Список литературы 1.
Волков
Ю.Г.
Самостоятельная работа студентов: практическое пособие / Ю.Г.
Волков
, А.В.
Лубский, А.В.
Верещагина.
– Мосва:
Кнорус
, 2020 – 142 с.
2. Щекудова С.С. Организация самостоятельной работы студентов: практическое руководство / С.С.
Щекудова. – Гомель: ГГУ им. Ф. Скорины, 2015. – 47 с.
Асанпаша Г.М.,
медицина факультеті, 4 курс, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, e mail:
asanpasha@bk.ru
Ғылыми жетекші: Оспанбек А. К., жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасының ассистенті,
м.ғ.магистрі, e-mail: aikokenes@mail.ru
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ АДАМДАРДАҒЫ ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖИІЛІГІ Өзектілігі . Қазақстан Республикасында зәр ұстамау белгілері постменопаузадан кейінгі және егде
жастағы әйелдердің арасында жиі кездеседі. Соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтер бойынша, зәрдің
еріксіз бөлінуінен зардап шегетін науқастардың жартысынан көбінде (57 %) зәр ұстамау белгілерінің
тұрақты сипаты диагностикаланған [1]. Әйелдерде зәрдің еріксіз бөліну симптомы өте кең таралған және
қазіргі таңда ауруды консервативті және хирургиялық жолмен емдеу қиын болып табылады [2]. Еуропалық
және американдық статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 40-60 жас аралығындағы әйелдердің шамамен 45%
- ы еріксіз зәр шығару белгілерін атап өтеді деп хабарлайды [3]. Халықаралық зәр шығару қоғамы (ICS) зәр
шығаруды терең талдауды қажет ететін негізгі проблема ретінде анықтады. С. Н.Буянова мен В. Д.
Петрованың мәліметтері бойынша, 40% жағдайда зәр ұстамау стресстік сипатқа ие және іштегі қысымның
жоғарылауымен көрінеді (жөтел, жүру, күлу, ауырлықтың жоғарылауы), шамамен 25%-да императивті
шақырудың салдарынан ургентті зәрді ұстамау белгілері байқалады, ал 25% жағдайда аралас инконтиненция
кездеседі [4].
Егде жастағы әйелдердегі зәрдің еріксіз бөліну симптомы науқастарға қолайсыздық тудырта отырып,
күнделікті белсенділікті қиындатады. Егде жастағы әйелдерде жыныс мүшелерінің пролапсымен зәр шығару
жүйесінің бұзылуы мына симптомдармен ұласады: зәр ұстамау, қуықтың артқы қабырғасының түсуі, зәр
шығару жолдарының инфекциясы, қуықтың сыйымдылығының төмендеуі [3].