ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы оқытушыларға арналған тәжірбиелік сабақТЫҢ



бет12/34
Дата03.02.2023
өлшемі475 Kb.
#65094
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
Методичка-СД-1курс-каз

Қолданылған әдебиеттер:

1. Тақырып бойынша дәріс.

  1. А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.

  2. қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ. Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.

  3. Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.

  4. Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.

  5. Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.

  6. Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.

  7. Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.

  8. Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.

  9. Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.




  1. Тақырып № 5: Гемодинамика.

  2. Оқу сағаттарының саны-2 сағ.

  3. Тақырыптың маңыздылығы:

Ұлпаға қоректік заттардың, оттегінің, гормондардың және биологиялық заттардың жеткізілуі және метоболизм өнімдерінің шығарылуы қан айналым жүйесінің негізгі қызметіне байланысты. Заттардың қаннан ұлпаға және ұлпадан жасушаға тасымалдануы капилляр қабырғасы арқылы жүреді. Транскалиллярлы зат алмасу процесі бұл клеткаға қажет затты адекватты ағыммен және метоболизм өнімдерімен адекватты шығарылуын қамтамасыз етеді. Транскапиллярлы зат алмасуды диффузды, фильтрациялы және реабсорбцилы процесстері капиллярлық деңгейде орындалады. Транскапиллярлы алмасу негізінен қанның микроциркулярлы ағымымен қозғалысы нәтижесінде жүреді. Медициналық білім жүйесінде гемодинамика заңдарын және транскапиллярлы алсаму механизмін білу қажет.
Дидактикалық мақсаты:
Қан айналысы- гемодинамика, көбіне гидродинамика заңдарына бағынады. Жүректің сол қарыншасынан қолқаға қан әлсін-әлсін тек систола кезінде өтеді. Бұған қарамастан қан тамырларда үздіксіз ағады. Мұның себебі ірі артериялар қабырғасында серпімді талшықтардың көп болуы.Қан ағысының өлшем көрсеткіштері- иқан қысымы, қан ағысының жылдамдығы (көлемдік, сызықтық), қан тамырларының тонусы, яғни қан ағысына көрсететін кедергісі.
Қан қысымы қан тамырларының әрбір бөлімінде әртүрлі:

  1. Қолқада бәрінен де жоғары, с.б.б 120-130 мм.

  2. Орташа жуандықтағы артерияда қан қысымы – 100-110 мм-ге дейін төмендеп, қолқа мен артериядағы қысым айырмасы қан тамыры қабырғасының кедергісін жеңуге жұмсалады.

  3. Артериолаларда қан қысымы с.б.б. 70-80 мм, мұнда систолалық және диастолалық қысым арасында айырмашылық жойылады.

  4. Капиллярлардың артериялық бөлімінде қан қысымы с.б.б. 25-30 мм. Капиллярлардың саны өте көп және тар болғандықтан қан қысымының нобайы олардың кедергісін жеңуге жұмсалады. Осы себепті капиллярлардың веналық бөлімінде қан қысымы едәуір төмендейді с.б.б. 6-15 мм.

  5. Орташа жуандықтағы венеларда қан қысымы с.б.б. 9-12 мм, ал қуысты қос венада –± 2; ±5 мм. Жоғарғы, төменгі қуысты веналарда қан қысымы атмосфералық қысымнан төмен болуы мүмкін, сондықтан теріс қысымды веналар жарақаттанған кезде одан қан сыртқа ақпайды, керісінше оған ауа кіріп кетеді. Қан тамырына бітеп (эмболия) қан айналысын тоқтатады. Бұл тіршілік үшін қан кетуден де қауіптірек. Демек, ірі веналардың жарақаты өте қауіпті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет