Өткен ғасырдың бiрiншi жартысы, Кеңес үкiметi орнағаннан


Көкшетау түрмесiнен жазған



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата26.01.2017
өлшемі0,7 Mb.
#2736
1   2   3   4   5   6   7   8

Көкшетау түрмесiнен жазған 
бiрiншi хаты 
 
Қолыма қалам алайын, 
Ойланып жазсам сөз дайын 
Ақ қағаздың жүзiне, 
Қалам алдым қолыма. 
Абыйыр берсiн бiр құдай, 
Құзыр бабам зор болып 
Мына бiр сапар жолына. 
 
Ойлап па едiм көрем деп, 
Түрмеге келiп енем деп. 
Замандас құрбым сағындым, 
Жүргенiң көзге елеңдеп. 
 
Ұйықтасам көрген түсiмде, 
Әрбiр күнгi кешiнде 
Ғилажың барма көнесiң, 
Алланың салған iсiне. 
 
Көп сәлем құрбы құрдасқа, 

Жасымнан болған сырласқа. 
Ойлағанда бәрiңдi, 
Болмайды сәлем жазбасқа. 
 
Тағы да сәлем құрбылар, 
Құрбы iшiнде бұлдылар. 
Қатымды алып көргенде, 
Еске алған адам бiр жылар 
 
Бiрiншi сәлем кәрiңе, 
Үлкен кiшi бәрiңе. 
Тамыр таныс тiлеңдер, 
Жазғың деп алла көруге. 
 
Екiншi сәлем шешелер, 
Қаталы iстi кеше гөр. 
Шырмалған торға мен түстiм, 
Күн болар ма шешiлер. 
 
Қадiрлi сәлем жеңгелер, 
Көз тайса көңiл өзгерер. 
Таташақ дәмiң бiткенде, 
Ойда жоқ нәрсе кез келер. 
 
Тағы да сәлем ағаға, 
Iнiлерге панаға. 
Iздеңдер бақсы балгердi, 
Табарма дауа жараға. 
 
Одан соң сәлем iнiге, 
Бiрiң емес бәрiңе. 
Алдымнан кесiп өтпеген 
Және сәлем келiнге. 
 
Сұңқардың алтын тұғыры, 
Үкiметтiң ұзын құрығы. 
Жақсыны алмас қылам деп, 
Айтады екен бұрынғы. 
 
Кеудемде бар арманым, 
Көтердiм алла салғанын 
Шын қылыш түгiл бұл кезде, 
Қаңылтыр құрлы болмадым. 
 
Есiме түстi балалар, 

Көңiлдi қайғы жаралар. 
Қосылып аман үйiрге, 
Күн болама елдi аралар. 
 
Қарағым қалқам, ей, Хасен, 
Сендердi көрем мен қашан. 
Сендерге алла қоса ма, 
Күнi-түнi зарласам. 
 
Жәмилә мен Хасенiм, 
Сендердi ойлап зарықтым. 
Күнi-түнi жұмыс жаяулық, 
Жанына батты әкеңнiң. 
 
Қолдарыңда көп жетiм, 
Бiр үйлi жан топ жетiм. 
Ренжiтпей жақсы ұста, 
Көп артпас саған мiндетiн. 
 
Жетiмнiң басы Мәлике, 
Қарап отыр сендерге. 
Ренжiтпей жүре көр, 
Мен тiрi әзiр жүргенде. 
 
Болғаның жақсы орынша, 
Мен бардағы жайыңша. 
Осылай жүрiп мен өлсем, 
Кетерсiң шiлдiң боғынша. 
 
Қоқыбай мен Жаңылым, 
Сендердi ойлап сағындым. 
Ойлаймын деп сендердi, 
Есiмнен әбден жаңылдым. 
 
Қарағым Зейнел, Темiртас, 
Мұңшылық көрдi ғазез бас 
Ойлағанда сендердi, 
Ағады көзден ыстық жас. 
 
Мұстақым, көпей құлыным, 
Қолқама бiткен жұлыным. 
Қайсы бiрiн айтайын, 
Қорлық пен өткен ғұмырдың. 
 
Қайыркеш бар ма тiрi ме, 

Ұстауға жарап күлдi ме? 
Құлыным менiң көпейiм, 
Аяғын басып жүрдi ме. 
 
Өңкей жетiм құлыншақ, 
Байлаған тайдай ұрыншақ. 
Ауызға қарап әркiмнiң, 
Жүрмiсiң болып жалыншақ. 
 
Мұстақым келдiң күздi күн, 
Қандырып менi сүйгiздiң. 
Берген соң алла ұл мен қыз, 
Көруге жазсын қызығын. 
 
Еркелетiп өсiрдiм, 
Қаталық iстi кешiрдiм. 
Бiр көруге зар болып, 
Өткенiң бе осылай есiл күн. 
 
Жалғыз бауырым Бәтима, 
Қараңыз сөздiң затына. 
Еркек болып сен тусаң, 
Жатар ма ең қарап артымда. 
 
Бiр туған болса iнi-аға, 
Сөзiмдi байқап шамала. 
Үйде отырып қорықпай-ақ, 
Қылмай ма жаның садаға. 
 
Атаңнан сәлем Күлзира, 
Жассың ғой сөздi ұғарға. 
Бас аманға мал керек, 
Керексiз маған бұл дүния. 
 
Тiлегенiм шыбын жан, 
Сендердi көрсем мен аман. 
Балаларды бiр сүйсем, 
Қалмас едi еш арман. 
 
Кiрiптар болдым қамалға, 
Жолықтым мұндай заманға. 
Тiлектес болсын сәлем айт, 
Атымды бiлген адамға. 
 
Патшалар мiнген алтын тақ, 

Тыңдаңыз зарды құлақ сап. 
Назымы деп атамның, 
Оқыңдар, қалқам, қолыңа ап. 
 
Ғалым Қадiрәлiұлы
 
СЕРҒАЗЫНЫҢ СЕРГЕЛДЕҢI 
(Серғазы Нұрмағамбетов) 
 
Бар  жалынды  жастық  шағын  қара  түнек  қапаста  өткiзген, 
зорлық-замбылықтың  көкесiн  көрген  Серғазы  ақсақалдың 
сотталатындай еш кiнәсi жоқ едi. Ол жазықсыз жазаланды. Түсiнiктi 
болу үшiн әңгiменi әртiннен бастаған жөн болар. 
Серғазы  Нұрмағанбетов  1910  жылы  Солтүстiк  Қазақстан 
облысы  Булаев,  кейiн  Возвышен,  бүгiнде  Мағжан  Жұмабаев 
ауданындағы Шаңдақ ауылында дүниеге келген. Бұл елдi мекендер 
алғашында  ұжымдық  шаруашылықтар  болса,  кейiн  кеңшарларға 
айналған, яғни Ұзынкөл шаруашылығы атанған. 
Серғазы  алдымен  ауыл  мектебiнде  бiлiм  алады.  Үй 
шаруашылығымен  айналысып,  әке-шешесiне  қолқабыс  тигiзедi. 
Есейiп, ер жеткен соң өзiнiң зеректiгiнiң арқасында Қызылжардағы 
заңгерлер  дайындайтын  курсқа  түсiп,  оны  1935  жылы  үздiк  бiтiрiп 
шығады.  Сол  жылы  ол  Қарағанды  облысының  Сталин  ауданында 
(орталығы  Алексеевка)  халық  соты  қызметiн  атқарады.  Кейiн  осы 
қызметiмен  осы облыстың  Есiл  ауданына ауыстырылады.  Ол  кезде 
бiздiң  облыс  –  Қарағанды  облысы  деп  аталған,  бiрақ,  орталығы 
Қызылжар қаласы болған. Таңдаған мамандығы өзiне ұнап, көңiлден 
шыққаннан  кейiн  Серекең  қызметтi  тиянақты,  жан-тәнiмен,  адал 
атқарған.  Өзi  заңгер  болғандықтан  заңды  айналып  өтуге  немесе 
аттап  өтуге  болмайтындығын  жақсы  түсiнген,  заңды  бұлжытпай 
адал орындау ардақты борышым деп есептеген. 
Халыққа  қайғы-қасiрет  әкелген  зобалаң  заман  –  37-де  келiп 
жеттi. Бұл жылы көп адамдар құрбан болды, атылды, немесе 10, 20, 
25  жылдарға  сотталды,  жер  аударылды.  Отыз  жетiнiң  дүрбелеңiне 
алдымен  атқа  мiнерлер,  ақылды  ел  басқарған  адамдар  iлiктi. 
Серғазыны  «Үштiк»  ұстап,  Мағжан  Жұмабаевтың  туған  жиенi 
екенсiң,  сен  де  «халық  жауысың»  деп  түрмеге  жабады.  Алдымен 
Қызылжардың атақты «ақ түрмесiне» қамалады.Ертеде «Абылайдың 
ақ  үйi»,  «Абылайдың  ақ  түрмесi»  дегендердi  аталарымыз  жиi 
айтатын. Абылайдың ақ үйi болғаны рас, оны тарих дәлелдеп отыр, 
ал соңғысы – Абылайдың ақ түрмесi деген шындыққа жанаспайды. 
Абылай түрменi не үшiн, кiмдердi қамау үшiн салғызады? Түрменiң 
болғаны  рас,  мен  оны  өз  көзiммен  көрдiм.  Қабырғасының 
қалыңдығы бiр метрден асады, тастан қаланған, арасында саусақтың 
жуандығындай  сом  темiрмен  торланған,  терезелерi  өте  тар  бас 
сыймайтындай  етiп  жасалған.  Қабырғаларын  тек  бомбы  тәрiздi 

жарылғыштар  ғана  бұза  алады.  Түрменi  салған,  әрине,  Патшалық 
Ресей.  Қазақстанның  Ресеймен  қосылып,  бодан  болғаннан  кейiнгi 
бiр ескерткiш – ажал абақтысы осы едi. 
Серғазы  осы  абақтыда  жатқанда  облысымыздың  талай 
ақсаңлақтарын, атқа мiнер басшыларын кездестiредi. Дәл осы кезде 
Преснов  ауданының  бүкiл  басшылары  қамалыпты,  яғни  аудан 
партия  ұйымының  бiрiншi  хатшысы,  аудан  Кеңесi  атқару 
комитетiнiң  төрағасы,  аудан  прокуроры,  аудан  соты,  оқу, 
ауылшаруашылығы бөлiмдерiнiң  басшылары т.б. зиялы азаматтары 
едi.  Дәл  осындай  жағдай  Есiл  ауданына  да  кездесiп,  он  бiр  басшы 
адамы  түрмеге  жабылып,  сотталады,  олардың  онына  ату  жазасы 
берiледi  де,  бiреуi  25  жылға  бас  еркiнен  айырылады.  Сөйтiп,  тез 
арада  жаппай  қырғын  басталады.  Түрмеде  бiрiн-бiрi  таныйтындар 
да, танымайтындар да жетiп жатыр. 
Қамалғандардың  бәрi  де  сең  соққандай  сенделiп,  жүректерi 
ойран  –  асыр, өңдерi  солғын,  көңiлдерi  қаяу,  тек  «не  үшiн?»  деген 
бiр сұрақ бәрiнiң бойын мазалайды. 
Серғазының  алғаш  анық  танығаны  Қызылжардағы  қазақ 
театрының  директоры  Кәрiм  Жабин  мен  «Ленин  туы»  газетiнiң 
қызметкерi, жас ақын Абдолла Садуақасов болды. Ал, Абдолла мен 
Серғазы  Казкоммунада  бiрге  оқыпты.  Кәрiм  мен  Серғазы  өткенде 
Мағжан Жұмабаевпен қонақта болғанда Кәрiммен танысқан едi. Осы 
қарым-қатынас  «үндеместердiң»  құлағына  тез  жеткен  екен.  Бiздiң 
бар  кiнәмiз  осы  ғана  деп  өздерiнше  тұжырымдаған  едi  алғашында. 
Бiрақ  мәселе  ойлағандай  болып  шықпады,  насырға  шапты,  жағдай 
күннен-күнге  қиындай  түстi.  «Үштiк»  ұстап,  түрмеге  жапқаннан 
кейiн  (үштiктiң  екеуi  қазақ,  бiрi  орыс)  тергеу,  сұрақ  пен  жауап 
басталды.  Алдын  ала  тергеуде  «Сен,  Серғазы  Нұрмағанбетов 
алашордашылар ұйымына мүше болыпсың, онда контрреволюцилық 
жұмыспен  айналысыпсың»  деп  бетiне  таңба  басып,  қоятын  кiнәнiң 
басын  ашып,  турасынан  айтқан.  Серғазының  қайдағы  ұйым, 
алашорда ұйымы ашылғанда жетi-ақ жастағы бала едiм, ал бүгiн мен 
комсомол  қатарындамын,  партияның,  Сталинның  жолынан  еш 
тайған емеспiн деген сөздерiне тергеушiлер еш құлақ аспаған. Қайта 
өршелене  түсiп,  дүркiн-дүркiн  жауап  алып,  қылмысты  мойындап, 
қағазға қол қоюды талап еткен. Қандай қылмыс, ненi  мойындауым 
керек,  не  үшiн  қол  қоямын?  –  деген  сұрақтар  Серекеңдi  жиi-жиi 
мазалайды,  жүрегiн  тырнайды.  Сол  сұрақтарға  «Жоқ»  дегеннен 
басқа жауап таба алмай жаны қиналады. 
-
Мен  ешқандай  ұйымда  мүше  емеспiн,  көзiм  де  көрген  жоқ 
ондай ұйымды, - деп бар шындықты айтады Серғазы. – Сондықтан 
өтiрiкке қол қоймаймын… 
-
Сен  қасарыспа!  –  дейдi  тергеушi.  –  Оныңнан  ештеңе 
шықпайды.  –  Егер  сен  осы  iстi  мойындасаң,  онда  ату  жазасын 
алмайсың,  он  жылға  ғана  бас  еркiңнен  айырылып,  еңбекпен  түзеу 

колониясына  жiберiлесiң,  үйiңмен  хат  алысып  тұруға  да  құқылы 
боласың… 
Сөйтiп, Серғазыны жарты ай тергеп, күнi-түнi әурелеп, мәжiлiс 
хатқа  (протоколға)  қол  қойдыру  мақсатында  жендеттердiң  жасаған 
қиянаттары  оның  әбден  титығына  жетедi.  Одан  әрi  жүйкесi 
жұқарып,  амалы  таусылып,  көрген  қорлыққа  шыдай  алмай 
амалсыздан  қағазға-протоколға  қол  қояды.  Тәуекел,  ақырын  көре 
жатармын,  аз  да  болса  тыныс  алайын  деген  ой  шығар.  Бiрақ  бұл 
қадам  өзiне-өзi  көр  қазумен  немесе  өзiне  үкiмдi  күнiбұрын 
шығарумен тең едi. Бұдан кейiн жағдай қалай болды? 1938 жылдың 
қаңтар  айының  басында  сотталғандарды  Қызылжар  түрмесiнен 
шығарып, эшолонмен, қатаң күзетпен, Рыбинск қаласына (Солтүстiк 
Батыстағы) жеткiзедi. 
-
Мен  10  жылға  сотталғанымды  осы  қалаға  келгесiн  естiдiм,  - 
дейдi  Серғазы  ақсақал.  –  Бұл  қалада  120  мыңдай  сотталғандар 
болдық,  бәрiмiз  су  электр  стансасының  құрылысына  қатынастық 
(олардың мың жарымы Қызылжардан)… 
1941  жылы  Ұлы  Отан  соғысы  басталысымен  алдағы  аталған 
стансаның  құрылысы  тоқтатылады.  Ондағы  сотталғандардың 
барлығын  ендi  Калинин  қаласына  ауыстырады.  Ол  қаланың 
жанында  аэродром  құрылысы  басталады  және  соғыс  қаруларын, 
құралдарын  жер  астына  түсiру  үшiн  тереңдiгi  үш  метрдей  орлар 
қазыла  бастайды.  Барлық  жұмыс  «тегiн  құлдардың»  күшiмен  (еш 
техникасыз)  атқарылған.  Олар  жердi  күрекпен  қазады,  ордың 
iшiндегi  босаған  балшықты  да  сыртқа  қолмен  шығарады.  Мұндай 
ауыр  жұмысқа,  мардымсыз  тамаққа  кез-келген  адам  шыдай 
бермейдi. 
Нәтижесiнде  ауру  да,  өлiм  де  көбейiп,  жағдай  мүшкiлге 
айналған. Көпшiлiгi елге оралмады. Талай абзал арыстар сол жерде 
қайтыс болды, елден топырақ бұйырмағаны былай тұрсын, олар сол 
жердiң  топырағына  адам  сияқты  көмiлмеген  (оның  iшiнде  бiздiң 
жерлестерiмiз  де  бар).  Сондай  адам  төзгiсiз  жағдайға  төтеп  берiп, 
аман-сау  елге  қайтқан  Серғазы  ағамызды нағыз батыр,  сүйегi  асыл 
адам  деуге  болады.  Үйткенi  оның  адалдығы,  байыптылығы, 
төзiмдiлiгi алға зор үмiтпен қарауға көмектескен болу керек. 
1946  жылы  Серғазы  Нұрмағанбетов  елге  оралды.  «Үштiк» 
берген он жылдың тоғыз жылын өтеп, мойыны босап, тар қапастан 
жарық дүниеге шықты. Туған елi, өскен жерi Булаев (бүгiнгi Мағжан 
Жұмабаев)  ауданы  Ұзынкөл  кеңшарына  келдi.  Осы  жерде  қолдан 
келген әртүрлi жұмыстарды атқарып, зейнеткерлiкке шығады. 
Шәу  тартқан  шағында  бала-шағаның  қызығын  көргенге  не 
жетсiн. Дегенмен, Серекеңнiң көкейiнен кетпейтiн,жүрегiнiң түбiнде 
жатқан бiр сыр бар едi. Ол сыр емес-ау, кешегi жазықсыз жаланың 
зардабынан қалған күйiктен қалайда ақталу арманы едi. Сол арманға 
да  жеттi.  1958  жылы  облыстық  прокуратураның  қозғауымен 

Солтүстiк  Қазақстан  облыстық  соты  Нұрмағанбетов  Серғазының 
iсiн қайта қарап, УНКВД «Үштiгiнiң» 1937 жылғы шешiмiн негiзсiз 
деп  тауып,  қылмысты  iс  тоқтатылсын  деген  шешiм  қабылдайды. 
«
Қылмысты  iс  тоқтатылсын»  бұл  қалай?  Мен  өтеп  келдiм-ғой.  Тек 
осы  қаулыдан  көп  жылдардан  кейiн  Қазақстан  Республикасының 
1993  жылғы  14  сәуiр  айындағы  қабылданған  «Саяси  қуғын-сүргiн 
құрбандарын  ақтау»  жөнiндегi  заңына  сәйкес  Нұрмағанбетов 
Серғазы ақталды делiнген Қазақстан Жоғарғы сотының шешiмiнде. 
Бұл шешiмдi Серекең өз құлағымен естiп кеттi. Өмiр бойы арқалап 
келген ауыр жүк арқасынан ендi ғана түскендей болды. 
Бiрақ  1983  жылы  оның  жан  жолдасы  Қайыржан  Кәрiбайқызы 
дүниеден  өттi.  Жасы  келген  адамға  бұл  да  ауыр  жағдай.  Серғазы 
ақсақал  осыдан  кейiн  Алматыдағы  ортаншы  қызы  –  Гүлнардың 
қолына  барып  паналайды.  Пәтердiң  қолайсыздығы  (жатақханаға 
арналған  екi  бөлмелi  үйдiң  тарлығы).  Одан  кейiн  жеке  пәтер  беру 
жөнiндегi,  Алматы  қаласы  басшыларының  құрғақ  уәдесi  ұзақ 
сонарға  ұласып,  Серекеңнiң  еңсесiн  тағы  түсiрдi.  Жастықтағы 
көрген  тауқыметi  өмiрiнiң  аяғына  дейiн  созылып,  бар  ғұмыры 
сергелдеңмен өттi деуге болады. 
Нұрмағанбетов  Серғазы  Тұрашұлы  тоқсаннан  асып,  дүниеден 
өттi. Оның артында бiр ұлы, үш қызы қалды: Серiк, Рауза, Гүлнәр, 
Үмiт,  немерелерi  де  баршылық,  ол  бәрi  де  жанұялы  болды. 
Ұрпақтары  Қызылжарда,  Көкшетауда,  Қызылордада,  Алматыда 
тұрып, жақсы өмiр сүрiп жатыр бұл күнде. 
Мен  Серғазы  Тұрашұлын  тұғырынан  төмендеп,  қартайып 
тоқсаннан  асқан  шағында  көрiп  едiм.  Кездескен  жерiмiз  Алматы 
қаласы.  Ақсақал  өзiнiң  ортаншы  қызы  Гүлнәрдiкiнде  тұрады.  Ол 
орта бойлы, қара торы, артық сөйлемейтiн сабырлы адам екен. Жiгiт 
шағында көрген қайғы-қасiретiнiң жоғалмастай қалған iзi бiлiнiп-ақ 
тұр.  Маған  бiр  ой  келедi.  Шiркiн-ай,  Мағжанды  да,  Серғазыны  да 
және оның туыстарын да 37 де Сталин және оның жендеттерi ауылға 
iздеп  келiп,  ұстаған  жоқ-қой.  Ендеше  оған  кiнәлi  өзiмiздiң  –  қазақ 
жерiндегi шенғұмар, шолақ белсендiлер, үстемдiгiн асыра орындауға 
тырысып,  өз  ағайындарын  ұстап  берген  адамдар  кiнәлi  болмақ 
демекпiз. 
 
Қайролла Мұқанов
 
ХАЛЫҚ ҚАМҚОРШЫСЫ
 
(Нығмет Сырғабеков) 
 
Осы  жылы  халкымыздың  ең  айтулы  зиялы  азаматтары  НКВД-
ның  суық  қаруының  қарауылына  iліктi.  Солардың  iшінде  елiмiзге 
Кеңес өкiметi орнаған алғашқы жылдардан атқа мiнген аса дарынды, 
талантты басшылардың бiрi Нығмет Сырғабеков те болды. 

Нығметтің  әкесi  осы  кунгі  Қарағанды  облысының  Шет 
ауданында мал баққан кедей екен. 1883 жылғы белгілі жұттан кейiн 
ол өндiрiстік кәсіпорындары көп Қызылжар қаласына көшiп келедi. 
Алғашқы  кезде  Қызылжардың  бай  саудагерлерінің  малын  бағады, 
жүгін тартады. Кейін ет комбинатына жұмысқа кіредi. Нығмет осы 
қалада 1900 жылы дүниеге келедi. Шын есiмi Нығметолла болса да, 
оны әке-шешесi қысқартып, Нығмет деп атап кетедi. Кейiнiрек бұлар 
қазiргi  Аққайын  ауданының  орталығы  Смирново  кентінен  7-8 
шақырым жердегi Монғол ауылына қоныс аударады. Осында азын-
аулақ  мал  ұстап  күн  көредi.  Қазiр  бұл  ауыл  жоқ.  Мұнда  ауыл 
болғанын куәландыратын зират қана бар. 
Нығметтiң  өзiнiң  1935  жылы  жазған  өмiрбаянындағы  жазуы 
бойынша,  ол  алдымен  7  жасында  ауыл  молдасынан  оқып  сауатын 
ашады.  Одан  соң  әкесi  оның  оқуға  алғырлығын  байқап,  Қызылжар 
каласындағы  2  кластық  (оқу  мерзiмi  4  жыл)  қазақша-орысша 
(интернаты бар) училищеге бередi. Нығмет оны үздiк бiтiредi. Бiрақ 
әрi қарай оқи алмайды. Өйткенi сол 1917 жылы әкесi қайтыс болады 
(шешесi  7  жасында  қайтыс  болған).  Одан  әрi  Қазан  төңкерiсiнiң 
аласапыраны  басталып  кетедi.  Үйде  бас  көтерер  адам  өзi  болып 
қалғасын  ол  ендi  ешқайда  бара  алмай,  елде  шаруашылықпен 
айналысады.  Сөйтiп,  1917-1919  жылдары  ол  сол  ауылда  отбасын 
асыраумен  айналысады,  өйткенi  оның  iнiсi  Ғайнулла  әлi  жас 
болатын. 
1
920 жылдың маусымында Нығметтi Петропавл уездiк ревкомы 
шақырып  алып,  ревкомның  қазақ  секциясына  нұсқаушы  етiп 
тағайындайды.  Орысша  мен  қазақшаны  тең  сөйлейтiн  бiлiктi  жас 
алғашқы  күннен-ақ  Кеңес  өкiметiнiң  жұмысына  белсене  қатысады. 
1921 
жылы  партия  қатарына  кiредi.  Сол  жылы  Петропавл  қаласы 
және Ақмола облысы түгелiмен Сiбiр өлкесiнен шығып, Қазақстанға 
қайтарылғаннан  кейiн  Сырғабеков  Ақмола  губревкомының,  кейiн 
губисполкомының  нұсқаушысы  қызметтерiн  атқарады.  Осы 
жұмыстарда оның ұйымдастырушылық таланты, қызметке адалдығы 
мен тиянақтылығы, адамдармен жұмыс iстеу қабiлетi байқалып, ол 
жауапты қызметтерге тартылады. 
1922-
1923  жылдары  губерниялық  әскери  трибуналдың  мүшесi 
болып  тағайындалады.  1923  жылы  сол  кездегi  Қазақстанның 
астанасы  Орынборға  шақырылып,  Қазақстан  Компартиясы 
обкомының  нұсқаушысы  қызметiне  жоғарылатылады.  Бұдан  кейiн 
де  бiлiктi  азаматты  сол  кездегi  үкiмет,  партия  басшылары  ылғи 
жоғары лауазымды қызметтерге жiберiп отырады. Сөйтiп, ол 1924-
1937  жылдар  аралығында  Қазақстан  Жоғарғы  Сотының  қылмысты 
iстер  бөлiмiнiң  бастығы,  Жетiсу  губерниялық  сотының  төрағасы, 
республика прокурорының орынбасары, Жоғарғы Соттың төрағасы, 
Жерге орналастыру басқармасының бастығы, республикалық жерге 
отырықшыландыру  комитетi  төрағасының  орынбасары,  Жабдықтау 

халкомы, Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетiнiң төрағасы, 
Ауыл шаруашылық халкомы қызметтерiн атқарады. Сонымен қатар 
ол 1929-1937 жылдары РКП(б) Қазақстан өлкелiк комитетiнiң және 
бюро  мүшесi  болады.  Сол  жылдары  Қазақстан  Орталық  атқару 
комитетiнiң,  ал  1935  жылдан  Бүкiлодақтық  атқару  комитетiнiң 
мүшесi болған. 
Осы  қызметтерде  жүрiп,  Нығмет  Сырғабековтың  халыққа 
жасаған  жақсы  iстерi  көп.  1931-1932  жылдары  халық  аштан 
қырылып жатқанда қоймаларда астық тау-тау болып үйiлiп жатады 
екен.  Бiрде  Нығаң  қойманың  бастығынан  қоймадағы  астықтан  аш 
халыққа  аздап  үлестiрудi  талап  етедi.  Ұлты  басқа  қойма  бастығы 
жанына  жолатпайды.  Сонда  Сырғабеков  оны  күштеп  тартып  алып, 
аш  халыққа  үлестiрiп  берiптi.  Сөйтiп,  талай  адамның  тiрi  қалуына 
мүмкiншiлiк  жасайды.  Осы  қылығы  үшiн  оған  партиялық  сөгiс 
берiлiптi. Бiрақ ол мұны өзi үшiн емес, халық үшiн жасады ғой. 
Нығмет  Сырғабеков  оқып  жүрген  жастарға,  болашағынан  үмiт 
күттiретiн талай талантты адамдарға қолынан келген көмегiн жасап 
тұрған. Тiптi кейде жексенбi күндерi әйелiне ас қылдырып, студент 
балаларды шақырып‚ қонақ етiп жiбередi екен. 
Нығметтей 
iрi 
тұлғаның 
биiк 
адамгершiлiгi 
мен 
парасаттылығын 
халқымыздың 
батыр 
ұлы 
Бауыржан 
Момышұлының  естелiгi  аша  түседi.  Ол  естелiктi  жазушы  Әзiлхан 
Нұршайықов  «Ақиқат  пен  аңыз»  роман-дилогиясында  көркем 
баяндаған. Бiз оның қысқа мазмұнын ғана келтiрейiк. 
1930-
шы жылдардың басында жас Бауыржан ол кезде Оңтүстiк 
Қазақстан облысына қарайтын Жуалы ауданында милиция бастығы 
болған  екен.  Бiрде  өлкелiк  үкiметтен  уәкiл  ретiнде  Нығмет 
Сырғабеков келiп, екеуi ел аралайды. Жас Бауыржан жақсы ағаның 
жанында бiрнеше күн бiрге болып, оның адамгершiлiк қасиеттерiне 
тәнтi болады. Сол жолы Бауыржан кенеттен сүзекпен ауырып қалып, 
Нығмет  ағасы  оны  ауруханаға  жеткiзiп  салып,  өзi  жұмыс  бабымен 
әрi  қарай  кетедi.  Ал,  Бауыржан  ұзақ  емделiп,  ауруханадан  шықса, 
оны қызметiнен сырттай босатып, орнына баска адамды қойған екен. 
Кадр мәселесiн шешетiн Бағаев деген кiсiмен Бауыржан сөзге келiп 
қалып, ұрыс-керiспен ол кәсiподақтан да, комсомолдан да қуылады. 
Бұл  сол  кездегi  жас  жiгiт  үшiн  ауыр  жаза  едi.  Өйткенi  басқа  тәуiр 
қызметке  орналасу  үшiн  оларға  мүше  болмаса  мүмкiн  болмайтын. 
Амалы таусылған Бауыржан Алматыға келiп, Нығмет Сырғабековке 
болған  жағдайды  айтады.  Нығаң  сол  кабинетiнде  отырып-ақ 
телефонмен  келiсiп,  Бауыржанды  кәсiподаққа  да,  комсомолға  да 
қайта  кiргiзедi.  Содан  кейiн:  «Ал  шырағым,  ана  кiсiнi  (Бағаевты) 
неге бақа дедiң?» - деп сұрайды. Сол кездiң өзiнде өткiр, шақар жас 
Бауыржан:  «Е,  өзi  бақаға  ұқсап  тұрғасын  мен  оны  басқа  қалай 
айтайын», - деп шақ ете түседi. Сонда Нығаң салмақпен: «Шырағым, 
мүмкiн  ол  жаман-ақ  шығар.  Бiрақ  ол  үлкен  ғой.  Үлкендi  сыйлау 

керек  қой»  дегенде  Бауыржан  кiрерге  тесiк  таппай  қиналады. 
Шымкенттегi  ұрыс-таластар,  көрген  қорлықтың  бәрiнен  де  мына 
ақырын  ғана  айтылған  әдiл  сөз  қатты  батады.  «Ұялғаннан  бәрiн 
тастап, тура қашқым келдi. Тiптi сол оқиға есiме түссе күнi бүгiнге 
дейiн қысылып қаламын. Ақырын айтылған жүйелi сабақ өмiр бойы 
есiмнен  шыкпайды»,  -  деген  екен  қасиеттi  Баукең  жазушымен 
әңгiмесiнде.  Мiне,  бұл  Нығмет  Сырғабековтың  қазақ  даналығын 
бойына  сiңiрген  оның  тәлiмiн  таратуда  бiлiктi  бола  бiлген  тұлға 
екендiгiн көрсетсе керек. 
Осындай  елiне,  халқына  қамкоршы,  жастарға  ақылшы  болған, 
үкiмет  пен  партияға,  халыққа  адал  қызмет  iстеген  Нығмет 
Сырғабеков  те  1937  жылдың  зобалаңына  iлiкпей  қалмады.  Сол 
жылдың қазан айының 22-сiндегi Қазақстан Компартиясы Орталық 
Комитетiнiң  бюросының  отырысында  Нығмет  Сырғабековтың 
мәселесi  талқыланады.  Сол  отырыстың  стенографиясында  былай 
делiнiптi:  «Снять  Сыргабекова  Н.  с  работы  Наркомзема  Каз  ССР, 
исключить из рядов партий и из состава ЦК КП(б) К и дело о нем 
передать органам НКВД, секретарь ЦК КП(б) К Мирзоян». 
НКВД-ның инквизициялық неше түрлi қияметiн көрiп, атылған 
19 
наркомның iшiнде Нығмет те болды. Олардың атылғаны туралы 
сол  кезде  шыққан  газеттердегi  тiзiмде  Н.Сырғабеков  2-шi  болып 
жазылыпты. 
Мiне,  халқымыздың  талантты  ұлы,  iрi  мемлекет  қайраткерi 
Нығмет  Сырғабековтың  кысқа  өмiрi  (небары  37  жас)  мен  қызметi, 
отбасы  жағдайы  осындай.  Оның  сол  қысқа  өмiрiнде  халқына 
жасаған  жақсылығы  ұшан-теңiз.  Қазiргi  жастарға  мұндай 
адамдардың  адамгершiлiгi  мен  отансүйгiштiгiнен  үлгi  алуға  әбден 
боларлық. 
 
Сәбит Жумин
 
ЖАЗЫҚСЫЗ ЕДI ӘКЕМ
 
(Қабдолла Елемесов) 
 
Менiң  әкем  Елемесов  Қабдолла  (құжаттарда  Абдолла)  1899 
жылы  қазiргi  Шал  ақын  ауданының  Кеңес  Одағының  батыры 
Ыбыраев  Ысқақ  атындағы  ауылдың  iргесiнде  орта  шаруаның 
отбасында өмiрге келiптi. 
Жастайынан  бiлiмге  құштарлық  танытып,  сауатсыздықты  жою 
кезеңiнде  әр  деңгейде  бiлiм  алған  екен.  Кейiннен  Петропавл 
қаласындағы педтехникумға оқуға түсiп, мамандық алып шығады. 
1926-
1929  жылдары  Саумалкөлде  мұғалiмдiк  қызмет  атқарған. 
Одан  кейiн  1930-1934  жылдары  Петропавлдағы  «Коммуна»  деп 
аталатын  жетiм  балалар  үйiн  басқарады.  Ауыл-селоларды  аралап, 
жастарды оқуға тарту кезiнде Қабдолла Елемесов iскерлiк танытып, 
көптеген  ауыл  жастарының  сауатын  ашып,  бiлiм  алуларына 

жәрдемiн  тигiзедi.  Солардың  қатарында:  Жұматаев  Өсербай, 
Байбатыров Сәден, Оразтаева Биғайша, Сейдахметова Балапан және 
тағы да басқа көптеген шәкiрттерi кейiннен өздерi ұстаздық жолын 
жалғап, мұғалiм болып едi. 
Сонымен қатар Елемесов Қабдолла облыстық «Бостандық туы» 
газетiнiң  тапсырмасымен  Бейнетқор  және  басқа  да  аудандарда  iс-
сапарда  болып  көптеген  жұмыстар  атқарыпты.  1934  жылы 
Петропавлда қызмет атқарып жүрген жерiнен Алматы қаласындағы 
марксизм-ленинизм мектебiне оқуға жәберiлiптi. Оқуын жедел түрде 
бiтiрiп, 1936 жылы Жамбыл облысының Жамбыл ауданына қарасты 
«
Билiкөл»  қой  совхозына  саяси  бөлiмнiң  бастығы  етiп  жiберiлген. 
Қосалқы жұмыс ретiнде «Билiкөл» атты газеттiң редакторы мiндетiн 
атқарған. 
Бұл  кезең  бiздiң  тарихымыздағы  өте  бiр  ауыр,  ағынан  қарасы 
басым  кезең  болатын  Екi  көз  бiрiн-бiрi  аңдып,  екiнiң  бiрi  дұшпан 
аталып сотталып, атылып жатқан уақыт. Кiнәсi бар ма, жоқ па оның 
түп-тамырына дейiн тексерiп жатпай-ақ қаламмен бiр сүйкей салып, 
адам  тағдырын  шешiп  жатты  емес  пе?  Осындайда  бiреулердiң 
көрсетуiмен  менiң  әкем  Қабдолланы  партия  қатарынан  шығарып, 
атқарып жүрген жұмысынан босатып тастайды. 
Өзiнiң ешқандай кiнәсiз екенiн айтып, әдiлдiк iздеп партиялық 
билетiн  қайтарып  алу  үшiн,  шойын  жол  бойында  жүрiп  тұру  оңай 
болады  ғой,  -  деген  ниетпен  Тараз  (Әулие  ата)  қаласына  көшiп 
барған  жерiнде  1938  жылы  3-қаңтар  күнi  тұтқынға  алынады. 
Шешемiз Тайжан Жұмақызы Дүйсенбек немересi 3 баламен. Жәлел 
– 
12  жаста,  Күлпәш  8  жаста,  Совет  деген  iнiмiз  1,5  жаста  жылап-
еңiреп қала бередi. 
Артынан  қайда  кеткенiн  бiлу  үшiн  тамақ  алып,  бiр  баланы 
көтерiп, бiрiн жетектеп, үлкенiн ертiп жаяу-жалпы әр түрменiң есiгiн 
сығалап,  сұрастыра-сұрастыра  ақыры  қайда  қамаулы  екенiн  тауып, 
күн құрғатпай тамақ апарып тұрады. Күндердiң күнiнде қара-құрым 
халықтың  арасымен  кимелеп  тамақ  алатын  тесiкке  зорға  жеткен 
анамыздың тамағын алмай итерiп тастайды. 
-
Үлкенiм  Жәлелдiң  «папамды  қара»  –  дегенiн  естiп  қарасам: 
тарантас  күймелi  арбаның  артында  еңгезердей  екi  жуан  адам, 
алдындағы ат айдаушының орындығында бiр бала отыр, жанталасып 
жақындағанымда  Қабдолланың  айтқаны:  «Бәрi  бiттi,  аққа  қара 
жұқпайды деушi  едiм,  майдай  жұғады екен,  ендi  елдi  тап»,  -  деген 
сөзi ғана болды. Құдайдың ұрғанын сонда бiрақ бiлдiм, - деушi едi 
марқұм шешемiз. 
Мен  болсам  нағашыларымның  қолында  болып,  солардың 
фамилиясымен  аталып  кете  бардым.  1938  жылдың  наурыз  айында 
әкемнiң iнiлерi Қабдрахман мен Қарибек үш баламен шешемiздi елге 
көшiрiп  әкелдi.  Елге  оралғаннан  кейiн  «халық  жауының  отбасы» 

деген айдар тағылып, шешемiз, көзiнен жасы сорғалап жүрiп, небiр 
ауыр жұмыстарға жегiлгенде кiшкентай iнiмiз Совет қайтыс болды. 
Отан  соғысы  кезiндегi  қиыншылықтар  бәрiне  де  қиын  болды. 
Ағам  Жалел  1943  жылдың  наурыз  айында  майданға  алынып,  1948 
жылдың наурыз айында аман-есен елге оралды. Оның да көрмегенi 
жоқ.  Тiптi  партияға  жолатпады  ғой.  Әйтеуiр,  1957  жылы  дегенiне 
жетiп,  кейiн  Алматыдағы  4  жылдық  партия  мектебiн  бiтiрдi, 
партиялық  қызметтердi  атқарды.  Ол  1991  жылы  қараша  айында 
дүние салды. 
Ауыр  жұмыстардың  әсерiнен  шешемiз  ауруға  шалдығып,  көп 
зардап  шектi.  Әкемiздi  көп  ойлап,  еске  алып,  оған  тағылған 
кiнәлардың  бәрi  жала  екенiн  айтып  отырушы  едi.  Ақыры  қайғысы 
бар, ауыр жұмыстардың зардабы бар, 1981 жылы дүниеден өттi. 
Шешемiздiң  көзi  тiрiсiнде  iздестiрудiң  нәтижесiнде  Жамбыл 
облыстық  ұлттық  қауiпсiздiк  комитетiнiң  1964  жылы  берген 
анықтамасынан әкемiздiң 1938 жылдың 3 қаңтарында тұтқындалып, 
сол жылдың 8 ақпанында атылып кеткенiн бiлдiк. Басқадай ештеңе 
айтылмаған.  Әкемiздiң  бұл  дүниеде  жоқ  екенiн  бiлген  соң,  атамыз 
Елемеске  естiртiп,  ауыл  молдасы  болатын  құран  оқытып,  бата 
iстеттiк. 
Ертеректе  «Қазақстан  коммунисi»  атты  жорналдың  ақпараттар 
деген бөлiмiнде жазықсыз жапа шеккендердiң тiзiмi берiлдi. Сонда 
Елемесов Абдолла (құжат бойынша Абдулла, шын аты Қабдолла) да 
бар  болатын.  Осыдан  кейiн  әр  жерге  хат  жолдап  iздеу  сала 
бастадым.  Мiне,  ендi  әкем  Елемесов  Қабдолланың  кiнәсiз  деп 
танылып толық ақталғаны жөнiнде екiншi рет анықтама қағаз алып 
отырмын. Мазмұнын еш өзгерiссiз келтiрейiк: 
Прокуратура Жамбылской области 
14.03.2003 № 17/43 – 03 
Северо-Казахстанская область 
Шал-акынский район с. им. Ибраево Жумину С.К. 
Справка о реабилитации 
Елемесов  Абдулла  1899  года  рождения,  уроженец  Тонкерей-
ского  района  Северо-Казахстанская  область,  арестован  3  января 
1938 года Джамбульским РО НКВД за участие в контрреволюцион-
ной  организации  и  за  вредительскую  работу  в  области 
животноводства. 
08.02.1938  году  решением  Тройки  УНКВД  по  Южно-
Казахстанской  области  Елемесов  А.  осужден  к  высшей  мере 
наказания – расстрелу. 
Небары бiр-ақ айдың iшiнде әкемнiң «мәселесi» шешiлiп, үкiм 
асығыс  түрде  iске  асырылған.  Онымен  бiрге  қаншама  жазықсыз 
жандардың  өмiрлерi  қиылып,  қыршын  кеттi  десеңшi?!  Тек,  1957 
жылы  ғана  кiнәсi  анықталмағандықтан  iс  қысқартылған.  Бұл 

атылғаннан  кейiн  он  тоғыз  жылдан  соң  қабылданған  шешiм 
болатын. 
Қазақстан  Республикасының  14.04.1993  жылғы  «Саяси 
репрессиялардың  құрбандарын  ақтау  жөнiндегi»  Заңының  төртiншi 
бабына  сәйкес,  Елемесов  Абдолла  кiнәсiз  деп  танылып  толық 
ақталғаны жөнiнде анықтама Жамбыл облыстық прокуратурасының 
орынбасары, заң кеңесшiсi Б.М.Искаковтың қолы қойылып, мөрiмен 
расталған нөмiрi 001053 анықтамасы почтамен келдi. Кеңес өкiметi 
орнап, билiк жүргiзген кезеңде әкемiз халқының игiлiгi үшiн еңбек 
етуге бар күш-жiгерiн жұмсаған адам болған. 
Елдi  бiрiктiру,  ұжымдастыру  кезеңiндегi  1928-1929  жылдары 
осы күнгi Ыбыраев ауылы қоныстанып отырған жер Бостау атаның 
қысқы тұрағы болған. Өйткенi, Есiл өзенiне жақын, айнала қоршаған 
қалың  ағаш  болатын,  осы  жер  таңдалып  алынды  да,  үйлердiң  ең 
бiрiншi  қазығын  қаққандар  Баржақсыұлы  Жайлаубай,  Елемесұлы 
Қабдолла болды. 
Жәнiбек, Қабай, Тұяқ аталарымыздың ұрпақтарын шашыранды 
болып  жүрген  жерлерiнен  бiр  орынға  шоғырландырып 
қоныстандырып,  ұжымшар  атын  «Мәдениет»  деп  атап,  келешекте 
мәдени орталыққа айналып, 300-ге жуық үй болады деп жобалаған 
екен, кейiнде ол iске асты. 
Ер жетiп, ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет етiп, ата жасына 
келiп, ұрпақ өсiрiп отырсам да сол бiр зобалаң жылдары жазықсыз 
құрбан болған сан мыңдаған адамдардың қатарында кiнәсiз атылып 
кеткен әкемнiң аруағына бас иiп, құрметпен еске алып отырамын. 
 
Ғалым Қадiрәлiұлы
 
ӘКЕ ЖАЗАСЫ, БАЛА АЗАБЫ 
(Әзiмбай Кеншiнбаев) 
 
Кеншiнбаев  Әзiмбай  17.05.1889  жылы  Солтүстiк  Қазақстан 
облысы  Бейнетқор  (бүгiнгi  Мағжан  Жұмабаев)  ауданы  Қызыл-Ту 
ауылында  дүниеге  келген.  Кеңес  үкiметi  кезiнде  «Қызылту» 
ұжымшары, одан кейiн кеңшары құрылады, олар Сартомар ауылдық 
кеңесiне қарады. 
Әзiмбай  алғашында  ауылдық  молладан  дәрiс  алып,  сауатын 
ашады, хат таныйды, құранды оқитын дәрежеге жетедi, араб әрпiмен 
жазуды  үйренедi,  бiрақ  әрi  қарай  оқудың  жағдайы  болмайды. 
Ауылда  ұжымшар  қарамағында  қарапайым  жұмыстарды  атқарады: 
диқаншы, малшы т.б. жабайы еңбекпен айналысады. 
1938  жылдың  1  ақпанында  УНКВД-ның  «Үштiгi»  Әзiмбай 
Кеншiнбаевты  исламдық  дiни  ағымды  уағыздады,  Кеңес  үкiметiне 
және  ұжымшар  құрылысына  кедергi  жасады,  рушылдықты 
қоздырды  деп  айыптап,  түрмеге  жабады.  Алдыменен  үйдегi  мал-
мүлiктi тiнтiп, бәрiн есепке алады. Тiнту кезiнде сезiктi болатындай 

еш  зат  табылмайды.  Ұсталған  кездегi  жылқысы  –  2,  сыйыры  –3, 
қабырғалары  балшықпен  толтырылған  ескi  үй  болыпты.  Артында, 
жанұясында  жалғыз  ұлы  –  Ақтай  (8  жастағы)  қалады.  Әзiмбай 
бұның алдында, 1929 жылы да бай, жылқы ұрысы, қарақшылармен 
жолдас болған деп ұсталыпты. Ол кезде 10 жылқысы, 15 сыйыры, 25 
қой-ешкiсi болған екен. Бiрақ кәмпескелеудiң алғашқы толқынында 
бұл  iрi  бай  емес  делiнiп,  сотталудан  аман  қалған,  бiрақ  малдары 
тәркiленедi. 
Дегенмен,  соңғы  жабылған  жаланың  жүгi  өте  ауыр  болды. 
Қызыл-Ту  ауылынан  бiр  күнде  Әзiмбайдың  Тасболатов  Дүйсен, 
Бекiшев  Ыбырай,  Сауытбеков  Ахмет,  Тұрлыбаев  Ақбұзау, 
Садуақасов  Айдолла,  Сұлтанов  Бекетай  деген  замандастарын  бiрге 
ұстап әкеткен. 
Әзiмбай  Кеншiнбаев  және оның  бiрге кеткен  ауылдас  достары 
(алдағы аталған) қайтып елге оралмайды, мүлде хабар ошарсыз жоқ 
болады.  Әзiмбай  1938  жылы  15  ақпанда  атылды  деген  хабарды 
жанұясы кейiн естидi. Бiрақ қай жерде атылғаны, қайда жерленгенi 
белгiсiз қалпында қалады. 
Айыптау  жалпы халыққа  тағылған  жала  «халық жауы»  белгiлi 
заң  бабында  көрсетiлгендей,  атылумен  аяқталған.  Кейiн  (1989ж. 
Жоғары Кеңестiң үкiмiмен) көпшiлiгi ақталды. Сол ақталғандардың 
iшiнде  Әзiмбай  Кеншiнбаев  та  бар.  Одан  бұрын  1958  жылы 
облыстық  сот  1938ж.  «Үштiктiң»  үкiмi  заңсыз  деп,  тауып, 
қылмыстық  iс  тоқтатылсын  деген  шешiм  қабылданған  болатын. 
Ұсталғандар  атылды,  келмеске  кеттi,  артында  бала-шағасы, 
туыстары  қалды.  Солардың  тағдыры  қалай  болды?  Ол  жөнiнде 
Әзiмбайұлы Ақтай өзiнiң естелiгiнде былай дейдi. 

Менiң шешем екi жасымда қайтыс болыпты. Әкем ұсталғанда 
есiмдi  бiлемiн,  жетi  жаста  едiм.  Қыс  айында  ат  жегiлген  кәшауа 
шанамен үш адам келiп, үй iшiн қопарып, тiнту жүргiздi де әкемдi 
алып  кеттi.  Сол  кеткеннен  кейiн  оны  көрмедiм.  Сөйтiп,  жетi 
жасымда тақыр жетiм болып қалдым… 
Әзiмбайдың  өзiнен  екi  жас  кiшi  iнiсi  Дайрабай  деген  (әйелi  – 
Дәкей,  балалары  Елтай,  Күлша  (қыз),  Еркеш)  өз  жанұясымен  қоса 
жетiм  қалған  басқа  туыстарының  балаларын  да  асырап  жеткiзген. 
Олар:  Кеншiнбайдан  тараған  балалар  Қаттай,  Күлтай,  Жамкетай, 
Хабиба  едi.  Сайып  келгенде,  Дайрабай  мен  Дәкейдiң  қарамағында 
шиектей  жас  сегiз  бала  қалды.  Кейiн  соларды  өсiрiп,  өрбiтiп 
жеткiзген де осылар. Кең пейiлдi дарқан адамдардың жүрек жылуы 
балалардың  бәрiне  де  жетiп  жатты.  Он-он  бiр  жаста  балалар 
ұжымшарға  араласты,  үлкендермен  қатарласып  еңбек  еттi. 
Аштықты, жалаңаштықты, барлық ауыртпалықты үлкен де, кiшi де 
бiрге көрдi, әсiресе, соғыс жылдары. Соғыстың ауыр жүгiн әйелдер, 
балалар,  шалдар  арқалаған  едi.  Шөп  шабу,  оны  жинау,  пiшенге 
әкелiп  үйу,  егiндi  сеуiп,  оны  ору  бәрi  де  осылардың  мойнында 

болды.  «Көппен  көрген  ұлы  той»  немесе  «бiрiгiп  көтерген  жүк 
жеңiл»  дегендей  халық  бәрiн  көтердi,  бәрiне  төздi.  Бiрақ,  әкесiнен 
айрылған, сол кездегi балалардың жүрегiнде өшпес өкiнiш, қайғылы 
қасiрет қалған едi. 
Бұл  жөнiнде  тағы  да  Әзiмбайдың  баласы  Ақтайдың  естелiгiне 
жүгiнейiк. Ол былай пайымдайды өз тағдырын. 

Мен  1947  жылы  7  сыныпты  ауыл  мектебiнен  бiтiрдiм.  Одан 
соң  Алматының  үш  жылдық  милиция  мектебiне  түсуге  бардым. 
Дәрiгерлiк  тексеруден  өттiм,  оқуым  да  жақсы  едi.  Бiрақ,  «халық 
жауының  баласы»,  оған  милиция  қатарында  қызмет  iстеуге 
болмайды  деп  қайтарып  жiбердi.  Одан  соң  Қызылжардағы 
педучилищеге  түстiм.  Бiрiншi  курсты  бiтiргеннен  кейiн  училище 
директоры  шақырып  алып,  оқуды  саған  әрi  қарай  жалғастыруға 
болмайды,  ұлықсат  етпейдi  деп  хабарлады.  Сөйтiп,  тағдырдың 
тәлкегiне түсiп, қорлықты көрiп елге оралдым. Кеңшарда қарапайым 
жұмыс  атқардым.  Әскер  қатарында  болдым.  Әскерден  келгеннен 
кейiн  (1955ж.)  Полудин  аудандық  Кеңесiнде  кадр  бөлiмiн 
басқардым.  Онда  бiр  жарым  жыл  қызмет  атқарғаннан  кейiн  баяғы 
ескi  сарынмен  менi  тағы  жұмыстан  шығарды.  Бағымның 
жанбайтынын  сездiм  де  ауылға  оралып,  әр-түрлi  жұмыстарды 
атқардым.  Қызылжар  қаласындағы  Локомотив  депосында  слесарь 
болып жүрiп, зейнеткерлiкке шықтым. 
Әзiмбайұлы Ақтай жазықсыз жазаланған әкесiн iздеп бармаған 
жерi,  баспаған  тауы  қалмады.  Жерленген  жерiн,  топырағын  қанша 
iздестiргенмен  одан  еш  нәтиже  шықпайды.  Әке  үшiн  бала  күйген 
заманда Ақтайдың өмiр жолы ашық болмады, алда айтқанымыздай, 
не  оқудан  не  қызметтен  рахат  көрмей  ылғи  тежеумен,  қорлықпен 
өттi  өмiрi.  Сондықтан  әдiлеттiк  iздеп,  әкесiнiң  «халық  жауы»  емес 
екендiгiн  дәлелдеу  үшiн  көп  iздендi,  көп  арызданды.  Ақыры  әкесi 
Әзiмбай ақталды, әдiлеттiк жеңдi. Бұл да көңiлге үлкен демеу болды. 
Дегенмен,  бұл  тұқымнан  дәрежесi  асқан,  бахыты  жанған 
адамдар  да  болды.  Солардың  iшiнде  Қаттай  Кеншiнбаевты  ерекше 
атап  өткен  жөн.  Ол  Қазақстан  Республикасына  еңбегi  сiңген 
Гидротехнигi, КСРО өнертапқышы, Петропавл қаласының құрметтi 
азаматы,  көптеген  ордендер  мен  медальдардың  иегерi.  Қазақстанда 
ғана емес, Кеңес Одағы бойынша ең үлкен су жүйесiн көп жылдар 
бойы басқарған Қаттай Кеншiнбайұлы туралы «Асыл азамат» деген 
кiтап  та  жарық  көрдi.  Дайрабай  жанұясында  тәрбиеленген  Қаттай 
осындай ел азаматы болып шықты ақыры. 
 
Ғалым Қадiрәлiұлы 
ЕКI ТАРЛАН ТАҒДЫРЫ 
 
Байдүйсенов  Рахымбек  Байдүйсенұлы  1907  жылы  Солтүстiк 
Қазақстан  облысы  Айыртау  (бұрынғы  Рузаев)  ауданындағы 
Шағалалы деген елдi мекенде туған, бұл жер бұрын Жаңатiлек деп 

аталыпты.  Осы  жерде  ұиымдасқан  шаруашылық  құрылып 
отызыншы жылдары Шағалалы ұжымшары аталады. Рахымбек осы 
шаруашылықта  атқамiнер  белсендiсi  болып  басқарма,  бригадiр 
қызметтерiн  атқарады.  Елiне  адал  еңбек  етiп,  халқы  үшiн  терiн 
төккен адам болыпты. Ақылды, адал адамдар отыз жетiнiң нәубетiне 
iлiкпей  қалған  ба?  Рахымбек  те  осы  жылы,  бiр  күндерi  «Халық 
жауы»  болып  ұсталады,  «Үштiктiң»  қармағына  мықтап  iлiгедi. 
Атбасарға  апарып,  түрмеге  қамайды.  Әйелi  Алтыншаш 
Тiлеубайқызы  соңынан  қуып  барып  түрмеде  жолығады,  тамақ 
бередi.  Көп  сөйлесуге  болмайды,  -  Менiң  қызым  –  Жаңылдықты 
әкелiп көрсет, ретi келсе бiр иiскейiн деген Рахымбектiң соңғы сөзiн 
ғана естидi. Қолына жазылған бiр парақ қағазды ғана берiп үлгередi. 
Алтыншаш  хатты  ашып  қараса,  Рахымбектiң  түрмеде  жазған  өлеңi 
екен.  Өлеңнiң  тақырыбы  «Мен  адалмын,  ағайын».  Соны  сол 
қалпында оқырманға ұсынып отырмыз. 
Қолыма ақ қағаз бен қалам алдым, 
Азырақ хиқаятпен өлең жаздым. 
Адасып, үй таба алмай зарлап жүрген, 
Қал-жәйiн естiңiздер жалғыз қаздың. 
Айтайын мен, жамағат, түрме жайын, 
Түрмеде әр қылмыстың орыны дайын. 
Ел десе мен есiмнен адасамын, 
Жүрекке қайғы толды күн-күн сайын. 
Жасымнан қудым дүние парасатын, 
Адамның ойлап, бiлдiм саясатын. 
Қолыма билiк алып, ел басқардым, 
Елiмнiң шығарғам жоқ жаман атын. 
Елiмнiң жақсылығын асырып ем, 
Жаманын халқым үшiн жасырып ем. 
Халқымның қайғысына ортақ болып, 
Алланың әмiрiне бас ұрып ем. 
Халқыма «әй, бәлекет» атанғам жоқ, 
Басымды халқым үшiн тартынғам жоқ. 
Еркелеп, сайран салып жүргенiмде, 
Бiр бұзық маған қарай сiлтедi оқ. 
Түс кезi, тамыз айы, 5-күнi, 
Ол күнi үйде жоқ ед аға-iнi. 
«
Конторға сiздi Қошанов шақырады»,- 
Деген суық сөздiң келдi үнi. 
Орнымнан түрегелдiм, контор бардым, 
Қасынан көк үстелдiң орын алдым. 
«
Дайындал, қылмысың бар, арестовать!», 
Дегенде сол арада қайран қалдым. 
Дайындал ендi жiгiт жұмыс бiттi, 
Тiнтемiн, үйдiң iшiн, әкел кiлттi». 

Дедi де асыр салып, үйдi тiнттi, 
Сонан кейiн далаға шығып кеттi. 
Қоштасып ел-жұртымен Рахымбегiң, 
Түрмеге Қошановпен жүрiп кеттi. 
1937 жыл 11 тамыз. 
 
Атбасарда сапқа тұрып, қол бұлғап айдалып кетiп бара жатқан 
он  шақты  жазықсыз  жандарды  Алтыншаш  сыртынан  ғана  көрiп 
қалады.  Солардың  iшiнде  өзiнiң  Рахымбегi  де  бар  болатын.  Бұл 
соңғы  қоштасу,  соңғы  сапар,  соңғы  қолбұлғау  едi.  Оларды 
Петропавлға  апарады,  одан  кейiнгi  тағдырын  ешкiм  бiлмейдi. 
Жанұясының  ұзын  құлақтан  естуi  бойынша  осында  «Бензострой» 
маңында  атылды  дейдi.  Рахымбек  ұсталып  атылғаннан  кейiн 
артында  (Ұлттық  қауыпсiздiк  комитетiнiң  деректерi  бойынша): 
Әкесi Оразов Байдүйсен 70 жаста, шешесi Оразова Рәзия 55 жаста, 
әйелi  (Сайтен)  Алтыншаш  27  жаста  және  8  жасар  Мариям  мен  8 
айлық Жаңылдық деген екi қызы т.б. туыстары қалған екен. 
Ал,  Рахымбектiң  ғұмыры  қысқа  болды,  отыз  жасында  оққа 
ұшты.  Ол  жөнiндегi  соңғы  және  дәйектi  хабар  1995  жылдың  14 
желтоқсанында  Көкшетау  облыстық  прокуратурасынан  келiп  жеттi 
ұрпағына.  Сол  анықтама  қағазында  мына  төмендегi  жәйттердi 
хабарлайды (мәтiнi орысша басылған). 
Байдүйсенов Рахымбек азамат 1907 жылы Жаңатiлек ауылында 
(Рузаев  ауданы  Солтүстiк  Қазақстан  облысы)  туған.  Ол  Шағалалы 
ұжымшар  басқармасының  мүшесi  болып  жүргенде  НКВД-ның 
адамдары 1937 жылдың 6 тамыз айында «контрреволюциялық үгiт» 
жүргiздi  деп  айыптап,  оны  қамауға  алады.  Солтүстiк  Қазақстан 
облысы УНКВД «Үштiгiнiң» шешiмiмен сотталып, 28.08.1937 жылы 
Р.Байдүйсенов  ату  жазасына  кесiледi,  бұл  шешiм  сол  жылдың  10 
қырқүйек күнi орындалады. Қазақстан республикасының 14.04.1993 
жылғы  «саяси  қуғын-сүргiн  құрбандарын  ақтау  жөнiндегi  заңына 
сәйкес  Байдүйсенов  Рахымбек  ақталады.  Анықтаманың  соңына 
прокурор көмекшiсiнiң қолы қойылған, мөр басылған. 
Иә,  Рахымбек  ақталды,  жазықсыз  жаладан  құтылды,  бiрақ 
жаланың  құрбаны  болды.  Ақталу  кiмге  керек?  Бұл  келешек 
ұрпағына  керек.  Рахымбектен екi қыз қалды  дедiк.  Үлкенi  Мариям 
(1929 жылы туған) нағашы әжесi – Ләтифаның баурында болады, ал 
кiшiсi  –  Жаңылдық  (1937  жылы  туған)  ағасы  Рақымның  қолында 
тәрбиелендi. Рақым Степняк қаласының маңындағы Баймырза деген 
ауылда тұрған. Алтыншаш (Рахымбектiң әйелi) екi қызды асырап, ер 
жеткiземiн  деп  талпынып  ойды-қырды  аралап  аянбай  еңбек  еткен. 
1944  жылы  елге  оралады.  Қыздар  есейiп,  мектепке  барып  бiлiм 
алады. Алтыншаш туыстарының арқасында аса таршылық көрмейдi. 
Бiрақ  «халық  жауының  әйелi»,  «халық  жауының  қыздары»  деген 
сөздер  беттерiне  шiркеу  болып,  әрдайым  мыстарын  сындырып 

отырған.  Нәтижесiнде,  оқуды  жақсы  оқыса  да  комсомолға 
қабылданбайды, жұрт қатарлы жүре алмайды, ойнап-күле алмайды, 
тағдырдың  тәлкегiне  түскен  жанұяның  балалары  оқуларын  да 
кезiнде аяқтай алмайды. 
Мариям  мен Жаңылдық ерте  есейiп,  ерте  еңбекпен араласады. 
Жаңылдық  1956  жылы  Шұқыркөл  (Айыртау  ауданындағы) 
аулындағы  Болат  Какашов  деген  азаматпен  бас  қосып,  жанұя 
құрайды.  Болат  Какашов  өмiр  бойы  ұстаздық  еткен  адам.  Бiрақ 
«
халық  жауының»  туысы  деп  партияға  алмаған.  Дегенмен  отбасы 
бахытты  өмiр  сүредi.  Әкем  халық  жауы  болған  емес  деп,  партия 
қатарына  өтедi  Жаңылдық.  Он  бала  көтерiп,  батыр  ана  атанады, 
алтыннан  алқа  тақты.  Ұл-қыздары  да  ер  жетiп,  балалы-шағалы 
болды,  отанымыздың  әр  жерiнде  тұрып,  әр  салада  қызмет  атқарып 
жатыр.  Бұл  күндерi  70-ке  келген  Жаңылдықтың  23  немересi,  2 
шөбересi бар, бахытты әже болып отыр. 
Жаңылдықтың  жұбайы  Какашов  Болаттың  әкесiнiң  туған  iнiсi 
Ғұбайдолла  Тасмағанбетов  те  «халық  жауы»  деп  отыз  жетiде 
ұсталады.  Ол  кезде  Ғұбайдолла  Солтүстiк  Қазақстан  облысы, 
Төңкерiс  (қазiргi  Шал  ақын)  ауданында  қаржы  бөлiмiн  басқарған. 
«
Үштiк» келiп, үй-iшiн тiнтiп, керектi қағаздарды, кiтаптарды алып, 
Ғұбайдолланы  түрмеге  жапқан.  Ақыры  оларды  Алматыға  апарып 
абзал  арыстарымыз  Сәкен  Сейфуллин,  Iлияс  Жансүгiров,  Бейiмбет 
Майлиндермен  1938  жылдың  27  ақпанында  атқан  екен  (Егемен 
Қазақстан  газетi  1997  жылғы  31  мамыр  күнгi  санында  шыққан 
«
жазықсыз атылған азаматтар» тiзiмi бойынша алынды). 
Иә,  Ғұбайдолла  Тасмағанбетов  те  жазықсыз  опат  болды. 
Артынан ақталды. Оған дәлел екi құжат бар. Бiрiншiсi Кеңес Одағы 
Жоғарғы  сотының  әскери  коллегиясының  21.11.1957ж.  анықтама 
қағазы. Онда былай делiнген. Төңкерiс ауданының қаржы бөлiмiнiң 
басшысы  Ғұбайдолла  Тасмағанбетовтың  27  ақпан  1938ж. 
айыпталуын  Кеңес Одағы  Жоғарғы  сотының  әскери коллегиясы 31 
қазан  1957ж.  қайтадан  қарап,  өз  үкiмiн  шығарады.  Ол  үкiмде 
Ғ.Тасмағанбетовке  берiлген  жаза,  еш  дәлелсiз  болғандықтан  оған 
қолданған  қылмысты  iс  тоқтатылып  және  ақталсын  делiнген. 
Соңынан  тиiстi  адамның  қолы  қойылып,  мөр  басылған.  Екiншi 
құжат Қазақ ССР-ы Қауiпсiздiк Комитетiнен Ғұбайдолланың шешесi 
Қапенге  келген  хат.  Онда  Министрлер  Кеңесiнiң  шешiмiне  сәйкес 
баласы үшiн берiлетiн екi айлық көмек ақыны оның қызмет атқарған 
жерiнен алатындығын, сотталар алдындағы кәмпескеленген дүниенi 
қайтарып  алу  жолдарын,  қарабасынан  алынған  дүниенi  Алматы 
қалалық финанс бөлiмi ақшадай қайтаратындығы ескертiлген. 
Байдүйсеновтер мен Тасмағанбетовтер тұқымдарының әр түрлi 
болғанымен (бiрi – Қарауыл, екiншiсi – Атығай) құдандалы адамдар. 
Рахымбек  пен  Ғұбайдолла  тағдырлары  ұқсас,  қуғын-сүргiннiң 
құрбандары  болды.  Олар  жөнiндегi  деректердiң  аздығынан  осы 

тақырыптарды  бiрiктiрiп  жазып  отырған  жоқпыз.  Алдымен  олар 
туыстас  адамдар,  одан  кейiн  iздестiру,  ақиқатына  жету,  ақтау 
барысында жүргiзiлген жұмыстар бiрге атқарылған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҮШIНШI БӨЛIМ 
ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫБIЗГЕ ДЕ ЖЕТТI 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ғалым Қадiрәлiұлы
 
ДҮНИЕНI ДҮРЛIКТIРГЕН 
ҒАЛАМАТ ҚҰБЫЛЫС  
 
Сексен  алтының  желтоқсаны  жөнiнде  көп  ойландық,  ол 
жөнiнде  көп  оқыдық  та,  радиодан  тыңдадық.  Алдында  аса  мән 
бермегенiмiз  рас.  Мемлекет  басына  кiмдер  келiп,  кiмдер  кетпеген, 
зейнеткерлiк  жасқа  келгеннен  кейiн  Қонаевтың  абыройлы  кезiнде 
кеткенi  де  дұрыс-қой  деп  те  ойладық.  Бiрақ,  әңгiменiң  төркiнi 
басқада  жатыр  екен.  Астанада  қыран-кескi  ұрыс  болып  жатқанда 
Қызылжарға  бiр  қыз,  бiр  жiгiт  (қайдан  келгенi  есiмде  жоқ)  бiзге 
келiп  (ол  кезде  қазақ  мектеп-интернатындамын)  аға  қосылыңыз, 
жаппай қарсылық жүрiп жатыр, халықты үгiттеңiз, көтерiлейiк деген 
пiкiр айтты. Мен ештеңеге түсiнбедiм. Ол кезде «көтерiлейiк» деген 
сөз  бiз  үшiн  көктен  найжағай  оғы  түскендей  болатын.  Оған 
ешқандай  мән  бермедiк  қайта  қарсы  тұрып,  «аулақ  жүрiңдер» 
дегендей сыңай бiлдiрдiк. 
Жалпы болған жағдайды қайталаған артық болмас. Ол жөнiнде 
еске  сала  кетейiн.  Сексен  алтының  желтоқсанының  он  алтысында 
Алматыда жұмысшылардың, студенттердiң бейбiт шеруi басталады. 
Әр  жағдайдың  өзiндiк  себебi  болады  ғой.  1986  жылғы  16 
желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетiнiң кезектен 
тыс  пленумы  өтiп,  онда  ұйымдық  мәселе  қаралады.  Пленум 
Д.А.Қонаевты  зейнеткерлiкке  шығуына  байланысты  бiрiншi 
хатшылық  мiндетiнен  босатып,  оның  орнына  –  Г.В.Колбиндi 
бiрауыздан сайлайды. Апыл-ғұпыл өткiзiлген пленумға небары 18-ақ 
минут  уақыт  өтiптi.  Пленум  жөнiндегi  алғашқы  мағлұмат  сол  күнi 
сағат  15-00де  республикалық  радиодан  хабарланды,  республика 
халқы  тыңдады,  әдеттегi  саяси  хабарлама  деп  түсiнiп,  оған  да  аса 
үлкен мән берiлмедi. 
Шеруге шыққан халықтың талабы: Қонаев Д.А. орнынан кетсе, 
халқына  бiр  ауыз  сөз  неге  айтып  кетпейдi.  Оның  орнына 
қазақстандық  бiр  адам  табылмады  ма,  бiздiң  тағдырымызды 
қашанғы  Мәскеу  шешпек?  Мiне,  осындай  ұранмен  демократияның 
аяққа басылғандығын айтып көшеге – Брежнев алаңына шыққан едi 
халық.  Бiрақ,  сол  шеруге  шыққандарды  қанағаттандыратындай  не 
үкiмет,  не  партия  басшылары  сол  кезде  мардымды  сөз-басу  айта 
алмаған. 
Ақылбайдың  ақыры  насырға  шауып,  демонстрацияға 
шыққандардың саны бара-бара көбейiп, мыңдаған адамдарға жеткен. 
Көтерiлiстi  басу  жоспарын  Мәскеуде  Горбачев  М.С.,  Қазақстанда 
Колбин  Г.В.  жасап,  барлық  мәселенi,  ешкiмнiң  ақылынсыз,  екеуi 
ғана  шешкен.  Жақын  жердегi  барлық  әскери  күштердi,  iшкi  iстер 
бөлiмiнiң  күшiн,  оған  қоса  халық  жасақтарын  құрып, 
демонстранттарды  үш  шеңбермен  қоршап  тұншықтырмақ  болған. 

Ақырында  қарсыластар  қақтығысып,  соңы  қантөгiске  ұласқан.  Бiр 
жағы  тас  лақтыру,  екiншi  жағы  әскери  шоқпар,  күрек  т.б. 
құралдарды пайдаланған.  Түнгi  қақаған  аязда  (25°С) өрт сөндiрушi 
машиналардың  салқын  суымен  қалың  жұртқа  шашып,  пергiлеген. 
Милиционерлер  ұстаған  адамдарын  тергеуге,  одан  түрменiң 
камерасына  қамаған,  ал  жедел  көмек  машиналарымен 
жараланғандарды  емханаға  тасыған.  Қарусыз  жастарды  солдаттар 
қарулы  күшпенен  басып  –  жаншып,  ұрып-соғып,  тепкiге  жығады. 
Олардың қаншасы зардап шеккендiгiн дөп басып айту қиын. 
Жоғарыдағы  басшылар  шындықты  жасырып,  көтерiлiстi 
бастаған  бұзақы  нашақорлар  мен  маскүнемдер  деп  хабарлайды. 
Кейiн «қазақ ұлтшылдары» кiнәлi деп пайымдайды, бұл әрине бүкiл 
қазақ  халқына  жабылған  жала  едi.  Бұл  жөнiнде  Мұқтар  Шаханов 
Мәскеуде  депутаттар  алдында  (Кеңес  Одағының  халық  депутаты 
болатын)  үлкен  мiнбеден  сөйлеп,  халқымызды  жазықсыз  кiналаған 
басшыларға  үлкен  соққы  берген  едi.  Қазақ  халқы  ұлтшыл  халық 
емес, керiсiнше интернационалист халық деген болатын… 
Желтоқсанның он жетiсi күнi түнге қарай қар үстiнде жүздеген 
адамдар соққыға жығылған, қираған автобус пен таксилер, бұзылған 
үйлер,  сауда  орындары  байқалған.  Сөйтiп,  демонстрация  қарулы 
күшпен басылады. Көп адам аяусыз жазаланады. Ол жөнiнде кейiн 
сотта анықталғандай болады. 
Мысалы  Қ.Рысқұлбеков  пен  М.Әбдiқұлов  өлiм  жазасына 
кесiледi,  Тәшенов  пен  Тайжұманов  -–15  жылға,  Күзембаев  –  14 
жылға  бас  бостандығынан  айыруға  үкiм  шығарады.  Кейбiр 
деректерге қарағанда Алматы қаласы бойынша қамауға алынғандар 
саны  2400  дей  адам  болса, оның 99-на  сот  үкiмi  кесiлген,  оның  23 
қыз  балалар.  83  адам  бiр  жарым  жылдан  он  бес  жылға  дейiн 
сотталып,  ондағы  2  адам  өлiм  жазасына  кесiлген,  3  адам  алаңдағы 
және  көшелердегi  қақтығыстарда  қаза  тапқан  дейдi  кейбiр 
деректерде. 
Жалпы прокуратура 5224, мемлекеттiк Қауiпсiздiк комитетiнде 
850  адамнан  жауап  алынып,  900-дей  адам  әкiмшiлiк  тәртiппен 
жазаланған,  1400  адамға  ескерту  жасалған,  309  адам  оқудан 
қуылған,  758  адам  комсомол  мүшелiгiнен,  319  адам  жұмыстан 
шығарылған. 
Желтоқсан дүмпуi Қазақстанның Қарағанды, Ақмола, Өскемен 
т.б. iрi қалаларына да жеттi. Оларда да студент жастардың шерулерi 
өтедi. Бiрақ олар қарқын ала алмай тез арада басылып қалады. 
Көтерiлiстiң  бас  кейiпкерi  Қайрат  Рысқұлбеков  болды.  Ол 
жөнiнде  толығырақ  айта  кеткен  артық  болмас.  Қайратқа 
телестудияның  операторы  С.А.Савицкийдiң  өлiмiне  кiнәлi  деген 
айып тағылады. Бiрақ ол өзiне тағылған бұл айыптан үзiлдi-кесiлдi 
бас  тартады.  Оператор  өлген  жерде  мүлде  болмағандығын 
дәлелдейдi,  бiрақ  ол  дәлелдер  еш  жерде  ескерiлмейдi.  Қайта 

бұрынғы  жалалардың    үстiне  басқа  жалалар  жамала  түседi.  1987 
жылдың  мамыр  мен  маусым  айларының  аралығында  Қайратқа  сот 
болып, ол ең ауыр жаза – атуға кесiледi. Небары 20 жастағы уыздай 
жiгiтке өлiм жазасы өте ауыр, өте аянышты-ақ. Тек 1988 жылдың 28 
сәуiрiнде  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Кеңесi  Президиуы-
мының жарлығымен Рысқұлбековке кешiрiм жасалып, өлiм жазасы 
20  жыл  бас  бостандығынан  айырумен  алмастырылды.  Ол 
Алматыдан  Семей  қаласындағы  түрмеге  ауыстырылады.  Бiрақ  сол 
жарлықтан  кейiн  бiр  ай  өткесiн  (21.05.1988ж.)  Қайрат  түрмеде 
отырғанда  қайтыс  болады.  Бұл  да  құпия  өлiм.  Түрмедегi 
басшылардың  айтуынша  Рысқұлбеков  өзiне-өзi  қол  салған.  Семей 
түрмесiне апарылып өлтiрiлуi үлкен бiр жұмбақ сияқты. 
«
Мен  кiнәлi,  емеспiн,  тазамын,  мама»  деп  жазады  Қайрат  бiр 
хатында  анасына.  Қайрат  есiмi  бұл  күнде  ерлiктiң,  батырлықтың 
символына  айналды.  Туған  жерi  Жамбыл  облысы,  Мойынқұм 
ауданы,  Бiрлiк  ауылы.  Қайраттың  есiмiн  мәңгi  сақтау  үшiн  жер, 
көше аттары берiлуде. Оның денесi жерленген (Семей қаласы) жерге 
мәрмәр  тастан  ескерткiш  орнатылды.  Мәрмәр  тасқа  Қайраттың 
бейнесi салынып, оның астына «Қайрат Рысқұлбеков. 13.III. 1966ж. -
21.Ү.  1988  жылы  әкiмшiлiк-әмiршiлiк  жүйеге  қарсы  күрестiң 
құрбаны, желтоқсан 1986», - деп жазылған. 
Қайрат  Рысқұлбековтiң  күнделiгiнен  алынған  «Өмiр»  деген 
өлеңiн берiп отырмыз. 
 
Жала жауып қатты батты жаныма, 
«
Қылмыскер» деп айып тақты мойныма. 
Уа, халайық! Айтып-айтпай не керек, 
Жазған екен маңдайыма, сорыма. 
 
Бiрiншiден, мен анамды сағындым
Екiншiден, бұ Құдайға не жаздым?! 
Бостандықта еркiн жүрген жан едiм, 
Ендi, мiне, тас зынданға қамалдым. 
 
Ардақ тұтқан мейiрiмдi Анашым, 
Ғұмыр берген, құдiретi күштi Құдайым! 
Жалақорлар, күнге күйе жаққан соң, 
Жазығы жоқ балаңды кiм аясын?! 
 
Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар, 
Туа бермес сiз секiлдi асылдар. 
Қартайғанда жүрегiңдi қаралап, 
Кесiр болды-ау бiз секiлдi асылдар. 
 
 

Айналайын, ағалар мен жеңгелер, 
Сiздерге кiм бұл өмiрде тең келер?! 
Сүмiрейiп сот алдында отырған, 
Бауырыңды ендi кiмдер есiркер?! 
 
Айналайын, әпкелер мен жезделер, 
Жоқты-барды сiздердей кiм теңгерер?! 
Қайғы шегiп, азап тартқан ағаңды
Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?! 
 
Айналайын, iнiшегiм, құлыным, 
Сенi ойласам үзiледi жұлыным. 
Сенiң ерке ақ жүзiңдi көре алмай, 
Кетiп барам мен айдауда, құлыным! 
 
Өздерiңе аман-саулық тiлеймiн, 
Өздерiңмен бiрге болсын тiлегiм. 
Өздерiңе тiл қата алмай, достарым, 
Қайғы-мұңлы өмiрiмдi бастадым. 
 
Қош болып тұр, ағайын-туыс бәрiңiз
Қош болып тұр, жасыңыз бен кәрiңiз. 
Қанша қабақ түйгенменен қара түн, 
Ақ таң атып, кездесермiз әлi бiз! 
мамыр айы, 1987 жыл. 
 
Қайрат  күнделiгiндегi  «Ақтық  сөз»  өлеңiнен  екi  үзiндi 
келтiрейiк: 
Қаймана қазақ қамы үшiн, 
Қарусыз шықтық алаңға. 
Алыстан әскер алдырып, 
Қырып салды-ау табанда. 
Сөйлесең даусың жетпейтiн, 
Кез болдық мынау заманға. 
Шовинизм едi ғой 
Басты себеп жанжалға. 
Күнәдан таза басым бар, 
Жиырма бiрде жасым бар. 
Қасқалдақтай қаным бар, 
Бозторғайдай жаным бар, 
Алам десең, алыңдар! 
Қайрат деген атым бар, 
Қазақ деген затым бар. 
«
Еркек тоқты – құрбандық» 
Атам десең, атыңдар! 

Иә, желтоқсан желi есiп өттi. Оған 20 жыл ғана емес, ғасырлар 
өтсе  де  ұмытылмақ  емес.  Егемендi  ел  болуға  ұмтылған 
құлшынысымыз текке кеткен жоқ. Желтоқсан жай ғана шеру емес, 
жай  ғана  жастардың  көтерiлiсi  ғана  емес,  бұл  үлкен  бiр  толғағы 
жеткен тарихи ғаламат құбылыс деп бiлемiз. 
«
Бұл  оқиға  –  жаңа  дәуiрдiң  бастамасы  болды.  Желтоқсан  бiр 
халықтың  бiр  халыққа  емес,  еркiндiкке  ұмтылған  миллиондардың 
озбырлық  жүйеге  қарсы  тұңғыш  рет  бас  көтеруi  едi.  Бұл  оқиға  – 
ояна  бастаған  ұлттардың  бұрынғы  Одақ  көлемiндегi  алғашқы 
демократиялық ұмтылысы едi» - Н.Ә.Назарбаев 
Горбачевтiң  1985  жылы  жариялаған  сөз  бостандығы  мен 
демократияның  шындығына  сенiп,  жастар  өз  наразылықтарын 
бiлдiрдi. Сол «демократиясын» Горбачев өзi аяққа басып, өзi аттап 
өтiп, жастарды қырғызды. 
1986  жылдың  желтоқсанындағы  көтерiлiсте  қаза  тапқан, 
жазалаушылар  озбырлығынан  азап  шеккен  қыз-жiгiттерiмiздiң 
құрбандығы тек қана империяны қаусатып, тәуелсiздiк алуымызбен 
өтелетiнi анық болды. 
Желтоқсан  оқиғасынан  он  күн  өткесiн  Олжас  Сүлейменов 
Г.Колбиндi  жазушылар  одағына  кездесуге  шақырады,  келуге 
көндiредi.  Сол  кездесуде  қызу,  ашық  пiкiрталас  туады.  Онда 
М.Шаханов,  Ә.Кекiлбаев,  Ш.Мұртаза,  Т.Кәкiшев,  Ж.Молдағалиев, 
С.Шаймерденов  т.б.  атақты  ақын-жазушылар  батырлықпен  батыл 
сөйлеп, империяның жазалау саясаты мен өктемдiк пиғылына қарсы 
тойтарыс бередi. 
Ендi облысымыздан осы желтоқсан уақиғасына қатысы бар үш 
жерлесiмiздi  мысал  ретiнде  атап  өтпекшiмiз.  Олар:  Нұржан 
Қалиасқаров,  желтоқсанда  алған  жарасының  зардабынан  қайтыс 
болды, Боташ Қажымов көп қуғындалған азамат, Жанарбек Ахметов 
сол көтерiлiске қатысқан бiрақ оқуын тастап елге оралды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет