Қолданылған әдебиеттер:
Тақырып бойынша дәріс.
А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.
қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ. Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.
Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.
Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.
Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.
Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.
Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.
Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.
Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.
Тақырып № 4:Жүрек бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері.
Оқу сағаттарының саны-2 сағ.
Тақырыптың маңыздылығы:
Қан –тамырлар жүйесінің аурулары жиі кездесетін кең тараған, сондықтан уақытында және дұрыс диагноз қоюдың маңызы зор. Сабақта орындаған практикалық жұмыстар мен теориялық ілімдер жүрек кардиодинамикасын, оның жүрек ақауларында қалай өзгеретінін түсінудің негізі болып табылады. Студенттер алғаш рет жүректің аускультация зерттеу әдісімен меңгеру, информативтік үлкен мәні бар функциональдық диагностика әдістерімен танысады.
Ақпараттық- дидактикалық блок
Қан айналу жүйесі жүрек пен қан айналысының үлкен және кіші шеңберінен тұрады. Бұл жүйенің кіндігі- жүрек насос тәрізді қанды сығымдап қан тамырларына айдайды да оның үздіксіз ағысқа айналуын қамтамасыз етеді. Жүрек тоқтап қалса, табиғи ырғағы бұзылса, не әлсіресе, қан дене тіршілігіне қажет мөлшерде тармамайды да, сан қилы өз қызметін атқара алмайды. Қан айналысының үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан- қолқадан басталады. Қан қолқадан артерияларға одан әрі капиллярға (қылтамырларға) жетеді. Онда қан құрамындағы оттегі тканьге, тканьдегі көмір қышқыл газы қанға өтеді де, артериалық қан вена қанына айналады. Вена қаны капиллярлардан жіңішке венулаларға, одан әрі веналарға, жоғарғы және төменгі венаға жетеді де, сол арқылы жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Қан айналысының кіші шеңбері оң қарыншадан шығатын өкпе сабауынан басталады. Оң қарыншадан шыққан өкпе сабауындағы қан көмір қышқыл газға бай веналық қан. Бұл өкпе көпіршіктеріне қарай артериялар арқылы ағып отырып өкпе капиллярларына жетеді, осы сәтте қандағы көмір қышқыл газ өкпеге, ал оттегі керісінше, қанға өтеді де веналық қан артериялық қанға айналады. Одан әрі артериялық қан өкпеден екі-екіден жұптасып шығатын төрт вена арқылы ағып отырып сол жүрекшеге құйылады. Сонымен қан айналысының кіші шеңбері 4 өкпе венасымен аяқталады. Адамда ж.ректен шыққан қан айналысының үлкен-кіші шеңберлерімен ағып отырып, 20-30 секунд ішінде қайта оралады.
Жүрек өмір бойы белгілі ырғақпен жиырылып отырады, яғни соғып тұрады. Адамның жүрегі орта есеппен минутына 65-80 рет соғады. Жүректің жиырылуы систола, босауы диастола деп, ал систола мен диастолаға кететін мерзім жүрек қызметініғң айналымы деп аталады. Айналым уақыты жүрек соғуының жиілігіне байланысты.
Жүрек минутына 70-72 рет соқса, жүрек циклы 0,8-0,9 сек-ке тең болады. Қан айдау кезеңі аяқталысымен қарынша диастоласы басталады, ол 0,47 секундке созылады. Бұл кезеңнен тұрады: протодистола, изометрлік босау, қанға толу, пресистолалық.
Қозғыштық, қозуды өткізу, жиырылу- жүрек етінің негізгі қасиеттері. Бұл қасиеттер қаңқа еттеріне де тән. Жүрек етінің ерекшкелігі- оның автоматиялық қасиеті. Қозу жүректің өткізгіш жүйесімен қатар жүрек миоциттері арасында нексус байланыстары арқылы да тарайды. Бірақ қозу серпіні жүректің өткізгіш жүйесі арқылы тез өтеді. Қозу өткізгіш жүйе арқылы қаншама жылдам таралғанмен жүрекше мен қарынша бір мезетте жиырылмайды: алдыменжүрекшелер содан соң қарыншалар жиырылады.
Жүрек жұмысын зерттеу әдістері: Физиологиялық және клиника- физиологиялық әдістер болып екі топқа бөлінеді. Жүрек қызметін физиологилық әдіспен зерттеу үшін жануардың көкірек қуысын ашады да, жазу аспабын тікелей жүрекке тіркейді. Клиника- физиологиялық әдіс жүрек жұмысын қан шығармай тексеруге мүмкіндік береді. Бұл әдіспен әдетте сау адамның да, науқас адамның да жүрегі зерттеледі. Клиника- физиологиялық әдістер: пальпация (сипап ұстау)- жүрек түрткісінің орнын табу;перкуссия (тықылдату)- жүрек шекарасын анықтау; аускультация (тыңдау)-жүрек дыбыстарын естіп тану; фонокардиография (ФКГ)- жүрек дыбыстарын жазып алу; электрокадиография –(ЭКГ)- жүрек биотогін жазып алу; векторкардиография (ВКГ)- жүрек тогының бекторлық мөлшерін жазып алу; баллистокардиография (БКГ)- жүректің қан айдаудағы баллистикалық құбылысын жазып алу; динамокардиография (ДКГ)- жүректің қан айдауына байланысты кеуде білігінің ығысуын жазып алу; Эхокардиография- ультрадыбысты қолданып жүректің қан айдау функциясына байланысты ет құрылысының, қақпақшаларыныңі және қуыстарының өзгерістерін байқау, рентгенмен зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |