ОңТҮстік қазақстан медицина академиясы, хабаршы №4 942, 2021 жыл, том 2



Pdf көрінісі
бет149/212
Дата14.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#114552
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   212
Байланысты:
№4942021том2

 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 
 
 
97 
бармау керек деп ойлайды, 47% адам иммунитетті нығайту жауабын дұрыс таңдаса, 17% адам қыс 
мезгілінде моншаға түспеу жауабын таңдаған. “Дерматомикозды жұқтырып алу процессі қалай 
өтеді?” респонденттердің ең үлкен пайызы, яғни, 224 (56%) адам науқастанған адамның терісінің 
өзімен де, ол ұстаған жазықтықпен де жанасу арқылы жүзеге асады деген дұрыс жауапты таңдаған 
болатын. 
“Қандай температура ауру қоздыратын саңырауқұлақтар үшін қолайлы болып саналады?” 
сұрағына респонденттердің 61% төмен температура деп қате жауап берген. “Егер адам терлеген 
немесе ауырыңқырап тұрған күйде болса, оның тері бетіндегі орта сілтілік болады. Соны ескере 
отыра, қандай орта саңырауқұлақтар көбеюіне қолайлы?” сұрағына респонденттердің 71 % дұрыс 
жауап беріп, “сілтілік” жауабын таңдаған болатын.
 
“Моншадағы жоғарғы температура әсерінен саңырауқұлақтар өз өмірін тоқтата ма?” сұрағына 
53% респондент қате жауап қатып, иә жойылады деген, тек 21%-ы жойылмайды деп дұрыс жауап 
берсе, қалған 26%-ы жауап беруге қиналамын деген. “Спорт кешендеріндегі спорт кілемшесінің 
үстіндегі саңырауқұлақ жасушалары қанша уақыттан кейін жойылады?” деген сауалға 196 (46%) 
респондент дұрыс жауап беріп, “алғашқы дезинфекцияға дейін тіршілігін тоқтатпайды” нұсқасын 
таңдаған болатын. Қалған респонденттердің бұл сұрақ бойынша білімі дұрыс қалыптаспаған. 
“Шаштаразға қандай күйде келуіңіз дерматомикозды жұқтырып алуыңыздың ықтималдығын 
күшейтеді?” – деген сауал жауаптары бойынша, 176 адам ауру күйінде келуін белгілеп, дұрыс жауап 
берген болатын. 160 адам бас терісінің терлеп тұруын белгілеп, қателескен жоқ. Алайда, қалған 
респонденттер, өкінішке орай, қауіп факторын дұрыс анықтай білген жоқ. “Педикюр салонында 
қандай күйде келуіңіз дерматомикозды жұқтырып алуыңыздың ықтималдығын күшейтеді?”, - деген 
сұрақ жауаптары бойынша, 224 адам ауру күйінде келуін белгілеп, дұрыс жауап берген болатын. 200 
адам табан терісінің терлеп тұруын белгілеп, қателескен жоқ.
Сонымен сауалнама нәтижесін тұжырымдайтын болсақ, толықтай дұрыс жауап берілген 
сұрақтар 46 %, қате жауап берілген сұрақтар 54% құрады. Білім тапшылығы байқалатын пункттарды 
сараптағанда: өте айқын басымшылықта саңырауқұлақтарды жою үшін орындалатын шарттар жайлы, 
және қауіпті факторлар туралы түсініктің төмен екенін анықталды.
Қорытынды:
Қарағанды қаласы тұрғындарының ауқымды үлесінің (барлық дұрыс жауап үлесі 
46%) дерматомикоз профилактикасы жайлы білімі қанағаттанарлық. Инфекцияның жойылуы үшін 
орындалатын шарттар жайлы түсінігінде 54% респонденттерде әртүрлі деңгейде білім тапшылығы 
анықталып, оның ішінде өте айқын білім тапшылығы 20%-ында байқалды. 
Ұсыныстар:
Дерматомикоздың профилактикалық жадынамасын тұрғындарды ақпараттандыру 
құралы ретінде пайдалану. Ветеринарда жақын арада тексерілмеген жануарлармен жанасудан сақ 
болу. Қарағанды тұрғындарының дерматомикоздан қалай сақтану керектігі жайлы жадынамасы 
әзірленіп, әлеуметтік желінің (@leskom.kz, @beautyguide_krg, @deti.krg парақшаларына 
жарияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет