ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2
96
Жұман Айшабибі Дәуленқызы
Қарағанды
медициналық университеті, Жалпы медицина мектебінің студенті
Ғылыми жетекшісі
: м.ғ.к., қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің қауымдасқан
профессоры,
Амреева Кымбат Ералиевна
ДЕРМАТОМИКОЗДЫ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ
ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ
Соңғы онжылдықта әр түрлі жас және халықтың әлеуметтік топтары арасында микозбен
ауыратын пациенттер контингенттерінің қарқынды өсуі саңырауқұлақ
ауруларын басқа
медициналық-әлеуметтік аурулар деңгейімен бірдей деңгейге қойды. Саңырауқұлақ патологиясының
дамуына ықпал ететін негізгі мәселелер қоғамдық орындарда халықтың аса көп мөлшерде жиналуы,
әсіресе фитнес-залдар мен түрлі спорт залдары,
сұлулық салондары, монша, сауналарда және
аталмыш қоғамдық орындарда санитарлық гигиеналық талаптар мен ережелердің
толық жеткілікті
деңгейде сақталмауы, жеке бас гигиенасы талаптарының орындалмауы
қауіп-қатер факторларын
үлғайтып отыр. Дерматомикоздың таралуының тағы бір себебі үй жануарларының дер кезінде
ветериналық тексеруден өтпеуі. Сонымен қатар, науқастардың медициналық көмекке кеш жүгінуі де
үлкен мәселелер туындатуда.
Достарыңызбен бөлісу: