Артериялық қысым – жүрек жұмысының негізгі көрсеткіші болып табылады. Оны систолалық, диастолалық, пульстік, орташалық болып бөлінеді. Орташа динамикалық қысым деңгейін Хикем формуласы арқылы болжауға болады. Жүрек жұмысының тағы бір негізгі жұмысы болып артериялық пульс болып саналады. Қанның тамыр арқылы ағу жылдамдығы тамырдың диаметріне байланысты. Қан ағуының көлемдік және сызықтық жылдамдығын ажыратады. Қан ағу жылдамдығының венадан ағуының өзіндік ерекшеліктері болуы. 1-ші кезекте венадағы қысымның тез төмендеуіне байланысты.
Артериовенозды аностомоздық қызметтері
мүше арқылы қан ағысын реттейді
қанның жалпы және жергілікті қысымын реттеуге қатысады.
органның қанға толуын реттейді
вена ағысын реттейді
вена қанының артериолизациясын қамтамасыз етеді
деподағы қанның мобилизациясын қамтамасыз етеді
сұйықтық және қанның жергілікті ағысын өзгеруі арқылы жалпы қан айналымына әсер етеді
жылуды реттеуге қатысады.
Микроциркуляция. Микроциркуляторлық жүйе деп диаметрі 2 мм аспайтын қан тамырларының жиынтығын айтамыз. Осы жүйе тамырларымен қанның ағу процессі микроциркуляция деп аталады. Микроциркуляцияға ұлпаның метаболизмді, қанның таралуы мен жиналуын қамтамасыз ететін, мүше ішілік қан айналымымен байланысты процесстер жатады.
Микроциркуляторлық жүйе құрамына. Терминальді, артериолдар, метартериолдар, прекапиллярларлы сфинктер, капилляр, посткапиллярлы венула, майда веналар, артериолвенозды анастомоздар кіреді.
Микроциркуляторлық бірліктің әр компоненті микроциркуляция процесінде белгілі бір қызметтерді атқарады. Мысалы: артериолдар, метартериолдар және прекапилярлы сфинктер транспортты қызмет атқарады. Олар қанды капиллярға әкеледі, әкелуші тамырлар деп аталады. Сонымен бірге олар тегіс бұлшықетті элементтердің жиырылуы және босаңсуы арқылы тамыр өзегінің өлшемін өзгертіп, қан ағысының жылдамдығын ретейді. Тамыр өзегі тарылғанда, қанның ағуына кедергі артып, қанның ағу жылдамдығы баяулайды. Ал тамыр өзегі кеңейгенде қан ағымына кедергі азайып, қанның ағу жылдамдығы артады. Осының нәтижесінде капиллярлардағы қан қысымы да өзгереді.
Капиллярлар және посткапиллярлы венулаларда қан және интерстипиальды сұйықтық арасында алмасу процесстері жүреді. Олар алмасушы тамырлар деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |