N.ophtalmicus, көз нерві Гассер түйінінің ішкі бөлімінен шығып, үңгірлі қойнаудың қабырғасынан өтеді және үстіңгі көзұялық саңылаумен fissura orbitalis superior, көзұясына барады.
Үстіңгі көзұялық саңылауға кірер алдында көз нерві 3 тармақ береді:
n.frontalis (маңдай нерві)
n.lacrimalis (көзжас нерві)
n.nasocilliaris ( мұрын-кірпіктік)
N.frontalis, үстіңгі көзұялық тесіктен шығып, үстіңгі көзұялық нерв, n.supraorbitalis, атауымен маңдай терісін нервтейді.
N.lacrimalis, көзұяның сыртқы және жоғарғы қабырғасы бойымен көзжас безіне барады. Одан өткен соң көздің сыртқы бұрышының коньюктивасы мен терісін нервтейді.
N.nasociliaris, өзінің ұзын кірпіктік тармақтарымен n.ciliaris longi, көз алмасын нервтейді.
ІІ тармағы
ІІ тармағы
N.maxillaris, жоғарғы жақсүйек нерві Гассер түйінінің дөңестеу тұсынан басталып, бассүйек түбіндегі дөңгелек тесіктен, f.rotundum, сыртқа шыгады. Дөңгелек тесіктен шыққан соң қанат-таңдай шұңқырының алдыңғы қабырғасына (жоғарғы жақсүйек) барып, көзұясының төменгі саңылауы арқылы көзұясына кіреді. Осы арада canalis infraorbitalis арқылы n.infraorbitalis атауымен жоғ.жақсүйектің алдыңғы бетіне шығады. Көзұяасты тесігінен шыққан нерв бірнеше тармақтарға бөлініп, “кіші қазтабанды”, per anserinus minor, құрайды.
Қанат-таңдай шұңқырының төменгі тұсында бет-жақ аймағындағы ең ірі парасимпатикалық қанат-таңдай түйіні g.pterygopalatinum, жатады.
Қанат-таңдай шұңқырының төменгі тұсында бет-жақ аймағындағы ең ірі парасимпатикалық қанат-таңдай түйіні g.pterygopalatinum, жатады.