ОңТҮстік қазақстан медицина академиясы, хабаршы №4 942, 2021 жыл, том 2


ЖАТЫР МОЙЫНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ҮШІН СКРИНИНГТІҢ



Pdf көрінісі
бет13/212
Дата14.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#114552
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   212
Байланысты:
№4942021том2

 
ЖАТЫР МОЙЫНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ҮШІН СКРИНИНГТІҢ 
ТИІМДІЛІГІ 
Кіріспе.
Жатыр мойны обырына (ЖМО) шалдығу жыныстық белсенділіктің ерте басталуы мен, бір-
неше жыныстық серіктестермен, темекі шегумен, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендігімен, дұрыс 
тамақтанбағандықтан, контрацептивтерді қолданбағандықтан және иммуносупрессиямен байланысты.[1].
Репродуктивті жастағы әйелдердің гинекологиялық ауруларының арасында жатыр мойны 
патологиясы 35-40% жағдайда кездеседі. (ЖМО) -бұл қазіргі уақытта ең жиі кездесетін онкологиялық ауру 
болып табылады [2]. Бұл барлық қатерлі ісіктердің шамамен 58% құрайды. Жатыр мойны обыры көп 
әйелдер арасында кең таралған қатерлі аурулар. Құрылымында репродуктивті жүйенің қатерлі ісіктері 
(ЖМО) 46% - ды құрайды. (ЖМО) таралуы бойынша, әлемдегі онкологиялық аурулар және әйелдер өлімінің 
себептері арасында бірінші орында турады [3-4]. 
Қазақстанда 2019 жылға дейін нысаналы топ жас әйелдер болды, олар 30 - 60 жас аралығындағы 
жатыр мойны обырына байланысты диспансерлік есепте тұрмаған әйелдер. 2020 жылдан бастап жатыр 
мойны обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 30-70 жастағы әйелдер скринингтен өте алады. 
Жатыр мойны обырын ерте анықтауға скрининг кезеңіде қамтиды: 1) дәстүрлі әдіспен немесе Бетесда 
терминологиялық жүйесі бойынша интерпретациялай отырып, сұйықтық цитология әдісін пайдалана 
отырып, жүргізілетін Папаниколау бойынша бояумен жатыр мойнынан жағындыны цитологиялық зерттеу 


 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 
 
 
10 
(Рар –тест), 2001; 2) Бетесда терминологиялық жүйесі бойынша цитологиялық қорытындылар кезінде 
тереңдетілген диагностика (кольпоскопия, биопсия, гистологиялық зерттеу) [4]. 
Жатыр мойны обырының жоғары әлеуметтік маңыздылығы, жүргізілетін жатыр мойны 
скринингінің кемшіліктері осы аурудың диагностикасын жетілдіру саласындағы зерттеулердің алғашқы 
шарты болып табылады [5]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет