Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Акушерия және гинекология курсымен амсж кафедрасы


Қасаға буынының ажырауы және жыртылуы



бет4/4
Дата23.01.2023
өлшемі26,56 Kb.
#62467
1   2   3   4
6. Қасаға буынының ажырауы және жыртылуы
Бұл асқыну акушерия операцияларынан кейін, нәресте салмағы ірі болса, тар жамбаста кездеседі. Кейде босанудың патологиялық ағымында, акушерия қасқашьш салғанда немесе эмбриотолия операциясын жасағанда қасаға буынының ажырауы (0,5 см артық), жыртылуы мүмкін. бір мезгілде қуық, үрпі зақымдалады.
Клиникалык, белгілері. Әйел қасаға үстінің ауырғанына шағымданады, әсіресе аяқтарымен қимыл жасағанда. Сипап зерттегенде ұлпаның ісініп, ауырсызданғаны және қасаға буыны арасының алшақтығы анықталады (УДЗ жүргізіледі).
Емі. Ортопедиялық "гамак"жасалады (3-5 жұмаға). Қосымша емдер - антибиотиктер, витамин, кальций
препараттарын кеңінен қолданады. Содан кейін әйел гимнастика жасайды.
7. Босанғаннан кейінгі жыланкөз
Босанғаннан кейінгі ең ауыр жарақат қуық және тікішек-қынап жыланкөзі. Бұл асқыну әйелдің етеккір, генеративті, еңбек қызметтерінің бұзылуына әсер етеді.
Босанғаннан кейінгі жыланкөз босану ауытқуларынан кейін кездеседі (тар жамбаста, нәресте салмағының ірілігінде, нәресте басының орнығуының ауытқуында, ұзаққа созылған босануда, акушерия операцияларында).
Белгілері: зәрдің тоқтамауы, қынап арқылы шығуы (қуық-жыныс жыланкөзінде), үлкен дәреттің қынап арқылы шығуы (тікішек-қынап жыланкөзінде). Арнайы айнамен зерттегенде жыланкөз оңай байқалады. Керек кезде цистокопияны қолданады.
Емі - хирургиялық, операция босанғаннан соң 4-6 айдан кейін жасалады.
8. Босану кезінде нәрестенің жарақаттануы, клиникалық белгілері, емі
Босану жарақаты - нәрестенің мүшелері мен үлпаларының босану ағымында жарақаттануы норестенің бейімделу қабілетіне байланысты.
Антенаталды факторлар - жүктілік гестозы, қан-тамыр жүрек, эндокрин аурулары, зат алмасудың бүзылуы, резус-қайшылық, жүктіліктің мезгілсіз үзілуі, үзаққа созылуы - нәрестенің бейімделу кабілетін төмендетеді, осыған орай босанудың қалыпты (физиологиялық) ағымында да норесте жарақаттанад ы .V
Механикалық босану жарақаты - нересте басының жонс жамбас өлшемдерінің сөйкес келмеуінен (клиникалық және анатомиялықтар жамбаста т.б.), акушерия операцияларының әдістерін дүрыс қолданбағандықтан.
Бұғананың сынуы - өте жиі кездесетін жарақаттың бірі, нәресте туылғаннан кейін бірден анықтауға болады (бұғана сықырлап, нәресте қолы қатты қимыл жасай алмайды). Иық белдеуіне таңғыш байлайды (екі жұмаға).
Жүйке жүйесінің закымдалуы
Үшкіл, шынтақ, иық жүйкелері жиі зақымдалады (акушерлік қысқаштан кейін).
Бас сүйектің зақымдалуы. Бұл асқынуда орталық жүйке жүйесі зақымдалып, бас сүйекке қан құйылып және ми ісінеді. Бас сүйекке қанның құйылуы субдуральді, субарахноидальді болады және миға да қан құйылады (мөлшері әртүрлі болады - кішкентай нүктеден, үлкен гематомаға дейін).
Клиникалық белгілері - сәби мазасызданып, дем алуы, жүрек соғуы жиіленіп, аяқ-қолдары құрысып, ұйқыдан қалады.
Емі. Бірінші - төсектік тәртіп (анасына емізуге болмайды), сәбиді төсекте зонд арқылы тамақтандырады; кувезге жатқызып, оттегімен қамтамасыз етеді, бас жағына (20 см қашықтықта) мұз қояды. Нейролептикалық препараттарды, инфузия терапиясын, краниоцеребральді гипотермияны кеңінен қолданады.
4. Иллюстрациялы материалдар: кестелер, слайдтар
5. Әдебиет
Негізгі
Мемлекеттік тілде:
1. БисембаеваР.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық «Акушерия». – Алматы 2004
2. А.Т. Раисова., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық «Акушерия және гинекология». –Алматы 2002
Орыс тілінде:
1. Акушерство: учебник + CD. Раздинский В.Е.- М., 2008-904с.
2. «Гинекология. практикум» В.Б. Цхай., Т.А. Макаренко, Е.К.Шаламова, И.О.Ульянова. –
Ростов - на – Дону 2006.
3. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии: учебник. Дзигуа М.В.-М., 2011.-528с.
4. «Акушерство и гинекология. Практикум» под редакцией Т.Е. Белокриницкой. Ростов-на-Дону. 2007.
Қосымша
1. Внутрибольничная инфекция: учебное пособие. В.Л. Осипова. М 2009-256с
2. Гинекология. Л.Н.Василевская, В.М.Грищенко, В.П. Юровская, Н.А. Щербина. Ростов-на-Дону, «Феникс»-2007.
3. Перинатальное акушерство. В.Б.Цхай – Ростов-на – Дону, «Феникс», 2007.
4. Программа ВОЗ «Безопасное материнство» 2008.
6. Қорытынды сұрақтары(кері байланыс)
Жатырдың жыртылуының сатылары
Жатыр мойнының жыртылуының дәрежелері

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет