ОңТҮстік қазақстан медицина академиясы, хабаршы №4 942, 2021 жыл, том 2



Pdf көрінісі
бет8/212
Дата14.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#114552
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   212
 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 
 
 

Сондай ақ, еріксіз зәрдің бөлінуі ауыр психикалық жарақатқа, невроздың дамуына байланысты 
физикалық және моральдық азапқа шалдығуына бірден бір әсер етуі мүмкін жетекші факторлардың бірі болып 
табылады [2]. Ургентті және аралас зәр ұстамаудан зардап шегетін егде жастағы әйелдерде қатар жүретін 
аурулардың болуымен, депрессиямен, күнделікті белсенділіктің төмендеуімен және нәжістің ұстамауымен айқын 
байланыс бар екендігі анықталды [5]. Осылайша, халықтың өмір сүру ұзақтығының ұлғаюының жаһандық 
тенденциясы, егде жастағы науқастарда зәр шығару мен ұстамаудың жоғары жиілігі, жасқа байланысты өзгерістер 
мен дисфункцияларға байланысты төменгі зәр шығару жолдарының белгілері арасы
ндағы "қиын" дифферен-
циалды диагноз, қатар жүретін аурулар мен дәрі-дәрмек терапиясына байла-нысты диагностикалық және 
емдеу тактикасының ұтымды әдістерін қолдану қажеттілігін тудыратыны анықталды [6]. 
Зерттеудің мақсаты: 
Егде жастағы әйел адамдардағы зәр шығару бұзылыстарының таралу жиілігін 
анықтау.
Зерттеу материалдары мен әдістері.
Зерттелетін контингенттің сипаттамасы: «Otau med» 
клиникасында тіркелген 65-тен 93 жас аралығындағы (орта жасы 72,3±4,5 жыл) егде жастағы 32 науқас.
Зәр шығару бұзылыстарының таралу жиілігін анықтау барысында сауалнама, сұқбаттасу әдістері 
қолданылды. Зерттеуге әйел адамдардағы зәр ұстамау белгілерін бағалайтын 8 сұрақтан құралған LISS 
шкаласы қолданылды.
 
LISS сауалнамасының нәтижесінің интерпретациясы негізінде зәр ұстамау белгілерін 
бағалаудың жалпы баллдық шкаласы: 1 - 12 балл = жеңіл дәреже; 13 – 25 балл = орташа дәреже; 26 - 40 балл 
= ауыр дәреже. 
Сонымен қатар, зерттеуге алынған науқастар соңғы екі апта мерзімінде зәр шығару күнделігін 
толтырып отырды. Зәр шығару күнделігінің нәтижесінің интерпретациясы: 
1. жеңіл дәрежелі зәр шығару бұзылысы: зәр шығару алдындағы ургенттілік бар, бірақ оған шыдау 
оңай 2. орташа дәрежелі зәр шығару бұзылысы: зәр шығару алдындағы ургенттілік жеткілікті 
ыңғайсыздықты тудырады және күнделікті белсенділікке кедергі келтіреді 3. ауыр дәрежелі зәр шығару 
бұзылысы: қолайсыздықты тудыратын және әдеттегі істермен айналысуға мүмкіндік бермейтін ауыр 
шыдамсыз зәр шығару алдындағы ургенттілік. 
Алынған деректерге статистикалық талдау жұмыстары Microsoft Excel бағдарламасы арқылы 
жүргізілді. Зерттеу нәтижелерін объективті бағалауды жүргізу үшін дәлелді медицина әдістері қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет