Мухина С.А., Тарновская И.И. «Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела», Москва, 1998
Бақылау: Босану каналы дегеніміз не?
Үлкен жамбас өлшемдерін атаңыз.
Босану жолдарынан ұрық басының жылжу сатылары.
Амниотомия дегеніміз не?
Ұрық басының еңбектері мен жіктерінің маңызы.
Шүйдемен жатуындағы алдыңғы түріндегі босануда жүргізуші және бекіту нүктелері.
Шүйдемен жатуындағы артқы түріндегі босануда жүргізуші және бекіту нүктелері.
Босану биомеханизімінің қандай моменттеріне жамбас түбінің бұлшықеттері қатысады.
Алғаш босанушыларда босанудың екінші кезеңінің ұзақтығы.
Қайта босанушыларда босанудың екінші кезеңінің ұзақтығы.
Босанудың екінші кезеңіндегі көрсеткіштері.
1. Босану биомеханизмін жасау үшін ... қажет емес.
| өлі нәресте
| іштің алдыңғы бұлшықетінің,диафрагманың жиырылуы
| жамбас түбі бұлшықеттернің жиырылуы
| босану жолдары арқылы бастың жылжуына кедергінің болуы
| жатыр бұлшықеттернің жиырылуы
2. Шүйдемен келудің алдыңғы түріндегі босану биомеханизмінің бірінші негізгі моменті .... болып табылады.
| бастың аздап иілуі
| бастың алдыға қарай ішкі бұрылысы
| бастың кіші жамбас кіреберісіне қондырылуы
| бастың кіші жамбас қуысына түсуі
| бастың жарып шығуы
3. Шүйдемен келудің алдыңғы түріндегі босану биомеханизмінің бірінші қосымша моменті ... болып табылады.
| бастың кіші жамбас кіреберісіне қондырылуы
| бастың алдыға қарай ішкі бұрылысы
| бастың аздап иілуі
| бастың кіші жамбас қуысына түсуі
| бастың жарып шығуы
4. Бас орта қиғаш өлшеммен ... кесіп шығады.
| шүйдемен келудің артқы түрінде
| шүйдемен келудің алдыңғы түрінде
| төбе сүйегінің алдыңғы түрінде
| шекемен
| бетпен
5. Баспен келудің алдыңғы түрінде босану ісігі .... орналасады.
| үлкен еңбек аймағында
| кіші еңбек аймағында
| маңдай
| бетте
| иекте
6. Бірінші босанатын әйелде жүктіліктің 40 апталық мерзімінде бас .... орналасуы тиіс.
| кіші жамбасқа орнығып
| кіші жамбасқа кіреберісте
| кіші сегментпен жамбасқа кіреберісте
| үлкен сегментпен жамбасқа кіреберісте
| кіші жамбастың тар бөлігінде
7. Босанудың үшінші кезеңінің жүргізу амалы ... байланысты.
| плацентаның бөліну белгілерінің болуына
| босану ұзақтығына
| қан кету дәрежесіне
| жаңадан туылған нәресте жағдайына
| сусыз кезеңнің ұзақтығына
8. Босану әрекетінің даму белгілеріне ... жатады.
| жатыр мойнының қысқаруы мен жайылуы
| толғақтың жиілігінің ұлғаюы
| қағанақ суының кетуі
| бел аймағындағы ауырсынудың ұзаруы
| бастың кіші жамбасқа орнығуы
9. Обьективті босану әрекетінің нәтижелілігі ..... бағалаумен сипатталады.
| жатыр мойнының ашылуының динамикасын
| толғақтың жиіленуі және ұзақтығын
| босану ұзақтығын
| нәрестенің жағдайын
| қағанақ суының кету уақытын
10. Босанудың екінші кезеңінің басталуы ... көрініс береді.
| бастың жарып шығуымен
| күшеншекпен
| бастың ішкі айналуымен
| жатыр мойнының толық ашылуымен
| бастың жамбас түбінде болуымен
Дұрыс жауаптар: 1-10 - а