ДӘРІС КЕШЕНІ Пән бойынша: «Мейірбикелік қызметтегі әкімшілік үрдіс және менеджмент»
Мамандығы бойынша:5В110100 - «Мейірбикелік іс»
Курс-ІҮ
Шымкент-2013 ж
Дәріс кешені кафедра мәжілісінде талқыланды. хаттама № «____» ___________ 2013 ж. Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор м.а. : А.М.Жақсыбергенов
1. Тақырыбы: Әкімшілік үрдіс және әкімшілік-заңи қызмет. Әкімшілік үрдістердің түрлері.
2.Мақсаты: студенттерді әкімшілік үрдісіне, әкімшілік-заңи қызметке оқып үйрету. Әкімшілік үрдістердің түрлерімен таныстыру.
3.Дәріс тезисі: «Менеджмент» түсінігі заманауи отандық экономикалық лексикалық термин болғандықтан, «басқару» түсінігін береді.Нарықтық жағдайда өндірістерде жүзеге асырылатын, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық үрдістерде, кеңінен қолданылады. Әлемдік тәжірибеде, жалпы (басты) менеджмент ҚР-да кеңінен таралған менеджменттің арнайы түрі,ұйым және өндірістің іс-әрекетінің жеке саласына бағытталған:инновациялық менеджмент, қаржылық менеджмент, персонал менеджменті және т.б..
Менеджмент сөзі француз тілінен "manage" (жүк және жолаушыларды тасымалдау) және итальян сөзі "maneggio" (циркте көрсетілетін жылқыларды үйретуі бойынша жаттығу).
Америкалық Менеджмент Ассоциациясы заманауи жағдайында жалпылай анықтаманы береді:
"Менеджмент адамзаттық және физикалық ресурстармен басқарып, ұйымдасқан түрде бірігуі, мақсатына жетуде жұмысшылардың еңбегінің моральдық жағдайының жоғары деңгейде қанағаттандырылуы мен күш пен уақыттың текке жұмсалмауы ".
Менеджмент қарапайым түрінде, менеджмент- адамзаттық, материалды жене материалды емес қорларды тиімді қолдану арқылы қойылған мақсатқа жету үрдісі.
Ең қажетті элементтердің анықтамасы келесі түсінікті береді:
Мақсаттың алға қойылуы-қажеттілігі мен талабының қанағаттандырылуына кепілдендіретін, ұйымдар мен индивуумдардың әрекетінің нәтижелері .