2. Мақсаты: Студенттерді жалпы басқару қағидаларымен таныстыру. Басқарудың маңызын және ұйымдастырудағы менеджердің рөлімен таныстыру.
3.Дәріс тезисі: Басқарушылық шешімді қабылдау әдісі жәнедайындықтың негізгі стадиясы Басқарушылық шешім – бұл басқару субьектісінде мәселелерді жоюға бағытталған шығармашылық акті.
Кез келген басқарушылық шешімдері 4 стадиядан өтеді:
1. Мәселені анықтау:
А) ақпараттарды жинау;
Б) алынған ақпаратты талдау;
В) өзектілікті анықтау;
Г) жағдайларды анықтауда мәселенің шешілу мүмкіндігін түсіндіру.
2. Жоспар шешімінің құрастырылуы:
А)Альтернативті варианттардың шешімін өңдеу;
Б)Қорлары бар альтернативті варианттардың салыстырмалы шешімі;
В) Әлеуметтік салдары бойынша альтернативті шешімге баға беру;
Г) Экономикалық тиімділік бойынша альтернативті варианттарды баға беру;
Д) бағдарлама шешімінің құрылуы;
Е) Шешім жоспарының құрылуы мен өңделуі.
3. Шешімнің орындалуы:
А)Нақты орындаушылар бойынша шешімнің аяғына дейін жеткізілуі;
Б)Жаза мен марапаттаулардың шараларын өңдеу
В)Шешімнің орындалуын бақылау.
Бірінші кезең-басқарушылық шешімді өңдеу кезеңде жағдайлар туралы,мақсаттың анықталуы, бағалау жүйесінің өңделуі,басқарушылық жағдайды талдау,жағдайдың диагностикасы және жағдайды дамытуда болжамды өңдеуге дайындық.
Жағдай туралы ақпараттар сенімді,толық жеткілікті болу керек.Аналитикалық материал,тәжірибелік әрекеті және білімі бар мамандармен бірге басқарушылық мәселесін шешуге дайындалады.
Екінші кезең-басқарушылық шешімді өңдеу-альтернативті варианттарды шешімін толықтыру,басқарушылық әрекеттің негізгі варианттарын іріктеу,басқарушылық әрекеттердің негізгі варианттарына сараптамалық баға берумен көрсетіледі.
Үшінші кезең-үш негізгі элементтерден тұрады:ұжымдық сараптамалық баға, тұлғалардың шешімін қабылдау, әрекеттің жоспарын өңдеу.
Төртінші кезең-шаралардың жоспарын өңдеу кезінде, басқарушылық шешімді жүзеге асыру болып табылады.Шешімді жүзеге асыру кезеңі орындаушыларға дейін, ресурстарды орындаушылар, орындаушылардың әрекетінің координациясы шешімнің жүзеге асырылуын барлық жерлерде орындайды.
Бесінші кезең бақылауды жүзеге асыру және жағдайлардың дамуын басқарушылық әрекеттен кейін нәтижелік талдау болып табылады.Жоспарланған шараларды жүзеге асыруды бақылау және ұйымның әрекетінің тиімділігін қамтамасыз етеді.Басқару обьектінің сипатына қарай,бақылаудың әртүрлі түрлерін қолданады.Бақылаудың негізгі түрі үздіксіз және дискреттік болып бөлінеді.Бақылаудың негізгі міндеті аралық және нәтижелік жоспарлардың, оптимальды дамуын,ауытқуларын анықтау болып табылады.