ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы оқытушыларға арналған тәжірбиелік сабақТЫҢ


Тақырып №16: Сезгіш мүшелерінің жалпы физиологиясы



бет30/34
Дата03.02.2023
өлшемі475 Kb.
#65094
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Методичка-СД-1курс-каз

1. Тақырып №16: Сезгіш мүшелерінің жалпы физиологиясы.
2.Оқу сағаттарының саны- 2 сағат
3.Тақырыптың маңыздылығы: Сезімдік жүйелер организмнің өзін қоршаған ортамен әрекеттесін жүзеге асыруда маңызды орын алын оқыту.
Дидактикалық мақсаты:
Сезімдік жүйелер организмнің өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды орын алады.
Сезімдік жүйелер немесе талдағыштар белгілі райлы ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құралған құрылымдардан тұратын жүйке жүйсінің күрделі бөлігі. Сезім мүшелерінің қабылдағыштарында (рецепторларында) тітіркену әсерінен қозу толқындары пайда болады, ол орталық жүйке жүйесіне өтеді.Сезім сигналын өткізу бірнеше рет бұлардың өзгеруі және қайта түрлендіруі арқылы атқарылады. Сезім ағзаларықабылдайтын тітіркеністерге үлкен ми сыңарлары қыртысының белгілі аймақтарында талдау жасалады. Бұл жерде ең жоғары анализ және синтез жасалынады. Сөйтіп, қабылдағыштар, қозу толқынын өткізетін жол және ми қыртысының белгілі бір аймағы организмнің тітіркендіруді қабылдауын және ажырата білуін қамтамасыз ететін біртұтас жүйе- талдағыштарды түзеді.
Талдағыштар туралы ілімді И.П. Павлов ашты. Ол, ең бірінші болып, талдағыштың үш бөліктен тұратынын айтты: қабылдағыштық (шеткі бөлімі), сезімдік нейрондар және өткізгіш жолдар (аралық), соңында сезімдік сигнальды қабылдайтын үлкен ми сыңарларының қыртысы (орталық бөлімі). Талдағыштардың әлемін тануда өте зор мәні бар. И.М.Сеченовтың айтуы бойынша, талдағыш дегеніміз- мидың сезіну ағзалары. Сыртқы дүниені тану әрдайым сезуден басталады. Ол заттардың жеке қасиеттері мен сапаларын анықтап табуға мүмкіндік туғызады.
Жоғары омыртқалы жанурлар мен адамның барлық талдағыштар жүйесіне мынадай жалпы құрылыс негіздері тән:
1. Талдағыштар жүйесі көп қабатты жүйке нейрондарынан тұрады. Олардың алғашқы қабаты қабылдағыш құрылымдармен, ал соңғысы үлкен ми сыңары қыртысының ұласқан аймақтарымен байланысты болады. Талдағыштардың мұндай құрылымы әртүрлі қабаттарда мәліметтерді өңдеуге, арнаулы бағытқа салуға мүмкіндік туғызады.
2. Талдағыштар коп жолды болады. Олардың әрбір қабатындабарлық деңгейге кезегімен серпініс жіберетін көптеген жйке элементтері бар. Бір нейрон тарамдалыс (дивергенция) арқылы жоғары деңгейде орналасқан бірнеше нейрондармен ұштасады. Ал көптеген нейрондардың тек біреуіне түйістірілісі (конвергенция) ақпаратты дәл жеткізеді.
3. Шектес қабаттарда сезіну «алқымы» деп аталатын әртүрлі элементтер саны кездеседі.
4. Талдағыштардың тура және көлденең бөлшектері боладыү Жүйке элементтерінің бір немесе бірнеше қабаттан құрылатын бөлімі тікелей ажыратылыс (дивергенция )деп аталады.
5. Сезім жүйелері тіршіліктік мәні бар ақпараттарды кері байланыс негізіәнде белсенді түйсінетін және өңдейтін үрдіс ретінде қаралады.
6. Сезім жүйесінің өрлдеуші өткізгіш жолдары ми қыртысының тұрақты және қосымша жобаланыс аймақтарында тұйықталады.
6. Әрбір сезім жүйесі қосқапталдас өлшемдестік (симетрия) түрінде құрастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет