ОңТҮстік қазақстан медицина академиясы, хабаршы №4 942, 2021 жыл, том 2


Зерттеу материалдары мен әдістері



Pdf көрінісі
бет11/212
Дата14.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#114552
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   212
Зерттеу материалдары мен әдістері.
Зерттеу үшін 50-ден 70 жасқа дейінгі (орташа жасы 55,7±7,5 
жас) 20 науқас іріктеліп алынды, олар оқу бағдарламасына алғаш рет қатысты. Оқитындардың көпшілігі 
66,7% әйелдер болды. Аурудың орташа ұзақтығы 11,7±4,1 жыл болды. Науқастардың өмір сапасын анықтау 
мақсатында Еuroqol сауалнамасы алынды. 
"Облыстық клиникалық аурухана" базасында ұйымдастырылған бағдарлама жұмысының нәтижеле-
ріне ретроспективті талдау жүргізілді. Оқыту шағын топтарда (4-6 адам) "қант диабеті" жобасы аясында 
әзірленген бағдарлама бойынша жүргізілді. Бағдарламада «Қант диабетін бақылау дағдыларын меңгеру», 
«Қант диабеті ауруы бар адамдардың денсаулық жағдайын бағалаудың заманауи әдістерін меңгеру», 
«Күнделікті өмірге ұтымды тамақтану қағидаттарын енгізу», «Тренингке қатысушыларды стресстік 
жағдайға бейімделуге үйрету» атты міндеттер қойылып ұйымдастырылды. Материал түсінікті түрде көрнекі 
(слайдтар, жадынамалар) сүйемелдеумен баяндалды.
Нәтижелері.
Қант диабетімен ауыратын науқастарды тексеру және диабеттің алдын алу мәселелері 
бойынша хабардар болуының төмен деңгейі анықталды. Науқастардың 57,1% - ында комплаенстің төмен 
деңгейі, яғни науқастың өзінің жай-күйінің ауырлығын бағалаудың төмен барабарлығы және оң 
қабылдаудың болмауы анықталды. 
EuroQol сауалнамасының нәтижелері бойынша науқастардың 60% өзінің денсаулық жағдайын 60-70 
шкаласы аралығында бағалады, 25% науқастар шкала бойынша 50 деп бағалады, қалған 15% науқас 80 
шкаласын атап көрсетті. 
Сауалнамадан кейін өзін-өзі бақылауға ынталандыру науқастың 77,4% - ында пайда болды. 81,1% - ы 
оқудан кейін емдік тамақтану қағидаттарында бағдарланды. 57,8% - ы глюкоза деңгейінің мақсатты 
көрсеткіштері туралы хабардар болды. 


 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет