Дидактикалық мақсаты: Орталық жүйке жүйесін морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты денелік және вегетативтік деп екіге бөледі.
Денелік жүйке жүйесі (ДЖЖ) қаңқа еттерімен байланысқан, ол организмнің түрлі қимылдарын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Бұл негізінен жануарларға тән қызмет болғандықтан денелік жүйке жүйесін анимальдық деп те атайды. Ал вегетативтік жүйке жүйесі ішкі ағзалардың қызметін, зат алмасуын, өрбу үрдістерін реттейді.
ВЖЖ-нің ерекшеліктері:
1. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерден тұратын вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары орталық жүйке жүйесінің кейбір бөлімдерінде орналасқан. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің нейрондары ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөз бөлімінде, ал симпатикалық жүйке жүйесі жұлынның кеуде- бел сегменттердің бүйір ашасында орналасқан.
2. ВЖЖ қос нейронды. Олардың біреуі ми мен жұлын бөлімдерінде, екіншісі шеткі ганглийлерде орналасқан. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің ганглийлері- ағза ішіндегі интрамуральдық түйіндер, ал симпатикалық жүйке жүйесінің түйіндері жотаны бойлай әрбір омыртқаның екі жағында тізбектелген және омыртқалар алдында алысырақ орналасқан үш мойын ганглийі, оның ішінде жұлдыз тәрізді түйін, құрсақ қуысында- шапақ тәрізді түйін, шажырқайлық ганглийлер бар. Нейрондардың орталықта орналасқан жүйке талшықтары преганглийлік талшықтар деп аталады. Олар серпіністерді орталықтан ганглийге дейін жеткізеді. Екінші нейрондардың жүйке талшықтары серпіністі ганглийден шыққан соң белгілі бір ағзаға апарады, олар постганглийлік деп аталады.
3. Вегетатиытік жүйке денелік жүйкеден әлде қайда жіңішке. Преганглийлік талшығы миелинді, оның диаметрі-3,5 мкм. Постганглийлік талшық миелинсіз, диаметрі 0,5-2мкм. Парасимпаткалық постгангийлік талшықтар өте қысқа болады.
4. Әрбір ағзада симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер тарамданған.
Сабақ өтілетін орын: Оқу бөлмесі 420а, 420б, 419, 426
Сабақ жоспары және ұймдастырылу құрылымы: а)Ұйымдастырылу бөлімінде оқытушы топтары студенттерді түгелдейді, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырыпты жақсы біліп, менгрудің келмеген дәрігерлер үшін маңызын айтып түсіндіреді- 5 минут.
б) Негізгі білім денгейін тестілік сұрақтар көмегімен анықтайды.
в) Студенттердің оқытушымен бірге жұмысы.
7.Қолданылған әдебиеттер:
1. А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.
2. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ.
Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.
3. Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.
4. Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.
5. Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.
6. Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.
7. Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.
8. Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.
9. Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.