талай мықты. 
Мақтау алған батырды ауру жеңіп, 
Батыл жұмыс істеуден қаймығыпты. 
Жылдан артық бұл ауру азаптады, 

Суықта енді істе – деп мазақтады. 
Жалқаулықты жандай дос көретіндер, 
Басқа түгіл табалап қазақ-тағы. 
 
Соғыс бітті, біз шықтық кейін беттеп, 
Этаппен ел жағына кірдік шеттеп. 
Қызылжар вокзалында Есіл суын, 
Шөлдеген соң сусындап іштім ептеп. 
 
Шіркін-ай туған жердің суы қандай, 
Көрінді жұтқанымда дәмі балдай. 
Әп-сәтте рахаттандым «сусын» қанып, 
Маңдай тершіп, тыныстап, жібіп таңдай. 
 
Осы ішкен су біздерге шипа болып, 
Вагонда Қызылжарда жаттық қонып. 
Құтылып «дизентерия» ауруынан, 
Құр атқа мінгендей-ақ көңіл толып. 
 
Бет алдық Қарағанды лагеріне, 
Тапсырып алдағы істі тәңіріге. 
Алланың жазғанына көніп келдік, 
Көрерміз жаңа лагерь әмірін де. 
 
Әйтсе де «күн кесілген» атымыз бар, 
«Кілт астында» делінген салтымыз бар. 
Тойынған соң мінезде оғаш-оғаш, 
Шығаратын кей кезде қалпымыз бар. 
 
Сыртында қара құлып, қоршау мықты, 
Қарасаң іші-сырты бірдей сұқты. 
Жайланып жүре алмайсың іші де тар, 
Сұп-суық сырттан көрсең түсі де ызғар. 
 
48 дің тамызы аяғында, 
Жапырақ түсіп, алтын күз таянғанда, 
Ақ түйенің қарыны жарылып, босап шықтым, 
Түс көріп, шырт ұйқыдан оянғандай. 
 
 
 
 
 
 
Ғалым Қадiрәлiұлы 

АЛАШТЫҢ АЗАМАТЫ 
(Жанұзақ Жәнiбеков)    
 
Жәнiбеков  Жанұзақ  зорлық-зобалаң  заманының  құрбаны,  сол 
заманның белгiлi азаматы, «Алаш» партиясының белдi мүшесi. Сол 
партияның  басшыларымен  бiрге  қатар  саясат  жүргiзген  көрнектi 
қайраткер  болған  адам.  Кезiнде  «Қазақ»,  «Кедей»,  «Алаш» 
газеттерiнде  сан  мақалалары  шығып,  өзiнiң  саяси  үстанымын 
көрсете  бiлген.  Мысалы  «Орынбордың  жағдайы»,  «Автономиялар 
туралы»,  «Алаш  құрбандары»  деген  мақалалары  бiзге  дейiн  жетiп 
отыр.  Бұнда  сонау  дүрбелең  (1916,  1917)  жылдардың  оқиғаларын 
саралап жазады. 
Жанекеңнiң  «Алаш»  партиясында  болғандығын  Сәкен 
Сейфуллин өзiнiң «Тар жол. Тайғақ кешу» кiтабында жазып кеткен. 
«
Алаш»  партиясының  Орынборда  Торғай  облыстық  комитетi 
ашылды, - дейдi С.Сейфуллин. – Комитетке Орынборда тұратын 10 
қазақ  және  төрт  уезден  4  қазақ,  барлығы  14  ағза  сайланды. 
Орынбордағы 
ағзалар: 
Ахметжан 
Бiрiмжанұлы, 
Ахмет 
Байтұрсынұлы,  Әлихан  Бөкейханұлы,  Елдес  Омарұлы,  Омар 
Жәнiбекұлы,  Мiржақып  Дулатұлы,  Ғабдiлқамит  Жүндiбайұлы, 
Сағындық  Досжанұлы...  Алаш  партиясының  облыстық  комитетiнiң 
төрағасы  Әлихан  Бөкейханұлы,  серiгi  Ахмет  Байтұрсынұлы, 
секретары Мiржақып Дулатұлы, қазнашысы Жанұзақ Жәнiбекұлы… 
Тарихи  деректерде  «Алаш»  партиясының  мүшелерi  қазақ 
зиялыларының  «Алаш  азаматтарына»  арналған  үндеулерi,  ақыл-
кеңестерi «Қазақ» газетiнiң беттерiнде жиi жарияланып тұрғандығы 
көрсетiлген. Мәселен, 1917 жылдың 11 маусымында осы газетте үш 
бiрдей мақала қатар басылған. Оның алғашқысында Қытайға босқан 
қырғыздардың  (қазақтардың)  ауыр  тұрмысын,  нашар  халдерiн 
суреттейдi.  Берiлiп  жатқан  жәрдемдер  аш-жалаңаш  қалған 
қандастарымызға  өте  аз,  жоқтың  қасы.  Осыған  орай  Түркiстан 
комитетiнiң  ағзасы  (Торғай  облысының  комиссары)  Әлихан 
Бөкейханов  комитет  ағасы  Жетiсу  облысының  комиссары 
Мұхаметжан  Тынышбаевқа  мынадай  хабар  жiбередi:  «Босқын 
қырғыздар үшiн 200 мың сом қазынадан қарыз сұрау керек». 
Сондай молырақ қаржы болмаса, аздап жинаған көмек олардың 
толып  жатқан  мұқтаждығының  бiрiне  жетсе,  екiншiсiне  жетпей 
тапшылық қыла бермекшi. Босқындардың тамағы жоқ, киерге киiмi 
жоқ, паналарға үй жоқ жұрдай болып сорлағандарға қомақты көмек 
керек.  Одан  соң  әркiм  әлiне  қарай  көмек  беру  керек.  Мақаланың 
соңында сегiз адамның қолы бар. Оның iшiнде Ж.Жәнiбековтiң аты 
да жүр. 
Екiншi  мақала  «Босқын  қырғыздарға  жәрдем»  деп  аталады. 
Онда  жеке  адамдардың,  ұжымдардың  ақшалай  көмегi  көрсетiлген. 
Атап  айтқанда  Ә.Бөкейханов  – 100  сом,  А.Байтұрсынов –  300  сом, 

Ж.Жәнiбеков  –  3  сом  т.с.  с.  көптеген  адамдар  және  №  1  ауыл  300 
сом, Ақбұлақ молдалары 200 сом, барлығы 976 сом ақша жиналып 
Құлжадағы комитетке жiберiледi. 
Үшiншi  мақала  «Шура-и-Ислам»  ұйымы  жайында.  Мәскеуде 
жалпы  мұсылман  сиезi  болып  өтедi.  Оған  әр  ұлттың  өкiлдерi 
қатысады.  Барлығы  800-900  адам,  оның  30  ғана  қазақ  өкiлдерi 
болған.  Сиезде  «Шура-и-Ислам»  бүкiл  мұсылман  iстерiн  басқарып 
тұратын орын болсын деген қаулы қабылданады. Сол орынға 30 ағза 
сайланады, оның 5-уi Қазақстандықтар, қалғандары басқа ұлттардан 
едi. Бұл сиездiң жетiстiктерiмен қатар, кемшiлiктерi де болғандығы 
осы  мақалада  айтылған.  Осы  сиезге  Мағжан  Жұмабаев  Ақмола 
облысынан  қатысыпты,  өз  пiкiрiн  газет  бетiнде  сын-мақаламен 
көрсетiптi.  Мақаланың  аяғына  тоғыз  адам  қол  қойыпты.  Онда 
Ж.Жәнiбеков те жазылған. 
Бiздiң қолымызға ескi деректерден Қазақ зиялыларының «Қазақ 
халқына» атты мақаласы да жеттi. Бұл мақала 1917ж. 24 маусымда 
басылған. Негiзгi мазмұны Торғай облысында мал, жан, шаруа, жер, 
судың  есебiн  алу  жайында  болып  отыр.  Мұндай  есеп  қазақ 
облыстарының бәрiнде жүрмек. 
Бұл  есепке  бiздiң  қазақ  халқы  қалай  қарамақ?  Бұрынғыдай 
сенiмсiз  көзбен  қарай  ма?  Мәнiсiне  түсiнер  ме  екен?  Бұрынғы 
есептерде  «Жерiмiз  мол,  егiндi  көп  саламыз  десек,  жерден 
айрыламыз»  деп  қорқатын.  «Малымызды  көп  көрсетсек,  алым-
шығын  көп  болады»  деп  жасыратын.  Адам  санын  алатын  болса 
«
Бiзден  солдат  алғалы  жүрмесiн»  деп  сезiктенетiн  едi.  Ендiгi  есеп 
қандай  болады?  Бұдан  пайда-зиян  қандай?  Қазаққа  жер  малына 
қарай  пiшiледi.  Малы  аз  болса,  жер  де  аз  тиедi.  Малын,  егiнiн, 
шаруасын  жасырса  ұтылады.  Ертең  сиезде  бәрi  анықталады, 
шындықтың бетi ашылады. Адам санын азайтсаң, депутаттың саны 
азаяды. Жасты да жасырып кемiтуге немесе арттыруға болмайды, ол 
да  зиянды.  Ендi  бұрынғы  қате  iздi  баспалық,  үлгiлi  жолға  түселiк. 
Мынау ұлы дүбiрге қосылып, тиiстi бәйгемiзден құр қалмалық, жұрт 
болалық…  Мақаланың  соңында  аталған  сегiз  арыстардың  аттары 
басылған, онда Жанұзақ Жәнiбековтiң де есiмi бар. 
Сайып  келгенде,  осы  мақалалар  Жанұзақтың  қолынан  өткен 
мақалалар  екенi  белгiлi  болып  тұр.  «Алаш»  партиясының 
басшыларымен қатар өмiр сүрiп, қатар еңбек еткенi байқалады. 
 
Жанұзақ Әлжанұлы Жәнiбеков 1889 жылы Солтүстiк Қазақстан 
облысы  Петропавл  қаласында  туған.  Жергiлiктi  жердегi  моллада, 
одан  кейiн  медреседе оқып,  бiлiм  алады.  Кейiн  ауылдық жерлерде, 
яғни  Есiлкөл  Полудин  болыстарында  мұғалiм  болып  қызмет 
атқарады.  1912-1913  жылдары  баспаханада  әрiп  терушi  болып 
iстейдi. 

1913-
1918  жылдары  Орынбор  қаласындағы  «Қазақ»  атты 
газетiнiң  корректоры  болып  орналасады.  Ол  кезде  газеттiң 
редакторы  Ахмет  Байтұрсынов  болыпты.  Қазан  төңкерiсiнен  кейiн 
(1917-
1918жж.)  генерал  Дутов  пен  Қызыл  әскер  арасында  соғыс 
қақтығыстары  болып  жатқан  аласапран  кезеңдер  едi.  Дәл  осы 
кездерi  жаңа  құрылып  жатқан  «Алаш  Орда»  партиясына  мүше, 
Алаш газетiнiң редколлегия мүшесi болып енедi. 
1920 жылы Жәнiбеков Петропавлға келедi. Онда оқу саласының 
инструкторы, одан соң Ақмола губкомның орынбасары қызметтерiн 
атқарады (1920-1924жж.).  
1924-
1926ж.  Петропавлдағы  «Бостандық  туы»  газетiне 
орналасып, редколлегия алқасының мүшесi болады. Тәжiрибесi мол, 
қолынан  iс  келедi  деп,  оны  Ақтөбе  губерниясының  «Кедей»  атты 
газетiн басқаруды сенiп тапсырады (1926-1929). Бұл газет таза қазақ 
тiлiнде,  жұмасына  бiр  рет,  1600  данамен  шығып  тұрған.  Газеттiң 
беттерiнде  Сәбит  Мұқанов,  Бейiмбет  Майлин,  Сәкен  Сейфуллин, 
Мағжан Жұмабаев сияқты атақты ақын-жазушылардың мақалалары 
мен еңбектерi, әдеби шығармалары басылып отырған. 1929-1932ж.ж. 
сол облыстың ауыл мұғалiмi болады. 

Сол  газеттерде  не  жайында  басылып  тұрды?  –  деген  ОГПУ 
тергеушiсiнiң  сұрағына  түрмеде  отырған  Жанұзақ  Жәнiбековтiң 
берген жауабы мынадай: «Негiзгi мақсатымыз жастарды тәрбиелеу. 
Оларға  Қазақтың  ескi  әдет  –  ғұрпын,  салт  –  дәстүрiн  үйрету,  жаңа 
демократиялық мемлекет құру…» 
Жанұзақты  «Кедей»  газетiнiң  редакторлығынан  «Редакцияны 
ұлтшылдық  пиғылдағы  қоғамға  зиянды  элементтермен  былғағаны» 
үшiн  түсiредi.  1933  жылдары  Петропавл  кооператив  техникумын 
басқарады.  Одан  кейiн  Еңбекшiлдер  ауданындағы  «Қазалтын» 
тресiне  қарасты  «Степняк»  руда  өндiрушi  поселкалық  Кеңесiн 
басқарады. Ол дiнге қарсы күресудiң орынына, қайта оны қолдады, 
контрреволюциялық ұйымдарға мүше болды, Кеңес үкiметiне қарсы 
болып,  оны  құлату  жайында  үгiт  жүргiздi  деп  айыптап,  1937 
жылдың маусым айында абақтыға жабады,  «халық жауы» атанады. 
Одан  көп  ұзамай,  екi  жарым  айдан  соң  (13.09.1937)  «Үштiктiң» 
шешiмiмен  Жәнiбеков  Ж.Ә.  ату  жазасына  кесiледi.  Оның  қай  күнi, 
қай жерде атылғаны, қайда жерленгенi белгiсiз. 
1958 жылдың желтоқсан айында ақталды, Көкшетау облыстық 
прокуратурасынан  хат  келiп  түседi  туыстарына.  Онда  «Үштiктiң» 
Ж.Жәнiбеков  жөнiндегi  шешiмi  негiзсiз  деп  табылды,  сондықтан 
қылмыстық  iс  тоқтатылсын  деген  шешiм  қабылданды  деп 
хабарланған.  Сол  жылы,  сол  айда  Көкшетау  облыстық  сотының 
шешiмi шыққан болатын. 
Жанұзақ Жәнiбеков ұсталған кезде артында әйелi – Мариям 35 
жаста, үш қыз - Әмина 16 жаста, Гүлнар 12 жаста, Еленұр 8 жаста 
қалған  екен.  Осы  артында  қалған  жанұясының  тағдыры  жайында 

айта  кетейiк.  Мариям  әйелi  1902  жылы  туып,  1968  жылы  дүние 
салған.  Өзiнiң  көзi  тiрiсiнде  үш  қызды  асырап-сақтап  оқытып  ер 
жеткiздi.  Олардың  үшеуi  де  тұрмыс  құрды,  балалы-шағалы  болды. 
Мысалы  Әмина  Ысқақ  Иманқұловпен  үйленiп,  бес  баланың  анасы 
атанды.  Ысқақ  Иманқұлов  Қазақстан  Республикасының  еңбек 
сiңiрген  әртiсi.  Гүлнардiң  алты  баласы  бар,  жолдасы  Найман 
Баймұқанов түрлi лауазымды қызметтер атқарған адам. 
Еленұрдың  тоғыз  баласы  бар  жолдасы  Сәлiм  Қалиев  атақты 
қойшы болған. Әмина, Гүлнар, Еленұр қыздарының соңғы екеуiнiң 
жолдастары бұл дүниеден өттi. Бiрақ арттарында ұрпақтары қалды, 
солар өткендердiң өмiрлерiн жалғастырмақ. 
Жанұзақтың үлкен қызы Мадина (төлқұжатын алғанда Әминаға 
өзгерткен)  1921  жылы  Солтүстiк  Қазақстан  облысы  Петропавл 
қаласында  туған.  Әкесiн  ұстап,  түрмеге  жапқанда  Әмина  Степняк 
қаласындағы  орта  мектепте  оқып  жүрген.  1937  жылы 
Петропавлдағы  фельдшер  –  акушерлер  мектебiне  түседi,  кейiн 
мұғалiмдер  институтына  ауысады.  Оны  аяқтағаннан  кейiн 
жерлесiмiз  Ысқақ  Иманқұловқа  тұрмысқа  шығады.  Петропавлдағы 
қазақ театрының жабылуына байланысты бұл жанұя Гурьев (бүгiнгi 
Атырау) облысының Теңiз ауданына көшiп келедi. Әмина аудандық 
Кеңестiң  хатшысы,  одан  соң  орта  мектепте  мұғалiм  қызметтерiн 
атқарады.  Соғыс  жылдары  облыстық  радиокомитетiнiң  дикторы, 
әдеби  қызметкерi  болған.  «Халық  жауының»  қызы  болғандықтан 
қызметiн  жиi  ауыстыруға  тура  келген.  Көкшетау  қаласында  темiр 
жол  бойында,  Көктерек  аулында  (СҚО)  мұғалiм,  Петропавлда 
эстрадалық  бюроның  администраторы,  Гурьевте  мұрағатта,  ПТУ-
дың  директоры,  пединституттың  оқытушысы  т.с.с.  қызметтердi 
атқарады. 
1976 жылдары Жетiсай драма театрының суретшi – бояушысы, 
кәсiподақ  ұйымының  басқарушысы  болып  iстейдi.  1987  жылы 
қайтыс болған. 
Жанұзақ  Жәнiбеков  кезiнде  халқына  белгiлi,  халқын  сүйген, 
халқына адал қызмет еткен айтулы азамат болыпты. Оның дәрежесi 
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев сияқты ұлы 
арыстармен бiр деңгейде болса, аты да бiрге аталмақ. Осы уақытқа 
дейiн  бүгiнгi  ұрпақ  Жанұзақты  неге  атамай  жүр?  Неге  бiлмейдi? 
Оған  жауап  бiреу  ғана,  анық  зерттелмеген.  Оны  өз  туыстары  да 
мойындайды. 

Өткен жылы қайын атам Жанұзақ туралы жазайын деп ойлап, 
бiрталай материал жинадым, - дейдi Ысқақ Иманқұлов, Жанұзақтың 
үлкен  қызының  -  Әминаның  жан  жолдасы.  –  Бiрақ  жасым  90-нан 
асып кеттi, аяғына дейiн жазып бiтiре алмаймын деген ой келдi де, 
жинаған  деректерiмдi,  ойымды,  есте  қалғандарымды  –  барлығын 
Ұлжан қызыма, аталарың туралы сендер жазыңдар деп тапсырдым. 

Ұлжан  Ысқаққызы  Молдабекова  жоғарғы  бiлiмдi  ұстаз,  орыс 
тiлi  мен  әдебиетiнiң  маманы,  бұл  күндерi  Алматы  қаласындағы 
Экология-гуманитарлық  жеке  меншiк  мектебiнiң  оқу  iсiнiң 
меңгерушiсi болып қызмет атқарады. 
Гүлжан  Ысқаққызы  өзiнiң  атасы  (нағашы  атасы)  –  Жанұзақ 
Жәнiбеков  жөнiнде  көлемдi  тамаша  мақала  жазыпты  (мақаланың 
мәтiнi орысша берiлген). Осы мақаланың қысқаша тұжырымын айта 
кетейiн. 

Жанұзақ маған нағашы ата болып келедi, ол менiң шешемнiң 
әкесi.  Осы  уақытқа  дейiн  нағашы  атамның  тағдырын,  қайғылы 
қасiретiн  бiз  –  немерелерi  түгiл,  туған  балалары  да,  туыстары  да 
бiлмей  келдi.  Тек  есте  қалғандары:  «Айдалды.  Атылды.  Халық 
жауы.  Ақталды»  деген  сөздер  ғана.  Адамның  жүрегiне  инедей 
қадалған осы сөздер, жас болсақ та, көңiлде бiр ауыр сезiм ұялайды 
екен – деп бастайды Гүлжан өзiнiң әңгiмесiн. 
Иә,  Гүлжан  Жанұзақ  атасын  көрген  жоқ,  бiрақ  ол  жөнiнде 
тыңдай келе, оқи келе, тағдырының аянышты күйiн ести келе өзiнiң 
ой  қорытындысын  жазып  отыр.  Атасының  Сәкен  Сейфуллиннiң 
«
Тар жол. Тайғақ кешу» кiтабындағы басылған мақалалары, ондағы 
мағлұматтар Гүлжанның көкiрегiн оятып, жiгерiн арттырды. «Алаш» 
партиясы,  оны  ұйымдастырушы  атақты  азаматтар  жөнiнде, 
солардың  қатарында  тұрған  Жанұзақ  атасы  жайында  дәйектi 
деректер  алып,  аса  бiр  қуанышқа  бөленедi.  Атасының  өмiрi  мен 
қызметiн  тереңiрек  зерттеуге  кiрiсiп,  мұрағаттардан,  ескi 
әдебиеттерден,  газеттерден  құнды  дүниелердi  жинастырып  жүрген 
көрiнедi. 

Осындай  ұлағатты  әкенiң  тәрбиесiнде  болған  менiң  шешем 
Әмина еш алаңсыз, бахытты өмiрсүрдi – дейдi Гүлжан. – Табиғат та 
одан  әдемiлiктi,  сұлулықты  аямаған.  Бiрақ  осы  бахыттылық  құм 
сепкендей бiр күнде жоқ болды, әкесiн ұстап әкеттi жендеттер… 
Жанұзақ  ұсталғаннан  кейiн  алғаш  қол  үшiн  берген  Сәбит 
Мұқанов болыпты, кейiн көрнекты қайраткерлер Жұмабек Ташенов 
пен Нұртас Оңдасынов келiп өздерiнiң ақыл кеңестерiн берген екен. 
Қысқасы, Ұлжан аталған мақаласында өзiнiң әкесi Ысқақ, анасы 
Әмина  жөнiнде  де  толық  мағлұмат  бере  келе,  келешекте  атасы 
Жанұзақ  жөнiнде  кiтап  жазуды  ойластырып  отыр.  Ол  мақсатты 
орындайтынына сенiмiм мол. 
Ж.Жәнiбековтiң «Алаш құрбандары» мақаласы (түп нұсқасында 
берiп  отырмыз).  Соңғы  Жалпы  қазақ-қырғыз  сиезiнiң  қаулысы 
бойынша  Семейде  атты-жаяу  милиция  құрылған  едi.  Мұны  соңғы 
кезде большевиктер ұнатпай “ойыныңды тоқтат, мылтықты бер” деп 
мiнез көрсетiп жүрдi. Оған бiздiң милиционерлер, қорғаушылар, өз 
жүректерiнде  ұлт  сақтанудан  басқа  ешкiмге  қастық  қылатын  ниет 
болмаған соң, қарсы да келмедi, ойындарын да тоқтатпады. 


мартта  таңертең  сағат  9  шамасында  Алаштар  қаласында 
мылтықсыз  ойнап  жатқан  атты  қорғаушылардың  жанына  10-15 
солдат келiп, еш себепсiз мылтықты бiр-екi басып қалады. Ешкiмге 
оқ  тимейдi.  Мылтық  дауысы  шыққан  соң  бiрлi-жарымды  жiгiт 
қашуға  айналғанда  милиция  бастығы,  учительский  семинария 
шәкiртi  Қазы  Нұрмұхамедұлы  жiгiттерге  айғайлап: “Қайда 
барасыңдар?  Жазықсыз  өлсек  өлейiк, бәрiмiздi  қырмас” деп  тоқтау 
айтып,  өзi  орнында  тұрды.  Сол  арада  мылтық  үстi-үстiне  атылып, 
Қазының  өзiне  де,  атына  да  оқ  тидi  Оқ  жүректен  тиген  екен.  Есiл 
жас сол арада жан тапсырды. 
Марқұмның  жолдастары  ботадай  боздап,  басын  құшақтап 
шуласты.  Көрген-естiген  жан  қайғырды.  Ертеңiне  жиналып, 
жаназасы шығарылды. 
Алғаш Алаш жолында құрбан болған жас бағланды белгi болып 
қалсын деп екi рет суретке басылды (бiреуi киiмiмен жатқан халiнде, 
екiншiсi халық жаназа оқып сапта тұрғанда табыттағы жатқанын). 
Қабiрге  қойып,  құран  оқылып  болғаннан  кейiн  Шәкәрiм 
(
Құдайбердиев)  ақсақал  халыққа  қарап  сөз  сөйледi:  “Әлеумет! 
Мынау  жатқан  кiм?  Бұл  ұлты  үшiн  шыбын  жанын  құрбан  қылған 
Алаш  азаматының  тұңғышы.  Мұны  өлдi  демеңдер,  бұл  күнгi  һәм 
мұнан  соңғы  “ұлтым”  деген  азаматтар  мына  мен  сияқты  болып 

ұлтым”  деңдер  деп  өзiнiң  ұлтшылдығын  сөзбен  емес,  iспен 
көрсеттi. 
Марқұмның  аты  да  Қазы  едi.  Қазы  би  деген  сөз,  Қазы  билiгiн 
етiп кеттi. 
Қарағым Қазы, өлiмiңе өкiнбе! Арманың жоқ, құдай алдында да, 
жұрт алдында да сенiң орның бөлек. 
Оқығандар! Жастар! Мынау жолдастарыңды ұмыта көрмеңдер. 
Мұның  үй-iшiнiң  мiңдетi  сендердiң  мойындарыңда.  Бiр  кiшкентай 
көзiнiң қарашығы (бiр жасар ұл бала) қалды. Соны тәрбиелеп адам 
қылу, бәрiңнiң, барлық Алаштың мойнына парыз һәм өздерiң де бұл 
уақиғаға қажымаңдар. Құдай тағала Алашқа шын ұл бергенiне бүгiн 
ғана  көзiм  жеттi.  Алпыс  жасқа  келгенде  мұндай  ұлт  үшiн  құрбан 
болатын азаматты көремiн деген үмiтiм жоқ едi. Көрдiм ендi, бүгiн 
өлсем де арманым жоқ. Қарғам, Қазыжан, қадiрiңдi бiлiп, құрметтей 
алмасақ кешу қыл. Қош, қабiрiң нұрлы болсын!” дедi. 
Жиылған  жұрт  еңiреп  жылап  жiбердi.  Сонан  кейiн  Мiржақып 
Дулатов тұрып мынаны айтты: 
Мынау кiм жатқан, әлеумет, 
Жас қабiрдi жамылып? 
Мұнша ардақты кiм едi, 
Тұрсыңдар бәрiң жабығып!? 
Жалғызы ма едi бiреудiң, 
Тiлеп алған зарығып? 
Байы ма едi бұл елдiң, 

Құрметтейтiн жабылып? 
Би мен бектiң бiрi ме ед, 
Жылардай жұртты сағынып? 
Ханзада яки сеид пе, 
Қарашы шулап қамығып? 
Жоқ, әлеумет! 
Бұл жатқан 
Жалғыз да емес, 
Бай да емес, 
Би де емес, 
Бек те емес, 
Сеид те емес, 
Хан да емес. 
Бусанып жатқан жас қабiр, 
Иесiн мұның айтайын. 
Мақсаты ұлттың жолына 
Туын ұстап қолына, 
Жас ғұмырын пида еткен, 
Жар-жолдасын күйзелткен, 
Алаштың адал баласы, 
Армансыз өлген данасы. 
Журектен жалғыз оқ тиген
Жаза баспай дөп тиген. 
Алаштың бұл құрбаны, 
Аяулы жолдас, Қазы жас. 
Жоқ, бауырым, жолдасым! 
Армансыз сенiң өз басың. 
Қабыл болып құрбаны, 
Алашты құдай оңдасын! 
 
Жиылған  халық  қамығып,  көңiлi  босап,  көзiне  жас  алды. 
Бұлардан  кейiн  Райымжан,  Жанғали  қажы,  Мұстақым  сөз  сөйледi. 
Ақырында  Қазының  бiрге  оқып  жүрген  жолдасы  Жүсiпбек  еңiреп 
тұрып:  «Жан  бауырым,  жолдасым!  Қош  бол!  Жасаған  алдыңды 
өзiңе,  артыңды  бiзге  қайырлы  қылсын.  Талаптандың,  талпындың, 
оқып  қатарға  кiрдiң.  Бұл  күнi  мынадай  мезгiлсiз  қазаға  душар 
болдың. Өкiнбе! Ұлтың үшiн туып едiң, ұлтың үшiн өлдiң. Кеудеңде 
бiр арманың кеттi. Ешкiмге оқ атып, қылыш суыра алмай, жазықсыз 
оққа ұштың. Тым болмаса ұлтыңның бақытының шетiн көре алмай 
кеттiң.  Қош,  бауырым,  жолдасым,  Қош!»  деп  көзiнiң  жасын  тия 
алмай, сөзiн әзер тоқтатты. 
Сөйтiп,  7  мартта,  бейсеiнбi  күнi  Алаштың  тұңғыш  құрбанын 
баянды сапарына жөнелтiп, жұрты тарқасты. 
Сол  күнi  бiздiң  басшы  азаматтар  Қазының  жолсыз  өлгенi 
туралы  большевик  бастықтарымен  сөйлестi.  Олар:  “Бiз  мұндай 

жұмысты  iсте  деп  ешкiмге  бұйырғанымыз  жоқ.  Өз  бетiмен  iстеп 
жүрген  бұзықылардың  жұмысы”  деп  оқ  атқан  солдаттарды 
айыптапты.  Сонан  кейiн  атушы  солдаттар  военно-революционный 
сотқа берiлдi. 
Қазы  марқұм  жасы  22-де,  Семей  уезi  Еңiрекей  болысында 
Сыбан  деген  рудан  едi.  Жасынан  кедейлiкпен  алысып,  талабымен 
оқып келген едi. Семейде екi класты школды бiтiргеннен кейiн бiрер 
жыл бала оқытып, пұл жинап алып, 1915 жылы семинарияға түстi. 
Оны ендiгi жылы бiтiремiн деп жүргенде ұлт тiлегiн зор көрiп, бiрге 
оқып  жүрген  жолдастарымен  милицияға  жазылды.  Қыс  ортасынан 
берi  атты  милицияны  басқарып  тұрушы  едi.  Марқұм  ақ  көңiл, 
талапкер, жiгерлi, ұлтшыл жас едi. Ұлтшылдығын көрсеттi. Ұлттың 
жолында жанын құрбан қылды. Жасаған ие есебiн толтырып, кейiнгi 
жастардан орынбасар шығарсын! 
Басшы  азаматтарымыз  һәм  обласной  қазақ  комитетi  кеңесiп, 
марқұмның басына тас қоюға һәм жақсылап белгi-бет салуға қаулы 
қылды. Қазының оқуға жасы жеткен бiр iнiсi бар едi, соны оқытуға 
степендия  ашты.  Кәрi  ата-анасына,  һәм  қатын-баласына  жетi  мың 
сом ақша бермек болды. 
Жастар ұйымы марқұмның жетiсi болған күнi жұртты шақырып, 
құран оқытты, дұға қылдырды. 
Алаш аман болса, бұл тұңғыш құрбан ұмытылмас, тарихта аты 
қалар.  Бiрақ  бiздiң  бұдан  үлгi  алып,  жүрегiмiздi  соның  жүрегiңдей 
қылуымыз керек. 
Рухың шат болсын, шаһид болған Алаштың шын баласы! Қош 
жолдасымыз! 
Бұл  қаулы  марқұмның  өлген  уақыты  большевик  дүрiлдеп, 
көтерiлiп  келе  жатқан  кезiнде  едi.  Ендi  большевик  лаңы  басылуға 
жақындаған  бiр  уақытта  Алаш  туын  көтерiп,  ел  жiгiтiн  бастайтын 
соғыс ғылымын оқыған бiрнеше жыл соғыста болып, тәжiрибе көрiп 
ысылған  бiр  офицерiмiзден  айырылып  отырмыз.  Ол  Орал  облысы, 
I
лбiшiн  уезi,  Суналы  болысы,  қаракесек  руынан  штабс-капитан 
Нұғман Сарбөпеұлы. 
Бұл  жiгiт  соғыс  ғылымын  Александровский  кавалерийский 
училищеде  оқып,  оны  бiтiрiп,  Қытай  шекарасында  553  жаяулы 
полкте қызметте жүрдi. Онан немiс фронтына барып соғысқа кiрдi. 
Қызметтен  соң  өз  полкындағы  мұсылмандардан  әскери  қарiп  шора 
құрып, өзi соның бастығы болды. Бiрақ большевик айғайы шыққан 
кезде  орнын  тастап  Мәскеуге  келдi.  Онда  оған  жолдасы  Мәди 
Келдiбеков мұсылман комиссариатында зор бiр комиссарлық орнын 
көрсетсе де, ол оған қызықпай, жазғытұры жамағатымен Орынборға 
келдi.  Орынборда  қазақ  комиссарлардың  кейбiреулерi  оған  қазақ 
жастарынан құрылатын Қызыл армияға офицер бол дегенде, марқұм 
ыршып  кетiп,  құдай  жазбасын  жауабын  берген.  Орынбор  iшiнде 
бетегеден  биiк,  жусаннан  аласа  болып  жүрiп,  Жангелдиннен  бiр 

демесiн  қағаз  алып,  Теке  арқылы  елiне  қайтпақ  болып  1-Бөрте 
болысына  шыққан.  Марқұмның  жолға  шыққан  кезi  большевиктiң 
“Елек”  қаласына  қырғын  салып  жатқан  уақытына  тура  келiп,  елiне 
қайтуға жол болмай, Ақтөбенiң 1-Бөрте болысы, 3-ауылында тұрып 
қалып  едi.  1-Бөрте  болысы  Орынбордан  30  шақырым  шамасындай 
жерде болгандықтан большевик пен атты казактың майданы болды. 
Марқұм ауыл үстiнде жатқан атты казактармен сырлас. Оларға 
түрлi жолдармен жәрдемдес болып тұрды. Орынбор атты казагынан 
Оралдан  атты  казактар  келедi,  оның  iшiнде  былтыр  Орал,  Темiр 
уездерiнде  үйретiлген  қазақ  милиционерлерi  бар  деген  хабарды 
естiп, қатты қуануда, олардың келуiн күтiп, өзi атқа аттану қамына 
кiрiсуде едi. 
Құдайдың  ақ  күнiнiң  бiрiнде  бiр  топ  атты  казак  ауылға  келiп, 
мұны  сұрайды.  Бұл  шығып  жөн  сұраса,  аттылар  “Орал 
облысынанбыз”  дейдi.  Облыстан  келген  көршi  атты  казактар  екен 
дегенге көңiлi тоқыраған соң марқұм өзiнiң офицер екенiн, Оралдан 
келген атты казактарға өзiнiң қосылатынын айтып салады. 
Офицер  көңiлiнде  һәм  нәрсе  жоқ  (болып)  тұрғанда  атты 
казактар  “штабқа  жүрiңiз”  дейдi.  Бұл  “жарайды”  деп  штаб  деген 
жерлерiне  барса,  өзiнiң  алданып  қолға  түскенiн  сезiп,  бармағын 
шайнайды.  Әлгi  келгендер  атты  казак  екендiктерi  анық  болғанмен, 
азғырылып  большевик  болған  бұралқы  атты  казактар  екен.  Сол 
арада  атты  казактар  Нұғманды  жалаңаштап  қамшымен  сабап, 
мылтықтың  түбiмен  ұрып,  ең  соңында  алты  мылтықпен  бiр  басып 
өлдi  деп  тастап  кетедi.  Бiрақ  ол  кезде  Нұғман  тiрi  екен.  Соңында 
жамағаты  Зинитта  Романованың  iшкi  киiмiнен  басқасын  алтын-
күмiс  нәрселерiн,  ақшасын,  Нұғманның  киiмдерiнiң  бәрiн  де  әлгi 
зәлiмдер  ауылға  келiп,  жұрдай  қылып  тонап  алып  кетiп  бара 
жатқанда, кеудесiн сүйретiп ауылға қарай жер бауырлап келе жатқан 
Нұғманды көрiп, тағы қылыштың астына алып, мылжа-мылжа тiлiп, 
басын  жарып,  көзiн  шығарып,  ит  көрмеген  қорлықты  көрсетiп 
өлтiредi. Сөйтiп, Алаштың маңдайына басқан бiр адал жiгiтi елiнен 
шығып, большевик дiнiне кiрген бұралқы атты казактардың қолында 
өз тұтынған жолын қуып барғанда құрбан болады. 
Марқұмды  өлтiрген  отрядтың  аты  Кашпиринский  отряды 
аталады.  Нұғман  28  жаста  едi.  Артында  абұйырын  жабатын  қала 
киiмiмен  жаңадан  босанып,  қыз  тапқан  Зинитта  ханым  сынық 
тиынсыз қалады. 
Өз басымен әуре болған Бөрте елi марқұмның жаназасын қалай 
жөнелтiп,  кабiрiн  не  күйде  қойғанын  бiлмеймiз.  Бiрақ,  қазақ 
ғұрпынша марқұмның жамағатына тиындап-тебендеп, жәрдем берiп 
тұрған көрiнедi. 
Қыршын жас, қаһарман, сабаз Нұғман марқұмның өлiмiне шын 
жүрегiмiзбен  қайғырып,  топырағы  жеңiл  болсын  айтып,  құдайдан 
артында қалғандарына сабыр сұраймыз. 

Нұғман  марқұмның  опатын  естiп,  қайғырып  бет  сипап,  дұға 
қылып  қойғанмен  азаматтық  борышымнан  құтыла  алмайтын  реттi 
көрiп,  ауыр  қайғы  үстiне  жұрдай  болып  бар  мүлкiнен  айрылып 
қалған  Зинитта  ханымға  һәм  емшек  баласына  өзiмнен  100  сом, 
қарамағымдағы қазақ оқығандары ашқан “Еркiн дала” пұлынан 200 
сом жәрдем жiбердiм. 
«
Аш қазақтарға жәрдем» комитетiнен де бiраз нәрсе бердiм. 
Телеграф, пошта жүрмейдi. Елiндегi  жақындарына 
хабар 
жiбере алмай тұрмыз. Марқұмның бiрге оқыған жолдастары, 
жақындары тәржiме халiн «Қазақ» басқармасына 
жiберуiн 
өтiнемiз. 
Сөйтiп, большевик заманында қазақ жұрты екi қымбат ұлынан 
айырылды. 
Шеттен  хабар  алу  қиын.  Бұл  екеуi  қатарында  тұтынған  жол 
құрбаны  болған  үшiншi  бiр  азаматтың  опат  хабарын  құдай 
естiрмесiн

(Қазақ. 1918. №262, «Қазақ» газетi). 
 
Социал Жұмабаев
 
ӘБДIРЕЙIС АУҒАНБАЕВ 
 
1937-
1938  жылдар  қазақ  тарихында  аса  қайғылы  кезең 
болғанын  тарихтан  жақсы  бiлемiз.  Қазақ  жерiнiң  байлығына 
қызыққан  Кеңестiк  шовинизм  халық  жауы  деген  желеумен  қазақ 
халқының  бас  көтерер  асыл  азаматтарын  абақтыға  жапты,  ату 
жазасына  кестi.  Республика  бойынша  атылған  азаматтың  70-75% 
қазақ  зиялылары  едi.  Халықтың  мұңын  мұңдап,  жоғын  жоқтар 
қайраткер  ұлдарынан  айрылған  халықтың  интелектiсi,  күш-қуаты 
төмендейтiнi  анық.  Ұлт  үшiн  бұдан  артық  жауыздық  жоқ  деуге 
болады.  Халықтың  бас  көтерер  азаматынан  айыру  iсi  қала  мен 
ауылда  да  қызу  жүргiзiлдi.  Тек  қана  бiздiң  Солтүстiк  Қазақстан 
облысы  бойынша  он  мыңнан  астам  адам  қуғын-сүргiнге  ұшырады, 
ату жазасына кесiлдi, тұрмеге қамалды, жер аударылды. Колхозшы 
бiр  күн  уақытында  жұмысқа  шықпай  қалса,  себебi  тексерiлмей 
кеңестiк құрылысқа қарсы адам деп айыпталды. Уақытында егiстiк 
жер  жыртылмай  қалса,  не  колхоздың  бiр  малы  өлiп  қалса,  халық 
жауының қолынан келдi деп ұйғарылды. Халық жауы болу үшiн үш 
кiсiнiң қолы жеткiлiктi болды. 
Солтүстiк  Қазақстан  облысы,  бұрынғы  Булаев  ауданына 
қарасты  «Красный  Казахстан»  колхозының  колхоз  мүшесi 
Ауғанбаев Әбдiрейiстiң халық жауы деп танылып он жыл Көкшетау 
түрмесiне  отырып  шығуға  себеп  болған  бар-жоғы  бiр  кiсiмен  жүз 
шайысып  қалғаны  едi.  (Ол  кiсiнiң  қазiргi  уақытта  ұрпақтары  бар 
болғандықтан есiмiн атамадық). 
Көршi  ауылдың  Әшкен  деген  iлiктес  молдасы  Әбдiрейiстiң 
үйiне  қонып  шыққанын  жазып  жiберген.  Солтүстiк  Қазақстан 

облысы Қауiпсiздiк комитетiнiң архивiндегi iсi бойынша Ауғанбаев 
Әбдiрейiске  ислам  дiнiн  таратушы,  колхоздастыруға  қарсы  үгiт 
жұмысын  жүргiзген,  Кеңес  үкiметiн  құлату  үшiн  фашистiк 
ұйымдармен  байланыс  жасаған  деген  айып  тағылып,  26.12.1937 
жылғы  Солтүстiк  Қазақстан  облысы  УНКВД  Үштiгiнiң  №  23 
мәжiлiс  хаты  бойынша  10  жылға  қатаң  режиммен  қамауға  алады. 
Көкшетау  түрмесiнде  он  жыл  азапты  өмiр  сүрiп,  туған  елiне  1947 
жылы  оралады.  Халық  жауы  деп  қамалған  адамдар  жататын 
түрменiң  бөлмесiн  жазушы  Жайық  Бектұров  былай  деп  жазған 
болатын.  «Терезеде  саңлау  жоқ.  Темiр  тор  үстiнде  тақтай  қақпақ. 
Тордың өзi де жоғары. Қақпақ жапқан шынының өзiн де сыртқа көз 
түспесiн  деп  сырлап  тастаған.  Iшке  әсте  күн  түспейдi.  Жарық  құр 
елес. Көктiң күнгiрт сәулесi ғана. Тордың ең үстiнде ғана ауа кiретiн 
болмашы  бiр  желдеткiш».  Осындай  түрмеде  жатқан  адамда 
денсаулық  бола  ма.  1957  жылы  түрмеден  алған  ауыр  науқасынан 
қайтыс болды. 
«
Әкемiз  Әбдiрейiс  10  жыл  Көкшетау  түрмесiнде  жатқанда 
үйелмелi-сүйелмелi  6  баланың күн  көрiсi балалардың  үлкенi  Хасен 
ағамызға қарап қалды. Отбасымыздың барлық ауыртпашылығы осы 
кiсiде болды», - дейдi. Мұстақым Әбдiрейiсұлы. 
Мұстақым атты баласы қазiр ауылда тұрады. 
Әкесiне  тартқан  ақын  жанды  Мұстақым  әкесiнiң  барлық 
өлеңдерiн жатқа бiледi. 
Мұстақым  қарттың  Нұржан,  Ержан,  Бiржан,  Бiрлiк  атты  ер 
балалары,  Күлзипа,  Күлпаш,  Күлбану,  Сұлушаш,  Бақтыгүл  атты 
қыздары бар. 
Ауылдасы Әмiре ақын: 
Бiлiмiң аққан бұлақтай, 
Жүзiң жарқын шырақтай. 
Ел iшiнде көрiктi ең 
Көлде шыққан құрақтай, - дегендей. 
Әбдiрейiс  ақын,  өнерпаз,  парасатты  ел  адамы  болған.  Көп 
өлеңдерi  сақталмаған,  осы  жинаққа  енген  өлеңдерi  өзiне  тартқан 
ақын жанды баласы Мұстақымның есiнде қалған өлеңдерi. 
Әбдiрейiс  ақынның  өмiрдеректерiн,  қуғын-сүргiнге  ұшыраған 
азапты  өмiрiн,  өкiнiш-ренiштерiн  өзiнiң  жазған  өлеңдерiнен  бiлуге 
болады. Тек, ақын көрген азапты өмiрдi кейiнгi ұрпақтары көрмесiн 
деймiз. 
Әбдiрейiс  Ауғанбаевқа  байланысты  КНБ-ның  архивiнен 
алынған құжаттар. 
 
Архивтен алынған құжаттар 
 
По делу 1570 по обвинению Аугамбаева Абдреиса. 
 

Обвинительное заключение 
 
1937 года декабря 24 дня             с.Булаево 
 
Я,  Начальник  Булаевского  РОНКВД  –  Сержант  Государственной 
безопасности  Ладыгин,  сего  числа  рассмотрев  следственный  материал  по 
обвинению бая Аугамбаева Абдреиса,- 
 
Установил следующее: 
 
Аугамбаев  Абдреис  –  1876  г.  рождения,  уроженец  Сладковского  р-на, 
Омской области, б/партийный, м/грамотный, женат, со слов не судим, бай. В 
момент  ареста  состоял  в  колхозе  “Красный  Казахстан”,  Булаевского  р-на, 
Северо-Казахстанской области. Имея систематическую связь с руководителем 
к-р  националистической  организации  по  Булаевскому  району  с  Саликовым 
Ишмухаметом,  а  так-же  другими  членами  этой  организации  –  вел  среди 
казахского  населения  агитацию  за  внедрение  мусульманской  религии  и 
одновременно проводил денежные сборы для посылки средств через Салыкова в 
ЦДУМ. 
Кроме  того  систематически  разлагал  трудовую  дисциплину  в  колхозе, 
агитируя  колхозников  за  выход  на  работу  и  проводил  клеветнические 
измышления по адресу Соввласти. 
Аугамбаев  будучи  членами  Тоза  задерживал
 
перевод  серктика  на  устав 
с/х  артели,  заявляя,  что  если  казахи  организуют  колхоз,  то  у  них  ничего  из 
собственности не останется. 
В  следствии  этой  подрывной  работы  к-з  “Красный  Казахстан”  был 
организован  только  1-го  сентября  1937  года.  Распространяя  кливетнические 
измышления  по  адресу  Совласти  и  ее  мероприятий  проводит  разговоры  о 
скорой войны и перемене власти. 
Во время выборов в Верховный Совет Аугамбаев проводя а/с к-р суждения 
говорил,  что  якобы  Соввласть  насильно  голосовать  за  кандидатур,  которые 
выставлены в Верховный Совет. 
Аугамбаев в колхозе состоял форменно, на колхозную работу не выходил, 
а занимался систематической спекуляцией, а посему 
 
Постановил: 
 
Дело по обвинению бая Аугамбаева Абдреиса направить на рассмотрение 
Тройки Северо-Казахстанского Облу НКВД. 
 
Нач. Булаевского РО НКВД  - Ладыгин 
 
Справка:  Арестованный  Аугамбаев  А.  Содержится  под  стражей  в  КПЗ 
Булаевского РО НКВД с 23.12.37г. 
 
Нач. Булаевского РО НКВД 
Сержант госбезопасности   Ладыгин. 
 
Выписка из протокола № 23 
заседания Тройки УНКВД Северо-Каз. области 
Слушали:  Дело  №  1570  Булаевского  РО  НКВД  по  обвинению  Аугамбаева 
Абдреиса, 1876 года рождения, бывшего бая. 

Обвиняется в том, что он проводил среди населения к-р вредительскую работу, 
направленную на срыв мероприятий Партии и Правительства. 
Секретарь Тройки  
 
Постановили: 
Аугамбаев Абдреиса – заключить в ИТЛ сроком на десять лет, считая срок с 21 
декабря 1937 года. 
 
Следственное дело № 1570 
Ауганбаева Абдреиса 
 
Родился 1876 году.         Сладковский район. 
Постоянное  место  жительство  к-з  Красный  Казахстан.  Булаевского  района. 
Рядовой колхозник. 
 
До вступления в колхоз имел: Лошадь – 1, 
Корова - 1 
Избу и юрту 
Состав семьи: 
 
1.
 
Жена – Ауганбаева Малике – 46 лет 
2.
 
Сын – Абдреисов Хасен – 1912г. 
3.
 
Сноха – Абдреисова Жамила – 21 год 
4.
 
Сын – Абдреисов Зейнелгабиден – 12 лет 
5.
 
Сын – Абдреисов Мустахим – 8 лет 
6.
 
Сын – Абдреисов Темиртас – 5 лет 
7.
 
Сын – Абдреисов Каиржан – 14 лет 
8.
 
Дочь – Абдреисова – Жаныл – 9 лет 
9.
 
Дочь – Абдреисова Копей – 7 лет 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет